Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Адам капиталы – трансформациялаудың табыс кепілі»

04.07.2016

2016 жылдың 4 шілдесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ында трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Адам капиталы – трансформациялаудың табыс кепілі» атты HR – форум өткізілді.

Форумға «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шүкеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ұ.Қарабалин, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуелсіз директоры Е.Баймұратов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Б.Бейсенғалиев, адам ресурстарын басқару саласындағы жетекшілер мен мамандар, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының кәсіподақ ұйымдары мен жастар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – қатысушыларға трансформациялау бағдарламасының мәні мен жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар адам ресурстарын басқару жөніндегі алдағы жоспарлар туралы толыққанды әңгіме өрбіту.

Форум барысында спикерлер компанияларға жаңа жағдайларда табысты қызмет ету үшін жүйелі өзгерістердің қажеттілігі туралы баяндады. Әсіресе, басқару жүйесінің жаңа операциялық үлгісіне шығу туралы жан-жақты сөз болды. Соған сәйкес ҚМГ директорлар кеңесі арқылы активтерді басқарудан, осылайша қоржындық инвестордың тұжырымдамасынан бас тартып, өндірістік активтерді белсенді операциялық басқаруға өтуі тиіс. Ол үшін ҚМГ корпоративтік орталығына субхолдингтерді біріктіру арқылы басқару деңгейлерінің санын тоғыздан екіге дейін қысқарту керек. Бұл жағдайда ҚМГ-нің жаңа операциялық үлгісі қызмет көрсетудің Бірыңғай қызмет көрсету орталығын құруды қарастырады, оған жекелеген қолдаушы процестерді жүзеге асыратын бөлімшелер кіреді. Бұл жерде ең алдымен HR- қызметтер, ақпараттық технологиялар, ал болашақта – есептеу мен қазынашылдық қызметтер енгізіледі.

ҚМГ басқармасы жаңа операциялық үлгі «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының тиімділігін күшейтуге мүмкіндік беріп, міндеттерді қайталауға жол бермей, қабылданатын шешімдердің жылдамдығын және тиімділігін арттыратынына сенімді.

ҚМГ адам ресурстарын басқару және еңбекақы жөніндегі басқарушы директоры Серік ӘбденовҚМГ компаниялар тобы бойынша басты HR- жобаларды жүзеге асыру нәтижелерімен және адам ресурстарын басқару жөніндегі жаңа ұйымдық құрылыммен таныстырды.

Форумның екінші бөлімін «Самұрық–Қазына» Корпоративтік университеті» ЖММ директоры Гүлмира Райысова «Көшбасшылық және корпоративтік мәдениет» атты баяндамасымен ашты. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы жөніндегі блоктың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері баяндамалар жасап, ҚМГ компаниялар тобында қызметкерлерді бағалау мен дамыту, жұмысқа ашық түрде қабылдау жүйесі, ынталандыруды басқару, HR-үдірістерді автоматтандыру мен әлеуметтік ахуалды бақылау жөніндегі көптеген мәселелерді егжей-тегжейлі ашып көрсетіп берді.

#PHOTOBLOCK_812#

#VIDEOBLOCK_814#

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>