Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаздың» 2021 жылға арналған жылдық есебі бірнеше халықаралық марапатқа ие болды

14.12.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2021 жылға арналған жылдық есебі бірнеше халықаралық марапатқа ие болды.

Ұлттық компания Мәскеу биржасының (MOEX) 2022 жылғы XXV жылдық есептер байқауындағы бас жүлдені жария емес компанияның үздік есебі ретінде алды. Қазақстандық компания ТМД аумағындағы ең беделді байқауында алғаш рет осындай жоғары бағаға ие болды.

Сонымен қатар ҚМГ жылдық есебінің интерактивті нұсқасы Arc Awards (Annual Report Competition, АҚШ) халықаралық байқауында мұнай-газ компаниялары арасындағы жылдық есептің үздік онлайн-нұсқасы «күміс» жүлдеге ие болғанын атап өткен жөн. ARC Awards 1987 жылдан бері MerComm Inc. өткізіп келеді. Бұл дүниежүзі бойынша ең ірі жылдық есептер байқауы және осы индустриядағы ең жоғары стандарттарды енгізу платформасы ретінде танымал.

Corporate & Financial Awards (CFA, Ұлыбритания) беделді байқауында «ҚазМұнайГазға» «Әлемдегі жылдық есептің үздік интерактивті нұсқасы» санатындағы «Highly commended» үздік белгісі табысталды.

«Қазақстан қор биржасы» (KASE) жылдық есептер байқауларымен қатар «ҚазМұнайГазды» «Ашықтыққа ұмтылғаны үшін» дипломымен бірнеше рет марапаттады.

Халықаралық наградаларды алу Компанияның өз қызметінде ашықтықты арттыру, әлемдік сала көшбасшыларының үздік тәжірибелеріне сай болуға ұмтылу, сондай-ақ инвестициялық қоғамдастықпен қарым-қатынасты қоса алғанда, мүдделі тараптармен коммуникацияларды жетілдіру бойынша дұрыс бағытын растайды.

«ҚМГ жылдық есебін дайындау барысында біз әрбір оқырман, соның ішінде инвесторлар, серіктестеріміз, мемлекеттік органдар және басқа да мүдделі тараптар өзіне пайдалы ақпарат алуы үшін компанияның негізгі салалардағы барлық қызметі туралы жан-жақты әрі барынша толық ақпарат бердік. Меніңше, жылдық есеп жақсы коммуникациялық құрал. Сонымен қатар ҚМГ қызметінің ашықтығының маңызды арта түсті, өйткені жақында IPO-ға шығып, жария компания мәртебесін алғаннан кейін инвестициялық қауымдастық тарапынан «ҚазМұнайГазға» деген қызығушылық айтарлықтай өсті. Осындай ауқымды жылдық есептің арқасында барлық мүдделі тараптар Компанияның қазіргі хал-ахуалы, даму бағытын, сондай-ақ мемлекеттің және жалпы адамдардың өміріне ықпалымен қатар қандай өсу мүмкіндіктері мен әлеуетті тәуекелдері бар екенін жақсы түсіне алатынына сенімдімін», - деп атап өтті ҚМГ қаржы департаментінің директоры Марат Диқанбаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>