Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай-газ өндіру компанияларының мамандары «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірісті дамыту тәжірибесімен танысты

29.02.2016

25-26 ақпан күндерінде «Ембімұнайгаз» АҚ –да (ЕМГ АҚ) «КМГ Глобал Солюшнс Б.В» (Трансформация бағдарламасының операторы) мекемесінің бастауымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларынан келген қытайлық, қазақстандық мамандардың бас қосуы өтті.

Шараның мақсаты – ЕМГ АҚ-дағы өндірісті дамыту тәжірибесімен таныса отырып, жаңа бастаманы өз мекемелерінде тарату. Маңғыстау облысынан келген делегацияның құрамында бас директорлардың орынбасарлары, департамент, бөлім басшылары, өндірісті автоматтандыру бағытындағы жауапты мамандар болды.

«Ембімұнайгаз» АҚ-ғы «Интеллектуалды кенорын» және «Мұнай кәсіпшіліктері жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету процестерін оңтайландыру» жөніндегі өндірісті келешекте дамыту Конференциясы үстіміздегі жылдың 5-ақпанында ЕМГ АҚ бас кеңсесінде өткен болатын. Бұл пилоттық жобалар өндіріс шығындарын азайту мен еңбек өнімділігін арттыруды көздейді.

ЕМГ АҚ өндірісті автоматтандыру орталығының мамандары делегация мүшелерін Интелектуалды кен алаңдарының технологиясын өнім өндіру жабдықтарына орнату арқылы ақпараттарды дереу алу жолдарымен және алғашқы нәтижелермен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел басында жоба бойынша нақты сауалдарға жауап берілді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қазыбек Қиынов ЕМГ АҚ ұсынып отырған жаңа технологияның өндіріске таралуын өте орынды санайды.

- Батыс елінің компанияларында бұл технология көптен бері қолданыста. Олар бүгінде сулану деңгейі 98 пайызға дейін көтерілген ұңғымалардан өнім алуда жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Жаңа технологияны ЕМГ АҚ қолданысқа енгізуі өте құптарлық, жаңа бастамаға біз де қызығушылық танытып отырмыз.

- ЕМГ АҚ мамандарының заманауи IT технологиясын меңгеріп, осы бағытта еңбек етулері бізді қуантып отыр. Әсіресе, SAP жүйесі, оның көпатқарымдылық жұмыстары бізге үлкен әсер етті. Бүгінгі мұнай бағасының құлдырауы кезінде мұндай жаңа технологиялардың өндіріске енуі өте өзекті,- деп атап өтті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының коммерциялық сауалдар жөніндегі орынбасары Чжен Чэнху.

Шара соңында делегация мүшелері өзара кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өкілдері ЕМГ АҚ өндіріске жаңа технологияны енгізу тәжірибесін жоғары бағалады. Өндіріс жаңалықтары туралы тәжірибе алмасу бағытындағы мұндай кездесулерді жиі ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын да айта кетті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Трансформация бағдарламасы 2014 жылдың қазан айында іске қосылған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында іске асырылуда және ол «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ компаниялар тобының қызмет тиімділігін арттыру үшін озық тәжірибелерді енгізуге, басқару технологияларын жаңартуға, жетілдіруге бағытталғанын еске саламыз.

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ–ның еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз»АҚ құрамына 6 өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді: «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы және Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен комплектациялау (ӨТҚЖжЖК) басқармасы. «Ембімұнайгаз» АҚ балансында 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Адам саны – 5560.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>