Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ембімұнайгаз көктемгі тасқын сумен күреске көмек көрсетуде

05.04.2024

«Ембімұнайгаз» АҚ көктемгі су тасқынының қаупін алдын алу мақсатында Атырау қаласы мен аудандар әкімшіліктерінің көмек көрсету жөніндегі өтінішін қабылдап, көмек қолын созуда.

Атап айтсақ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Исатай ауданы әкімшілігіне арнайы көліктермен – 2 АЦН, 2 вакуум, 1 ЦА, 1 мотопомпамен көмек көрсетіп, су басып жатқан аумақтарда сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Жылыой ауданын су басу қаупін сейілту мақсатында 3 самосвал мен 1 тиегіш көліктерін жұмылдыруда.

«Доссормұнайгаз» МГӨБ ұжымы Мақат ауданы әкімдігіне көмек ретінде тиісті арнайы техникамен көмек көрсетіп жатыр. «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармасы Қызылқоға ауданы әкімдігіне көмек ретінде АЦН, ЦА арнайы көліктермен көмек көрсетілуде.

Бұған қоса, Атырау қаласында мөлшерден тыс жауған жауын суын сору мақсатында компаниядан жалпы саны 15 техника бөлінді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>