Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да ҚМГ трансформациясы бағдарламасының «Диагностика және Дизайн» 1-кезеңінің жабылуына арналған Ақпарат күні өтті.

07.04.2016

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да ҚМГ трансформациясы бағдарламасының «Диагностика және Дизайн» 1-кезеңінің жабылуына арналған Ақпарат күні өтті.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ӨмірзақШөкеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы СауатМыңбаев, ҚМГ өндірісті әлеуетті дамыту бойынша басқарма төрағасының орынбасары – «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ҚР-дағы ЖШКФ бас директоры ГлебЛюксембург, ұлттық компания корпоративті орталықтың, мұнай барлау, өндіру, өңдеу және маркетингі бойынша еншілес ұйымдардың, сондай-ақ ҚМГ және «Самұрық-Қазына» трансформация командаларының басқа басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Өмірзақ Шөкеев Қор және жалпы Қазақстандағы Трансформация бағдарламасының мәні, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы нәтижелері мен жоспарлары, ҚМГ-ның трансформация бойынша бірлескен жобаларын іске асыруға үлесі жайында айтты. «Трансформация жайлы айтқанымызда көп адамдар бұның барлығын теория ретінде қабылдаған. Бұл олай емес. Бұның барлығы практикалық түрінде жүзеге асады. Бүгін ҚазМұнайГазда жасаған жоспарларды жүзеге асыру кезеңі басталды. Трансформация компанияны жаңа сапаға шығарады. Қарапайым тілмен айтсақ, трансформация дегеніміз нарықтағы өзгерістерді алдын-ала байқау, уақытында анықтау, түсініп, соған сәйкес құрылымдық өзгеруді білдіреді. Компанияларға тұрақты өзгерістерді қабылдау өте маңызды, себебі олар нарықтағы жағдайларға уақытында бейімделіп үлгеруі тиіс», - деп нақтылап атап өтті Қор басшысы.

Ақпарат күні барысында 1-кезең нәтижелерін жүргізу және ҚМГ Трансформация бағдараламасының «Оқшаулау» 1.2-кезеңіне жоспарын талқылау өтті. Сауат Мыңбаев өз құттықтау сөзінде атап өткендей, сыртқы факторлар «ҚазМұнайГазға» жағымсыз әсер етеді. Жаңа жағдайда сәтті қызмет ету үшін жүйелі өзгерістер қажет. Трансформацияның бірінші жылы ҚМГ-ның қазіргі ахуалын, мүмкіндіктері мен әлеуетін шынайы бағалауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта компанияның жаңа операциялық моделі концептісі дайындалған. Оған сәйкес, «ҚазМұнайГаз» директорлар кеңесі арқылы активтерді басқаратын портфельді инвестор концептісінен бас тартып, өндірістік активтерді белсенді операциялық басқаруға көшуі керек.

ҚМГ басшысы сөзіне сәйкес, басқару деңгейлерін азайту керек. Қазір олар саны 9, ал ең жақсысында ҚМГ корпоративті орталығына субхолдингтерді біріктіру арқасында 2 қалу керек.

Бұған қоса, ҚМГ-ның жаңа операциялық моделінде жеке қолдау үрдістері, бірінші кезекте – ақпараттық технологиялар, ал болашақта – есепшілік пен қазынашылық шығарылатын Жалпы қызмет көрсету орталығын жасау көзделген.

Қорытындысында Сауат Мыңбаев жаңа операциялық модель «ҚазМұнайГаздың» нәтижелілігін арттыруға, қызметтердің қайталануының алдын алуға мүмкіндік беретіндігін, қабылданатын шешімдер жылдамдығы мен нәтижелілігін арттыратындығына сенім білдіретінін атап өтті.

Жобалық команданың 1-кезеңдегі жұмысының қорытындысын Глеб Люксембург жасады. Ол трансформацияның «ҚазМұнайГаз» жүйесінің барлық кезеңдерінде жүйелі өзгерістердің ұзақ мерзімді жобасы екендігін және оның бір уақытты нәтижелерге жетуге мақсатталмағанын атап өтті. Трансформацияның келесі кезеңдері аясында ҚМГ-дағы кейбір бизнес-үрдістерді өзгерту үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін. Дегенмен бұлар компания қызметінде нақты шынайы жұмыс істейтін жетілдірулер болады.

Кездесу салтанатты түрде 1-кезеңді жүзеге асыруда ерекше көрсеткен ҚМГ Трансформация бағдарламасы бас демеушілері, «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазына» трансформация командалары мен еншілес ұйымдардың ең жақсы өкілдерін марапаттаумен аяқталды. Сәйкес номинациялардағы жеңімпаздар ҚМГ ГС ұжымында жалпы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Атап айтқанда, «Трансформация мақсаттарын ілгерілетуде көрсеткен көшбасшылығы үшін» құрметі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративті даму бойынша Басқарма төрағасы орынбасары Данияр Берлібаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» бас директоры Данияр Тиесовке берілді.

«КМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ҚР ЖШКФ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ҚМГ Трансформациясы бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын еншілес ұйымы. Компания ұжымына ағымдағы жұмыстарынан толықтай босатылуы шарттарымен «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының ең жақсы мамандары, сондай-ақ трансформацияны қосқанда ірі халықаралық мұнай және газ жобаларында қатысу тәжірибелері бар сыртқы сарапшылар кірген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>