Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнайды тереңде өңдеу кешен құрылысы аяқталуға жақын

12.02.2016

Атырау МӨЗ-інде модернизация және реконструкцияны екі мердігер - отандық «КазСтройСервис» және халықаралық серіктес - «Sinopec Engineering Group Co. LTD» (ҚХР) жүргізуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 13 технологиялық қондырғыларда және 50 жалпы зауыттық кешендерде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде 10 технологиялық қондырғыда және 10 жалпы зауыттық кешенде қытайлық серіктестер еңбек етуде.

«Цехаралық технологиялық және жылу техникалық байланыстар» кешенінің 14 секторында «Сумен қамтамасыз ету және кәріздер» кешенінің 4 секторында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 30 субмердігерлік ұйымдар және 739 адам жұмысшы персоналы жұмысқа тартылған, негізгі құрамын Атырау аймағының тұрғындары құрайды.

- Кешеннің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, -дейді, МТӨК (SEG) құрылыс бөлімінің маманы Абзал Жағыпаров, - жұмыстың барлық кезеңдері қатаң бақылауда. Іргетасы құйылып, металл құрылымдарын монтаждау жүріп жатыр, жабдықтарды қондыру аяқталды.

Алкифайнинг, олигомеризация және сутектену қондырғыларының секцияларында барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда дәнекерлеу, биіктіктегі бұрандаларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Металл құрылымдарын монтаждаудан кейін, дәнекерлеу жұмыстары, жабдықтар мен технологиялық тұрба құбырларын монтаждау басталады. Бір мезгілде алаңдарда электриктер мен бақылау-өлшеу құралдарының мамандары жұмыс істейді. Кейбір абажадай жабдықтар қазірдің өзінде алаңдарға қондырылған.

Металл құрылымдарын монтаждау каталитикалық крекингтің нафтының сутектену қондырғысында да жедел жүргізілуде, бұл қондырғы бензин құрамында күкірт қосындыларын төмендетеді және азайтады. Евро-4 талаптарына сәйкес, соңғы өнімде күкірт 50 ppm-нан, ал Евро-5 - 10 ppm аспауы тиіс.

Жылдық қуаты 2,388 млн. тонна болатын каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық жабдықтарды монтаждау басталды.

- МТӨК құрылысы маңызды болғандықтан, осы каталитикалық крекинг қондырғысынан басталды,- дейді Абзал Жағыпаров,- мұндағы алаңдардың бәріне бетон құйылған, енді дәнекерлеу, реакторларды, колонналарды, технологиялық пештерді монтаждау жұмыстары қалды. Барлық учакелерде жұмыс кедергісіз жүргізілуде.

МТӨК-ті іске қосқаннан бастап, каткрекинг зауыттың басты торабы болады. Мұнда мұнай өңдеудің ең бағалы өнімдері (мазут, ауыр газойль, вакуумдық газойль және басқалары), сұраныстағы: сұйытылған көмірсутекті газ, бензин және жеңіл газойль өндіріледі.

Анықтама: АМӨЗ МТӨК жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизельдік жанармай өндіруді ұлғайтады. Жылына 5,5 млн. тонна өңдеудің орнына, зауыт 1 млн. 400 мың авто бензин, 1 млн. 400 мың дизельдік жанармай, 244 мың тонна авиа керосин өндіретін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>