Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнайды аванстауды ұйымдастыру халықаралық трейдерлері анықталды

02.12.2015

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) тиісті халықаралық трейдерлерден 3 000 000 000 АҚШ долларына дейінгі сомадағы алдын ала төлемді қамтитын «Теңізшевройл» ЖШС-дағы (бұдан әрі - ТШО) ҚМГ 20% үлесіне келетін мұнайды аванстауды ұйымдастыру мәселесі бойынша ұсыныстарды жинауға бастамашылық етті.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте ҚМГ еншілес ұйымы - KazMunayGas Trading AG (бұдан әрі - ҚМГТ) осы мәселеде ҚМГ агенті болып табылатыны және халықаралық трейдерді таңдау бойынша тиісті іс-шараларды (тендерлік рәсімді әзірлеу, қатысушыларды іріктеу, бағалау критерифлерін қалыптастыру, тендерлік комиссияның отырысын ұйымдастыру) іске асыратыны жөнінде шешім қабылдады.

2015 жылғы 30 қарашада тендерлік комиссия («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ҚМГ және ҚМГТ өкілдерінен тұратын) тендердің түпкілікті жеңімпазы етіп VITOL S.A. компаниясын таңдады.

Осы жобаның ҚМГ үшін маңызы зор, ол ҚМГТ, VITOL S.A. және ТШО бірлесіп таяу уақытта мәміле бойынша тиісті құжаттаманы қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Аванстаудың бірінші траншы 2 – 4 ай ішінде тартылатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>