Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2015 және 2016 жылдардағы ішкі нарыққа жеткізілімдер

24.02.2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2015-2016 жылдардағы ішкі нарыққа жеткізу бағасы туралы хабарлайды.

2015 жылға дейін Компания ішкі нарыққа жеткізілімдерді ІРО Проспектісінде көрсетілген көлемнің аясында (2006 жылдан 2010 жылға дейін 1,9 млн. тоннадан артық емес, 2011 жылдан 2015 жылға дейін директорлар кеңесінде бекітілген Компанияның бизнес жоспарына көрсетілген көлемдердің аясында) жүргізіп келді. Проспектіде көрсетілгендей, ішкі нарыққа жеткізу бағасы өнімнің өзіндік құнына плюс 3 пайызға тең болады, бұл ретте өзіндік құн бір тонна шикі мұнайды өндіру құны плюс тасымалдау және әкімшілік шығандар ретінде есептелінеді. 2012 жылдан 2014 жылға дейін ішкі нарыққа жеткізілімдер өндірудің өзіндік құнынан 3 пайызға артық маржамен жүргізіліп келді.

2015 жылдың ішінде «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ҚМ) орташа есппен жылына АМӨЗ-де тоннасына 21 228 теңге, ал ПМХЗ-ында тоннасына 31 923 теңге көлемінде төлем жасап келді. Аталған ішкі нарыққа жеткізу бағалары ҚМГ БӨ тәуелсіз директорлармен келісілген жоқ. ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҰК[1]/ҚМГ ҚМ менеджменті арасындағы ұзаққа созылған келіссіздердің нәтижесінде 2015 жылы ішкі нарыққа жеткізу бағасын АМӨЗ және ПМХЗ-де тоннасына 37 000 теңге көлемінде белгілеуге қол жеткізілді. Аталған баға ҚМГ БӨ ІРО-ға шыққан кезде қол қойылған ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҰК арасындағы өзара қарым-қатынас туралы келісімшарттың талаптарына сәйкес, өзіндік құн плюс 3 пайыз көлеміндегі есептік деңгейге мейлінше жақындастырылған.

Қазіргі таңда ҚМГ БӨ менеджменті мейлінше тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында 2016 жылы ішкі нарыққа жеткізу шарттары бойынша ҚМГ ҚМ келіссөздер жүргізуде. 2016 жылы ҚМГ БӨ-нің ішкі нарыққа жеткізу көлемі бюджетке сәйкес 2,4 млн. тоннаны құрайды. ҚМГ БӨ бюджетінде 2016 жылы ішкі нарыққа сату бағасы АМӨЗ-де тоннасына 17 100 теңге, ал ПМХЗ-де тоннасына 28 802 теңге көлемінде белгіленген. Аталған 2016 жылға арналған бағаны Компанияның тәуелсіз директорлары мақұлдамады.

Өзара қарым-қатынас келісімшарты

Компанияның және ҚМГ ҰК тәуелсіз директорлары Өзара қарым қатынас келісімшартына өзгерістер енгізу туралы ҚМГ ҰК ұсыныстары жөнінде келіссөздерді жалғастыруда. Аталған келіссөздер аяқталған соң, Компания тиісті мәлімдеме жасайды.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>