Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық инновациялық идеялар мен тәжірибелер

13.01.2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткен жылдың аяғында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық инновациялық идеялар мен тәжірибелер» конкурсының қорытындысын шығарды.

Ұсынылған жұмыстарды іріктеуді үш сатылы комиссия жүзеге асырды. Оның құрамына ҚМГ және оның еншілес және тәуелді кәсіпорындарының қызметкерлері кірді. Оған қоса комиссия құрамына кәсіподақ өкілдері де міндетті түрде тартылды.

Конкурсқа ҚМГ-нің 30-дан астам еншілес және тәуелді

кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Жұмыстарды іріктеудің басты өлшемі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында идеяларды енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық инновациялық тәжірибелерді пайдалану болып табылды.

Бірінші орынды «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС қойма шаруашылығы мен тасымал логистика бөлімінің жетекші маманы Сүлеймен Төрежанов жеңіп алды. Оның енгізген идеясы – қоймалардағы ауаны тазарту жүйесі өндірістегі жұмысшылардың денсаулығына оң әсер етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Жеңімпазға Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық табысталды.

Екінші орынды «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мониторинг және өндірістік процестерді басқару департаментінің жетекші инженері Батырхан Айтбаев иеленді. Комиссия оның идеясын қарапайым болғанына қарамастан еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өте жоғары бағаланатынын атап өтті.

Үшінші орынды еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Аманәлі Ембердиев және «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС табиғатты қорғау бөлімінің бастығы Сұлтанғазы Жарқымбеков өзара бөлісті.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бизнес бағыттарды перспективалы дамыту жөніндегі басқарушы директоры Әлихан Байдүйсеновке ең креативті идеясы үшін ынталандыру сыйлығы берілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық инновациялық идеялар мен тәжірибелер конкурсы жыл сайын өткізіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>