Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
03.03.2016
С.Мыңбаев Мемлекет басшысына ұлттық компанияның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады.
Кездесуде өндірістік-қаржы қызметі мәселелері қозғалып, компанияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпарат көзі: www.akorda.kz