Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

БАҚ үшін мәлімдеме

11.05.2016

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) Румынияның Ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - D.I.I.C.O.T.) 2016 жылғы 09 мамырдағы KMG International N.V. (бұдан әрі - ҚМГИ), Oilfield Exploration Business Solutions S.A. және Rompetrol Rafinare S.A. компанияларын 14 жеке тұлғаға материалдық залал келтіру туралы қылмыстық тергеу шеңберінде азаматтық жауапкерлер ретінде тарту туралы шешімінен хабардар екенін ресми мәлімдейді.

ҚМГ, сондай-ақ D.I.I.C.O.T. талаптары 1999-2003 жылдарға, яғни ҚМГ ҚМГИ-дің иесі болмаған кезеңге жататынын мәлімдейді.

Rompetrol Rafinare компаниясын жекешелендіру 2000 жылы болды. Румыния Үкіметі мен Rompetrol Rafinare арасында облигациядағы тарихи қарызды өзгерту туралы келісім 2003 жылы жасалды.

ҚМГ ҚМГИ (бұрынғы The Rompetrol Group N.V.) компаниясының 75% акциясын әлдеқайда кейінірек 2007 жылы сатып алды.

2007 жылы ҚМГИ (бұрынғы The Rompetrol Group N.V.) компаниясын сатып алып жатқан сәтте ҚМГ немесе ҚМГИ жоғарыда айтылған D.I.I.C.O.T.жүргізіп жатқан тергеу туралы ресми түрде хабардар етілген жоқ.

ҚМГ аталмыш оқиғаның ҚМГ-ны Румынияда одан әрі дамыту бойынша стратегиялық міндеттері мен жоспарларына теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтеді.

ҚМГ D.I.I.C.O.T. талабын егжей-тегжейлі зерттейді және ұлттық және халықаралық құқық аясында өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

ҚМГ компанияның румындық билікпен қалыптасқан ынтымақтастығының арқасында тергеу қысқа мерзім ішінде және барынша ашық жүргізілетініне сенімді.

ҚМГ барлық тергеу барысында Румыния Үкіметі және жергілікті билікпен ынтымақтастық үшін өзінің ашықтығын мәлімдейді.

Сонымен бірге компания жұртшылықты, өз клиенттерін және әріптестерін «Petromidia» МӨЗ мен «Rompetrol» жанар-жағар май құю бекеттері жүйесінің қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырып жатқандығы туралы ресми хабардар етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>