Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Экологиялық жауапкершілік: ҚМГ қызметкерлері жыл басынан бері 14 мыңнан астам ағаш отырғызды

25.04.2026

ҚазМұнайГаз компаниялар тобы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына белсенді қатысуды жалғастырып, елді көгалдандыруға өз үлесін қосуда.

Бүгін Астанадағы «ҚазМұнайГаз саябағы» және ұлттық компания өз қызметін жүргізетін өңірлерде — Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 7,5 мыңнан астам ағаш егілді. Сенбілікке шамамен 3 мың адам қатысты. Бұған дейін жыл басынан бері 7 мыңнан астам түп көшет отырғызылған болатын.

Жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген терек, қайың, қарағай және басқа да ағаштар егілді.

2026 жылдың соңына дейін ел бойынша 250 000 жасыл желек отырғызу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында елордада аумағы 6 гектарды құрайтын «ҚазМұнайГаз саябағы» ашылған болатын. Онда 1300-ден астам ағаш отырғызылды. Саябақ Тұран көшесіндегі «Ғарыш сапары» кешенінің жанында орналасқан. ҚМГ биыл да аумақты абаттандыру жұмыстарын жалғастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>