Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Glencore ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

21.04.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 21 сәуірде Астанада Glencore компаниясының басқарма төрағасы Алекс Санна бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары мен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

ҚМГ басшысы жаңа технологиялар мен климат саласын реттеу шараларының дамуын ескере отырып, компания декарбонизация және «жасыл» жобаларды енгізу мүмкіндігін қосымша зерттеп жатқанын және болашақта осы бағытта екіжақты өзара байланыс орнатуға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Glencore делегациясына мұнай-химия саласының даму барысы жайлы айтылды. Мәселен, былтыр Атырауда жылдық жобалық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) зауыты іске қосылды.

Тараптар сондай-ақ мұнай трейдингі және мұнай өңдеу мәселелерін талқылады. М.Мырзағалиев ҚМГ иелік ететін үш мұнай өңдеу зауытында маржалық өнім өндірісін ұлғайту есебінен операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған бірқатар бастама жоспарланғанын атап өтті.

Анықтама үшін:

Glencore компаниясының негізін 1974 жылы америкалық кәсіпкерлер Марк Рич пен Пинкус Грин қалады. Штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан әлемдік жетекші тауар трейдерлерінің бірі. 2011 жылы Лондон биржасында (LSE) IPO-ға шықты. Қазір еркін айналымда компанияның 70,4% акциясы бар. Бұл – тұрақты жылдық кірісі 200 миллиард доллардан асатын әлемдегі үшінші ірі отбасылық бизнес. Glencore бүкіл әлем бойынша бірқатар өндірістік кәсіпорынға ие және автомобиль, энергетика, болат және тамақ өнеркәсібіндегі халықаралық тұтынушыларға металдар, минералдар, тазартылмаған мұнай және мұнай өнімдері, көмір, табиғи газ және ауылшаруашылық дақылдарын жеткізеді. Біздің елде энергетика секторында ҚР өндіруші компанияларына өнеркәсіптік жабдықтарды кешенді жеткізуді ұйымдастыру және қолдау бойынша қызметтер көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>