Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2016 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясы мұнай өндіру көлемін төмендетпеуі мүмкін

17.03.2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев 2016 жылы компанияның мұнай өндіру көлемін төмендетпейтінін айтты.

Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Республика деңгейінде жұмыс істеп жатқан кейбір компанияларда биылғы жылы өндіру көлемінің ары қарай төмендеуі мүмкіндігі бар екеніне тоқталған ол, «Ал осы тұрғыда «ҚазМұнайГаз» бойынша бұндай төмендеу болмайды деп үміттенеміз. Бұл ретте біршама өсім де болуы ықтимал»,-деді С. Мыңбаев.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай бағасының төмен жағдайында бүгінде шағын компаниялардың ахуалы қиындау болып тұр.

Осы ретте С. Мыңбаев республика бойынша өндіру көлемінің қысқаруы шағын мұнай өндіру компаниялары және «Қарашығанақ петролеум оперейтинг» есебінен болғанын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өндіру көлемін 1 пайызға арттырды. 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында мұнай мен газ конденсатының шоғырландырылған өндіру көлемі 22 млн. 670 мың тоннаны құрады. Табиғи және ілеспе газды өндіру 7 255 млн. текше метрге жетті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>