Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы TR және Tecnimont компанияларымен мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

09.04.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов испаниялық Tecnicas Reunidas компаниясының төрағасы Хуан Лиадомен және италиялық Maire Tecnimont S.p.A. компаниясының вице-президенті Дэвид Пелиццоламен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде Қазақстанда мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыруды және жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық маңызды бағыттары бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

Анықтама: Tecnicas Reunidas — құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын халықаралық жетекші EPC компаниясы. Ол мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және басқа да салалардағы индустриялық нысандарды жобалау, сатып алу және оның құрылысын толық жүзеге асыруды қоса алғанда, қызметтердің көптеген түрлерін ұсынады. Maire Tecnimont S.p.A. — машина жасау, технология және энергетика саласындағы компанияларды қамтитын италиялық топ. Мұнай-газ, химия және мұнай химиясы өнеркәсібіндегі зауыттарды жобалаумен, жасыл химиямен және энергетикалық ауысу бағытындағы технологиялармен айналысады. Компания күрделі инженерлік жобаларды іске асырады, соның ішінде полимер өндіретін қондырғылар, көмірсутектерді өңдейтін қондырғылар және энергия өндіретін нысандар бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>