Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және CNPC негізгі мұнай газ жобалары бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді талқылады

31.08.2025

Бейжің қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесті. Тараптар ортақ стратегиялық жобалардың іске асырылу барысын талқылады.

Компаниялар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде. Бұдан бұрын қол жеткізілген келісімдер аясында CNPC-дің еншілес компаниясы — CNODC Каспий маңы алабының шығыс бортында орналасқан «Достық» перспективті учаскесін зерттеп жатыр.

Кездесу барысында CNPC-мен бірлесіп іске асырылатын Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 2030 жылға қарай 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру бойынша инвестициялық жоба талқыланды. Жобаның ішкі нарықта мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуде маңызы зор.

Сонымен қатар тараптар Ақтөбе облысында жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид өндіретін кешенін салу жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын айтты.

Компаниялар бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім жасасуға дайын екенін растады. Яғни, ҚМГ мен CNPC жобаны іске асырудың нақты кезеңіне көшеді.

Карбамид жобасы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түседі. Инвестицияның жалпы көлемі $1,25 млрд деңгейінде бағаланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>