Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ еншілес және бірлескен компанияларында жаңа басшылар сайланды

19.04.2016

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ(бұдан әрі «ҚМГБӨ», «Компания») ҚМГ БӨ еншілес және бірлескен ұйымдарында жаңа басшылар сайланғаны туралы хабарлайды.

«Өзенмұнайгаз» («ӨМГ») АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ӨМГ бас директоры (басқарма төрағасы) болып 2016 жылдың 19 сәуірінен бастап Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы сайланды. Ол бұл қызметті ҚМГ БӨ бас директорының орынбасары лауазымымен қоса атқаратын болады.

18 сәуір, дүйсенбі күні ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев ӨМГ ұжымына жаңа басшыны таныстырды және өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда, мұнай өндіруді тұрақты деңгейде ұстап тұруда атқарған жұмысы үшін Мақсат Ибағаровқа алғысын білдірді.

- Компания басшылығы атынан Мақсат Ибағаровқа қиын кезеңде компанияны табысты басқарып, атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіремін, - деді Құрмангазы Есқазиев. – Өз кезегінде Дәулетжан Хасанов үш жыл бойына «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті болды, бұл тәжірибелі маман, білікті басшы. Оның ӨМГ ұзақмерзімді стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін салатынына сенімдімін.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып Қайырбек Елкусінов тағайындалды, соынмен қатар ол бұл жұмысты ҚМГ БӨ-де «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары бойынша бас директордың орынбасары лауазымымен қоса атқаратын болады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Директорлар кеңесінің шешімімен ҚБМ президенті болып 2016 жылдың 19 сәуірінен бастап Қайыржан Есен Қайыржанұлы сайланды. ҚБМ-да кездесу барысында ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Дәулетжан Хасановқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді және ҚБМ жаңа басшысы алдына жаңа міндеттерді қойды.

Өмірбаян деректемесі

Дәулетжан Хасанов 1971 жылдың 21 қазанында дүниеге келген. ӨМГ бас директоры болып сайланғанға дейін «Қаражанбасмұнай»АҚ Президенті, «Технологиялық транспортты басқару және скважиналарға қызмет көрсету» ЖШС бас директоры, ҚМГ БӨ активтерді басқару бойынша басқарушы директор лауазымдарын атқарған. «Қазгермұнай»БК»ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ және ӨФ, «Каспий Нефть - ТМЕ» АҚ, «EuroAsia Group» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Казахойл-Эмба» ААҚ, «Қазақтелеком» ААҚ және «Тениз» АҚ компанияларында жұмыс істеді. Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан ауылшаруашылығы институтын және Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған.

Есен Қайыржан 1962 жылы 15 қарашада дүниеге келді. ҚБМ президенті болып сайланғанға дейін «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры лауазымын атқарды, «Құмкөл-ЛУКойл» АҚ, «Южнефтегаз» МАҚ компанияларында, «Жетыбайнефть» МГӨБ, «Мангышлакнефть» бірлестігінде жұмыс істеді. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В.П. Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, РФ Үкіметі жанындағы МБМ ЖКБ Халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.

Қайырбек Елеусінов 1960 жылы 18 сәуірде дүниеге келді. И. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-газ институтын бітірді. ҚМГ БӨ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» ӨФ, «Ембімұнайгаз» ӨФ әртүрлі лауазымдарды атқарды, «Узеннефть» МГӨБ-те жұмыс істеді.

Анықтама

ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгаз» АҚ акцияларына100% иелік етеді. Компания 2012 жылы өндірістік филиалдан «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен құрылды. ҚМГ БӨ 2007 жылдан бері CCEL «Қаражанбасмұнай» АҚ 50% үлесіне иелік етеді. ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 152 млн. тоннаны (1 115 млн. баррель) құрады. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>