Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты жынысты зерттеу жөніндегі заманауи құрылғыны ұсынды

03.02.2016

2016 жылдың 29 қаңтарында «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ-да жынысты зерттеу зертханасын жаңартуға арналған салтанатты шара өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми зерттеу институтының, «Шеврон» компаниясының, Маңғыстау облысы әкімдігінің, сонымен қатар отандық және халықаралық бизнес және ғылым саласы өкілдері қатысты.

«Бүгін біз жынысты зертханалық зерттеудың жаңа бағытын бастаймыз,- деді «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының бас директоры Мұрат Құрбанбаев. -Біздің көзқарасымыз бойынша бұл қазақстандық мұнай-газ ғылымындағы үлкен оқиға. Жыныс материалдарын жаңаша заманауи тұрғыда зерттеу мұнайшыларға кен орындарын игеру, соның ішінде жоғары суландыруды қажет ететін және өндіруі қиын қалдық қорларын игеру әдістемелерін жетілдіруге мүмкіндік береді».

Зертхана компьютерлік томографпен, геомеханикалық зерттеуге, бүлінген қабаттарды зерттеуге арналған құрылғылармен, сондай-ақ жынысты кешенді зерттеуге жол ашатын басқа да заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бұл тау жыныстарының литологиялық-минералогиялық сипаттамаларын және фильтрлік-көлемдік қасиеттері туралы деректер алу үшін қажет.

2014 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» және оның еншілес кәсіпорындарының оннан астам қызметкері америкалық әріптестерінің тәжірибесімен және жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алып, «Шеврон» компаниясының Хьюстон мен Ричмондта орналасқан зерттеу лабораторияларына барды. Компания сонымен қатар даму жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, өзінің ұйымдастыру құрылымы туралы ақпараттарын ұсынды, технологиясы мен зертханалық құрылғыларын таныстырды, озық жұмыс әдістемелері мен жынысты сараптаудың заманауи әдістемелері туралы айтты.

«Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Фрэнк Кассулоның айтуына қарағанда, жаңа зертхана мамандарға мұнай кеніштерін барлау, өндіру және игеру саласындағы ең жаңа жетістіктермен алмасуға, коллекторларды зерттеу барысындағы дайындық жұмыстарының сапасын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық мұнайды өндіруді оңтайландыруға жол ашады.

1970 жылы ашылған Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми зерттеу институтының еншілес ұйымы болып табылады. Қазіргі таңда ол мұнай-газ кеніштерін игеру технологиялары саласындағы кең ауқымды ғылыми-зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары бойынша қызмет атқарады. Институт

Қазақстанның Маңғыстау облысының мұнай-газ өнеркәсібін дамытуда айрықша рөлге ие. Маңғыстау облысы бойынша ауқымды зертханалар шоғырланған мұндай ғылыми зертханалық зерттеулер орталығының баламасы жоқ, себебі зерттеу жұмыстары Core Laboratories, Coretest, Buehler, Carl Zeiss, Nikon және тағы да басқалары сынды әлемдік озық өндірушілердің заманауи құрылғыларымен жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер бүгінгі таңда мұнай-газ кеніштерін игеру процесінің айрықша маңызға ие буыны екенін атап өткен жөн.

«Шеврон» Қазақстанда жұмыс істеуді бастаған алғашқы ірі батыстық компания болып табылады. «Шеврон» компаниясының еуразиялық бөлімшесі Теңізшевройл, Қарашығанақ және Каспий Құбыр Консорциумы сынды ірі энергетикалық жобалардағы үлестерді, сонымен қатар Атыраудағы полиэтилен құбырларды өндірумен айналысатын зауытты басқаруды жүзеге асырады. Компания мыңдаған жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған доллар инвестиция бөлді, жергілікті кадрларды оқыту және дамытуға бастамашы болды.

Ақпарат көзі: www.kursiv.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>