Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнайшылардың алғашқы халықаралық геологиялық сапары

20.05.2016

25 сәуір мен 1 мамыр аралығында Орал-Атырау-Ақтау бағыты бойынша аймақта Бірінші халықаралық геологиялық сапар (даладағы көшпелі конференция) өтті. Оған Chevron, Eni, Shell, ExxonMobil, Total, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚМГ ЖБТ» ҒЗИ» ЖШС, «НИПИнефтегаз» АҚ, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС сынды белгілі мұнай-газ компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттардың жетекші мамандары атсалысты.

Конференция аясында геолог мамандар өзара тәжірибелерімен және білімдерімен алмасты, компаниялардың қызметкерлерінің арасындағы өзара байланыс арттырылып, аймақтағы геологияның шешуші өзекті мәселелері (проблемалар, игерудегі тәуекелдер), Қазақстандағы ірі кен орындарының, атап айтқанда карбонатты коллекторлары бар кеніштердің сипаты мен игерілуі талқыланды, қатпарды басқарудағы тәсілдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді және алынды. Компания мамандарымен қатар, Б.М.Қуандықов, А.А.Крупин, В.П.Котов, Н.Г.Матлошинский, Х.Б. Әбілхасымов сынды Қазақстанның мұнай өндірісінің белді қайраткерлері баяндама жасады. Оралдан Атырауға шыққан қатысушылар жолай «Индер» тұзды көліне және ежелгі «Сарайшық» қаласының орнына ат басын тіреді. Сондай-ақ, Ақтау қаласынан Қаратау арқылы Маңғыстау облысына сапар ұйымдастырылды. Қатысушылар Атырау мен Ақтау қаласындағы ғылыми-зерттеу институттардың зертханаларына барды. Геологиялық сапардың жетінші күні олар Өзен, Жетібай, Теңге, Басболат, Қарамандыбас, Шығыс Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Арман және Жалғызтөбе кеніштерін ашуға атсалысқан танымал геолог, Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Васильевич Нечаевті Жеңіс күнімен салтанатты жағдайда құттықтады.

Бұл шараны ұйымдастыруға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «ҚМГ Қашаған Б.В.» мұрындық болғанын, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани», «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ, «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ, Қазақстанның Мұнайшылар-Геологтар Қоғамы қолдау көрсеткенін атап өткен жөн.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>