Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазға қарасты мұнай өңдеу зауыттары 2024 жылдың 11 айында 15,25 млн тоннадан астам мұнай өңдеді

30.12.2024

Операциялық деректер бойынша 2024 жылдың 11 айында ҚМГ-ның үш қазақстандық мұнай өңдеу зауытында — «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПҚОП» ЖШС-де 15,25 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 4,8 млн тоннаға жуық автобензин, 4,83 млн тонна дизель отыны, шамамен 678,4 мың тонна авиаотын және 781 мың тоннадан астам сұйытылған көмірсутек газы (СКГ), сондай-ақ басқа да мұнай өнімдері өндірілді.

Атап айтсақ, «АМӨЗ» ЖШС-де бұл кезеңде 5 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 4,59 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. Соның ішінде жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) көлемі – шамамен 1,46 млн тонна автобензин, 1,53 млн тоннаға жуық дизель отыны, шамамен 170,8 мың тонна авиаотын және 189,7 мың тоннаға жуық СКГ, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдері (пеш отыны, бензол, параксилол, тауарлы мазут, вакуумды газойл, мұнай коксы, күкірт).

«ПМХЗ» ЖШС-де 4,99 млн тонна мұнай өңделіп, 4,66 млн тоннаға дейін мұнай өнімдері өндірілді. Соның ішінде ЖЖМ – 1,45 млн тоннаға жуық автобензин, 1,69 млн тоннаға жуық дизель отыны, 217 мың тоннаға жуық авиаотын және 290,2 мың тоннаға жуық СКГ, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдері (битум, тауарлы мазут, пеш отыны, мұнай коксы, күкірт) шығарылды.

«ПҚОП» ЖШС-де 2024 жылдың 11 айында 5,2 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 4,79 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді. Соның ішінде ЖЖМ – 1,88 млн тоннаға жуық автобензин, шамамен 1,61 млн тонна дизель отыны, 290,6 мың тоннаға жуық авиаотын және 301,2 мың тонна СКГ, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдері (тауарлы мазут, күкірт) шығарылды.

Анықтама: Өңдеу көлемі операциялық режимде көрсетілгенін атап өткен жөн, яғни «ПҚОП» ЖШС-де ҚазМұнайГаздың үлесі 50%-ды құрайды (қалған екі зауыттағы үлесі – 100%), ал есепті кезеңдерде (тоқсан сайын және жылдық) шоғырландырылған көрсеткіштерде мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару жөніндегі мәліметтер тиісті түрде есептеліп, ПҚОП көлемінің жартысы ғана ескеріліп ұсынылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>