Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық нәтижелер

27.04.2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық нәтижелерді жариялайды. ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2016 жылдың бірінші тоқсанында 3 043 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегі деңгеймен шамалас.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 387 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 48 мың тоннаға (тәулігіне 4 мың баррель) немесе 4%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 702 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 20 мың тоннаға (тәулігіне 2 мың баррель) көп. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 089 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрап, 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық болды және өндіру жоспарына сәйкес келеді.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2016 жылдың бірінші тоқсанында 954 мың тоннаны (тәулігіне 78 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6% кем, бұл ең алдымен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейін жоспарланған төмендетумен байланысты.

2016 жылдың бірінші тоқсанында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сату көлемі 2 050 мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 220 мың тонна (тәулігіне 97 мың баррель) мұнай экспортқа, бұл жалпы сатылым көлемінің 60% құрайды; және 830 мың тонна (тәулігіне 66 мың баррель) мұнай және мұнай өнімдері ішкі нарыққа. Бұдан басқа 3 мың тонна мұнай өнімдері ішкі нарыққа сатылды.

ӨМГ және ЕМГ-дан ішкі нарыққа жеткізілген 830 мың тонна (тәулігіне 66 мың баррель) мұнай және мұнай өнімдерінің 580 мың тоннасы (тәулігіне 46 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жеткізілді, 250 мың тоннасы (тәулігіне 20 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-нің үлесі 965 мың тонна мұнайды (тәулігіне 79 мың баррель) құрады, оның 559 мың тоннасы (тәулігіне 44 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 58%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 406 мың тонна (тәулігіне 35 мың баррель) жөнелтілді, оның 292 мың тоннасы (тәулігіне 25 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізілді, 114 мың тоннасы (тәулігіне 10 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына жеткізілді.

2016 жылдың бірінші тоқсанында мұнай сату (мың тоннамен)

Мұнай сату

Экспорт

Ішкі нарық

АМӨЗ

ПМХЗ

Шымкент МӨЗ

ӨМГ жәнеЕМГ

2 050

1 220

830

580

250

0

CCEL, ҚГМ, ПҚИ (ҚМГ БӨ үлесі)

965

559

406

292

0

114

2016 жылдың бірінші тоқсанында мұнай сату (тәулігіне мың баррельмен)

Мұнай сату

Экспорт

Ішкі нарық

АМӨЗ

ПМХЗ

Шымкент МӨЗ

ӨМГ жәнеЕМГ

163

97

66

46

20

0

CCEL, ҚГМ, ПҚИ (ҚМГ БӨ үлесі)

79

44

35

25

0

10

2Р санатындағы сұйық көмірсутегінің жалпы қорлары

Бұған дейін 2016 жылдың 25 ақпанындағы баспасөз хабарламасында хабарланғанындай, ДеГольер есебіне сәйкес, ҚМГ БӨ-нің ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлесін есепке алмағанда, 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сұйық көмірсутегі қоры «дәлелденген плюс ықтимал» (2P) санаты бойынша 152 млн. тоннаны (1 115 млн. баррель) құрады, бұл 2014 жылдың соңындағы бағалауға қарағанда 15%-ға көп.

Бірлескен кәсіпорындар қорларын бағалауды қорлар бойынша жеке тәуелсіз аудиторлар жүргізеді[1]. «Қазгермұнай»БК»ЖШС (50%), CCEL (CCEL) (50%) және «ПетроКазақстан Инк» (ПКИ) (33%) компанияларындағы 2Р санаты бойынша сұйық көмірсутегі жалпы қорларында ҚМГ БӨ-нің үлесі 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 41 млн.тоннаны (294 млн.баррель) құрады. Осылайша, ҚМГ БӨ-нің ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлесін есепке алғанда, «дәлелденген плюс ықтимал» 2Р санаты бойынша жалпы сұйық көмірсутегі қорлары 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 193 млн.тоннаны (1 409 млн.баррель) құрады.

[1] 2015 ж. 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚГМ және CCEL қорларын бағалауды «Miller and Lents, Ltd.» , ПҚИ қорларын бағалауды «McDaniel» компаниясы жүргізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>