Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да ішкі оқыту

14.04.2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да оқытудың «70/20/10» жаңа үлгісін және сәйкесінше ішкі оқыту мәдениетін енгізу шеңберінде ішкі тренерлер иституты құрылды. Ішкі тренерлер құрамына өз бағыты бойынша тәжірибесі мол және өз саласының сарапшылары болып табылатын қызметкерлер енді.

2016 жылдың наурыз айында оқыту және тренерлердің оқыту дағдыларын жетілдіру, шешендік шеберліктерін дамыту, сонымен қатар тренерлерді оқытудың ең белгілі және өзекті тәсілдерімен таныстыру мақсатында «Ішкі тренерлер үшін тренинг» семинары ұйымдастырылды.

Семнарды өткізуге бизнес-тренер, коуч, қызметкерлерді оқыту және дамыту бойынша сарапшы Юлия Шива шақырылды. Юлия Шиваның негізгі жетістіктері - Қазақстандағы Beeline компаниясында өз бетімен оқитын ұйым жаңа стратегиясын әзірлеу және іске асыруды бастау, тренерлік шеберлікті дамыту бойынша авторлық тренингтерді әзірлеу, қызметкерлердің барлық санаттары үшін оқыту жүйесін әзірлеу және Қазақстандағы Сбербанк АҚ ЕБ Корпоративтік университетін ашу.

«Ішкі тренерлер үшін тренинг» екі оқу модулінен тұрады.

Қазіргі таңда ішкі тренерлер тізіміндегі қызметкерлер семинардың бірінші модулінен өтті, оның барысында білімімен бөлісу және оқыту дағдыларына үйренді, сонымен қатар оқу бағдарламалар әзірлеу және әрі қарай оқу үдерісін нәтижелі өткізу үшін қажет теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгерді.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының екінші онкүндігінен бастап ішкі тренерлердің белгіленген тақырыптар бойынша қажеттіліктері бар ҚМГ қызметкерлері үшін алғашқы семинарлар өткізіле бастайды.

Осы семинарлардың қорытындылары бойынша «Ішкі тренерлер үшін тренингтің» екінші модулі ұйымдастырылады, оның барысында тренерлік қызметті одан әрі жақсарту үшін оқу іс-шарасын өткізу барысында ішкі тренерлерге кездесуі мүмкін, түзетуді және жақсартуды талап ететін сәттер талданып, түзетілетін болады.

#PHOTOBLOCK_794#

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>