Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ екі еншілес мұнайсервистік компаниясын біріктіреді

13.06.2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің ҚМГ БӨ еншіліс компаниялары «Жөндеу» ЖШС және «КРУЗ» ЖШС-ын «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ына біріктіру шешімі туралы хабарлайды. Кәсіпорындардың біріктірілуі еншілес компанияларды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

- Ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша ұқсас қызметтер жүргізетін біздің еншілес кәсіпорындарды біріктіру, бірлескен мұнайсервистік компаниялардың бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және еліміздің басқа өңірлеріне шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп атап айтты ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев. – Маңыздысы, бұл екі компанияның біріктірілуі қазіргі уақытта онда жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді қысқартуға әкеліп соқтырмайды. «КРУЗ» ЖШС және «Жөндеу» ЖШС кәсіподақтары бұл шешімді қолдайды, өйткені, кәсіпорындардың біріктірілуі қосымша жұмыс көлемін алуға және компанияның нарықтағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындарды біріктіру бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді есепке алғанда, «КРУЗ» ЖШС және «Жөндеу» ЖШС біріктіру 2016 жылдың 1 қазанына қарай аяқталуы тиіс деп болжануда. Кейіннен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ны акционерлік қоғам ретінде қайта құру жоспарлануда, бұл кәсіпорынға қажетті дербестікті беруге мүмкіндік береді, менеджменттің қажетті жауапкершілігін, сондай-ақ корпоративтік басқару талаптарына сәйкестілігін және ашықтықты қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындарды біріктіру 2015 жылы жүргізілген, нәтижесінде «Кен Құрылыс Сервис» ЖШС-ға «Кендірлі Құрылыс»ЖШС және «Жол-Сервис» ЖШС біріктірілген, құрылыс компанияларын қайта құрылымдау үйлестігі бойынша жүргізіледі.

Анықтама:

«Жөндеу» ЖШС 1998 жылдың тамызында құрылды және ҚМГ БӨ-нің100%-дық еншілес ұйымы болып табылады. «КРУЗ» ЖШС 1997 жылдың қазанында құрылды және ҚМГ БӨ-нің100%-дық еншілес ұйымы болып табылады. Екі кәсіпорында Маңғыстау облысында Өзен кен орнында пайдаланымдағы ұңғымаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>