Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» басшылығы Германиядағы Raffinerie мұнай өңдеу зауытына барды

29.08.2023

27-28 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) делегациясы неміс тарапының шақыртуымен Германияға жұмыс сапарымен барып, Шведт қаласында орналасқан PCK (Petrolchemie und Kraftstoffe AG) Raffinerie мұнай өңдеу зауытының қызметімен танысты.

Берлин және Бранденбург федералды жерінің бензин, дизель, пеш және авиация отыны қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз ететін PCK Raffinerie МӨЗ-нің жылдық қуаты – 11 миллион тоннадан астам шикі мұнай. Зауыт техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша Еуропадағы үздік кәсіпорынның бірі болып саналады. 2022 жылы Германия үкіметі қазақстандық мұнайды жеткізу туралы өтініш білдірді.

Бұдан бөлек, ҚМГ Басқарма Төрағасы Берлинде ГФР-дың Экономика істері және климатты қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнермен, сондай-ақ, Бранденбургтың Экономика және энергетика министрі Йорг Штайнбахпен кездесті. Басқосуда мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ, жаһандық шиеленістің ушығуы жағдайында санкциялық қауіп-қатердің алдын алу мәселелері талқыланды.

«Биылғы ақпан-шілде айларының аралығында еліміз Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы 390 мың тонна мұнай жеткізді. Маусымда ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаның Қазақстанға сапары кезінде ҚазМұнайГаз бен Rosneft Deutschland (зауыттың басқарушы компаниясы) шикі мұнайды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Құжатта көрсетілген міндеттемелер тиісті деңгейде орындалып жатыр. Жоспарға сай, 2023 жылы Германияға жеткізілетін мұнайдың жалпы көлемі кемінде 890 мың тонна болмақ», - деді М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, келіссөз аясында ҚМГ басшысы қошеметпен қабылдаған неміс тарапына алғыс айтып, қазақстандық тараптың ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендігін жеткізді.

Өз кезегінде, ГФР-дың ресми тұлғалары Қазақстанмен мұнай-газ секторында өзара байланысты нығайтуға мүдделі екендіктерін атап өтіп, басқа да қазақстандық мұнай компанияларының ресурстарынан қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуға қызығушылығын растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>