Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Тиімділік және әлеуметтік кепілдіктер

21.06.2016

ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ арасындағы Өзара қарым-қатынастар туралы Шартқа өзгерістер бойынша ұсыныстар өндіру компаниясының жүйелік проблемаларын шешуге және оның еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтауға бағытталған

2016 жылдың 21 маусымында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ында («ҚМГ ҰК») ҚМГ ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың қатысуымен баспасөз брифингі болып өтті. Ұлттық компания басшысы журналистерге еншілес кәсіпорын - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») Жарғысына, ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ арасындағы Өзара қарым-қатынастар туралы Шартқа өзгерістер енгізу бойынша ҚМГ ҰК-ның ұсыныстары туралы баяндап берді. Ол сондай-ақ ҚМГ ҰК-ның ұсыныстары туралы айтты. Бұл ұсыныстар не болмаса қалыптасқан трендтегі акцияларының белгіленуі кейбір акционерлердің көңілінен шықпаған жағдайда ҚМГ ҰК оларға балама ретінде БӨ акциясынан акцияларын сату жолымен шығуды ұсынады. Әрине, бұл жағдайда ҚМГ ҰК ешкімге де акциясын сатуға міндеттей алмайды.

Сауат Мыңбаев мәлімдеді: «ҚМГ ҰК-ның ұсыныстарының мақсаты операциялық тиімділікті арттыру болып табылады. Мұнай бағасының құлдырауы жағдайында басқару мен өндірістік процесте жүйелік проблемалар шыға бастады. Компания қайтадан пайдаға шығуды бастау үшін ол проблемаларды шешу қажеттілігі туып отыр. Біз операциялық және әкімшілік шығындарды қысқартуға, бизнес-процестерді стандарттауға және жанама мен қызмет көрсету функцияларын аутсорсингке шығаруға бағытталған әкімшілік-басқару персоналына қатысты бірқатар дағдарысқа қарсы шараларды ұсынамыз».

ҚМГ ҰК акционерлер ҚМГ ҰК ұсыныстары бойынша дауыс бере алуы үшін ҚМГ БӨ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (АКТЖЖ) шақыру туралы ресми түрде жүгінді. Аталған ұсыныстардың бекітілуі үшін АКТЖЖ-да дауыс берген миноритарлық акционерлердің басым көпшілігі қолдауы тиіс. Акционерлер жиналысы 2016 жылдың 3 тамызында өтеді.

Бұл ұсыныстар туралы егжей-тегжейлі ақпарат пен тиісті құжаттар ҚМГ ҰК сайтында орналастырылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>