Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Ембімұнайгаз» АҚ-на алғаш рет интеллектуалды кенорын технологиясын ендіруде

05.02.2016

Бүгін Атырау қаласында «Ембімұнайгаз»АҚ (бұдан әрі ЕМГ) базасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның (бұдан әрі ҚМГ ҰК) «Барлау Өндіру» бағытындағы өндірісті келешек дамыту бағдарламасы бойынша Конференция өтіп, онда Бағдарламаны іске асыру аясындағы жұмыстар нәтижесі жария етілді. Форумға «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев, ҚМГ ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі ҚМГ БӨ), «КМГ Глобал Солюшнс Б.В», «ҚМГ өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми зерттеу институты» (бұдан әрі ӨБТ ҒЗИ) басшылығы, ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді ұйымдары қатысты.

– «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы Трансформация бағдарламасын алғашқылардың бірі болып іске қосты, қазір осында корпоративтік орталық ретінде осы жылы жаңа кезеңге өту міндеті тұр. Бүгінгі шара – осының жарқын көрінісі, -деп атап өтті Қор басшысы Ө.Шөкеев.

ҚМГ ҰК «Барлау және Өндіру» бағытындағы өндірісті келешек дамыту бағдарламасы «жедел жеңістер» деп аталатын жолмен жүзеге асырылып келеді. Олардың барлығы 18. «Жедел жеңістердің» мәні – жеке кәсіпорында жоба құру, одан соң тәжірибені басқа компанияларға тарату. Сауат Мыңбаевтың айтуынша, «Ембімұнайгаз»АҚ базасында іске асырылып жатқан 3 «жедел жеңісті» талқылау - барлау және өндірумен айналысып жатқан ҚМГ ҰК барлық еншілес және тәуелді ұйымдары үшін айрықша маңызды.

- Нарықтағы қалыптасқан ахуал мұнай бизнесінің негізі болып табылатын «Барлау және өндіру» секторына бәрінен де қатты әсер етті, - деп атап көрсетті ҚМГ ҰК басшысы Сауат Мыңбаев. – Трансформация бағдарламасы бизнес тиімділігін көтеруге, компаниялардың күрделі нарықтық жағдайға бейімделуіне бағытталған.

ЕМГ өндірісін келешек дамыту бағдарламасы аясында бірнеше пилоттық жобалар іске асырылуда: Уаз базасында интеллектуалды кенорын концепциясын енгізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ), мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету процестерін оңтайландыру. Бұл жобалар шығыстар тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

- Өндіру компаниялары үшін оңтайландыру шарасы әрдайым қажет, ал мұнайға бағаның төмен кезеңінде айтарлықтай өзекті бола түседі, - деді «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев.– Қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік бөлімшелерінде сынақтан өткізіліп жатқан пилоттық жобаларды одан әрі біздің барлық еншілес компанияларға тарату жоспарлануда. Алдын ала деректер бойынша, материалдық-техникалық қамтамасыз ету процесін оңтайландыру 2017 жылдың соңына қарай «Ембімұнайгаз» АҚ тауарлық-материалдық қорларының көлемін 60%-ға дейін қысқартуға көмектеседі, компания 2015 жылдан бастап 2017 жылдың соңына дейін 3 млрд.теңгеге жуық қаржыны үнемдейді.

Алдын ала болжам мәліметтер бойынша «Интеллектуалды кенорын» жобасының нәтижесінде Уаз кен орнында қосымша өндіру 3%-ға жуықтауы мүмкін, скважинаның жұмысын қалыпқа келтіру уақыты 15-20%-ға азаяды, жерасты жабдықтарын пайдаланудың баяу тәртібі жөндеу санын азайтуға мүмкіндік береді. Ең пессимистік болжамдар бойынша жылына 20-дан 15-ке дейін.

Өлшемдерді алып, онлайн тәртібінде қашықтықтан дипспетчерлікке жолдап, онда оператордың шұғыл шешім қабылдауына мүмкіндік беретін интеллектуалды кенорын технологиясы жабдықтардың мұнай өндірудегі барлық кезеңіне орнатылуы қарастырылады. Барлық ақпараттар бір мезгілде «Ембімұнайгаз» АҚ Өндірістік процестерді бақылау орталығына келіп түседі, онда талдау жасалады және оның негізінде ұзақмерзімді жоспарлаулар жүзеге асырылады.

Конференция аясында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы АҚ және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басқарма мүшелерінің және ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді ұйымдарының қатысуымен жұмыс мәжілісі өтіп, онда компанияның 2015 жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі талқыланды.

Бұдан басқа, ЕМГ қайырымдылық және демеушілік бойынша бағдарламаларының, сондай-ақ Атырау мұнай және газ институты және «APEC Petrotechnic» жоғары техникалық мектебімен бірлескен дуальдық оқыту бойынша пилоттық жобалардың қорытындыларын жария етті. 2015 жылдан бастап 34 студент оқудан қол үзбей ЕМГ кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс істейді. Студенттердің еңбекақысына және жаңа тәсілмен оқытуды ұйымдастырудағы басқа да шығыстарды компания өз мойнына алды.

Анықтама: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформация бағдарламасы 2014 жылдың қазан айында іске қосылған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында іске асырылуда және ол «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ компаниялар тобының қызмет тиімділігін арттыру үшін озық тәжірибелерді енгізуге, басқару технологияларын жаңартуға, жетілдіруге бағытталған.

Диагностика және дизайн қолданыстағы бизнес-процестер Трансформация бағдарламасы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 40 ірі еншілес және тәуелді компанияларында жүргізілуде, оның ішінде: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз»АҚ, «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Қазтеңізкөлікфлоты»ҰТКК» ЖШС, KMG International N.V., «АқтауМұнайСервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ» ЖШС және басқалары.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>