Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бензин бағасына мерекелік жеңілдіктер жасалуда деп хабарлайды

14.03.2016

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Наурыз мейрамына орайластырылған кезекті акция туралы хабарлайды! 14 наурыздан бастап «ҚазМұнайГаз» МҚС жүйелерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы төмендетілді, бір литрдің бағасы 118 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап «ҚазМұнайГаз» МҚС жүйелерінде «ҚазМұнайГаз Клуб» картасын иеленушілерге жеңілдіктер жүйесі жұмыс істейтінін хабарлайды. Клуб картасы бензинге жеңілдіктер жүйесіне сәйкес үш деңгейде қолданылады: Standard, Silver және Gold (кейбір мемлекеттік реттеу белгіленбеген сұйытылған мұнай газы мен бензиннің түрлеріне). Айына 150 литр бензин құйған клиент Standard деңгейі бойынша 1 литрға 1 теңге жеңілдік алады, ал 150 литрден 349 литрге дейін сатып алынса Silver деңгейі беріледі және 1 литрге 2 теңге жеңілдік жасалады, ал айына 350 литрден жоғары алынса Gold деңгейі беріліп 1 литрге 3 теңгеден жеңілдіктер жасалады.

Сонымен қатар, тек клуб карталарының иелері 31 мамырға дейін 300 литр отын сатып алса, бағалы сыйлықтар және үш автокөлік ойналатын ұтыс акцияларына қатыса алады.

Ал клуб картасын алғашқылардың бірі болып сатып алғандарға сыйлыққа 2016 жылғы 31 мамырға дейін Gold деңгейінің жеңілдіктері беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>