Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Өз мамандығының үздігі» кәсіби шеберлік байқауы

25.02.2016

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев жыл сайын өтетін «Өз мамандығының үздігі» байқауының өткен жылғы жеңімпаздарымен кездесті. Байқауда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 16 компаниясының қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктіліктері бойынша сынға түскен. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» Барлау.Өндіру» АҚ пен оның еншілес кәсіпорындары, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «KMG-Securiti» ЖШС, «Ақтаумұнайсервис» АҚ және басқалары бар.

Байқау барысында оператор, электромонтер, слесарь және дәнекерлеуші сынды оннан астам мамандықтар бойынша үздіктер анықталды. Қатысушылар өздерінің күнделікті атқарып жүрген жұмыстарын теориялық және тәжірибелік жағынан көрсетуге мүмкіндік алды. Жеңімпаздарды анықтаудағы басты өлшем ретінде олардың кәсіби машығы, тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен қауіпсіздік техникасын сақтауы назарға алынды.

Ынталандыру ретінде жеңімпаздарға медальдар мен мақтау қағаздар, сондай-ақ еңбекақыға үстеме ретінде қаржылай сыйақы берілді.

Байқауға қатысушыларды құттықтаған Сауат Мыңбаев қазіргі әлемдік дағдарысқа байланысты мұнай бағасының тұрақсыздығына қарамастан жұмыскерлерге әлеуметтік қолдаудың қазіргі деңгейі сақталатынын тілге тиек етті.

– Бұл ҚМГ компаниялар тобының бизнес-бағыттардың көпшілігі бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуінің арқасында мүмкін болып отыр. Аталған заңды нәтиже – әкімшіліктің, жұмыскерлер мен кәсіподақтардың жұмыла жұмыс істегенінің айқын көрсеткіші. Сіздерге, «ҚазМұнайГаз» компаниясының өндірістік ұжымына адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер,– деді Басқарма төрағасы кездесуге келген қатысушыларға.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау еңбеккерлердің кәсіби біліктіліктерін шыңдауға көмектеседі. Мамандыққа қатысты түрлі құпияларды біліп, өзара тәжірибе алмасу арқылы жас кәсіби мамандар өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, біліктіліктерін жетілдіреді, өз кәсіпорындарының ұжымдарына жаңа идеялар мен ұсыныстар енгізеді.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>