Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай өндірісіндегі цифрлық жобалар: кен орны да, көлік те қашықтан бақыланады

28.11.2023

Қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынғанына 124, Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жылдан асты. Содан бері мұнай өндірісі тоқтаған жоқ. Қазір байырғы компания цифрлық жобаларды енгізе бастады. Мұнда өндірістік нысандарды жедел бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы орталық құрылған, деп хабарлайды Kazinform.

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Сәбит Арыновтың айтуынша, отандық компанияның тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен басталады. Компания қызметінің негізгі бағыты – геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. Компанияның бас кеңсесіндегі визуализация орталығының функционалды мүмкіндігі кеңейген. Өндірістік қызметті тиімді басқару және деректерге сараптама жүргізу үшін технологиялар ұдайы жетілдіріледі.

Орталықтағы монитордан кен орындарындағы мұнай өндіру үдерісін, көлік қозғалысын бақылауға болады. Мәселен, Қызылқоға ауданындағы «Уаз» кен орнында 2016 жылы «Интелектуалды кен орны» жобасы іске қосылған. Бұл – жаңа инновациялық технология трансформациялау бағдарламасы аясындағы қанатқақты жобаның бірінші кезегі. Ал интеллектуалды кен орны – мұнай қорын оңтайлы пайдалану үшін басқару пультіне ұңғымалардан ақпаратты беруге жол ашатын инновациялық технология.

Біріншіден, интеллектуалды ұңғымалардың дерегі үздіксіз өңделеді. Екіншіден, жедел бақылау жүргізіледі. Үшіншіден, шұғыл шешімдер қабылдау үшін ақпараттарға мониторинг жасалады.

Компанияда тиімділігін дәлелдеген тағы бір цифрлық бастама – «Сапарларды басқару» жобасы. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. «Ембімұнайгаз» АҚ-да көліктер мен арнайы техникалардың жылдамдығы, қозғалысы, тіпті бағытынан ауытқу мен жүргізушінің, не өзге маманның қауіпсіздік белдігін таққаны не тақпағаны арнайы мониторда көрініп тұрады. Компаниядағы көлік құралдарының бірыңғай мониторингі қызметінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны күрт азайған. Мәселен, биыл 10 айда жылдамдық арттыру 55%-ға азайды. Ал, жанар-жағармай үнемдеу үлесі – 20%.

«Компания қызметкерлерінің өмірі – басты құндылығымыз. Олардың табысты қызметі мен өндірістік мәселелерді оңтайлы шешу – ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастырудың кепілі. Сондықтан біз қауіпсіз еңбек мәдениеті мен озық халықаралық тәжірибені енгізу арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған орта саласындағы корпоративтік мәдениетті үнемі жетілдіріп отырамыз», дейді Сәбит Арынов.

«Ембімұнайгаз» төрт ауданнан мұнай өндіреді. Соның бірі – қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған Жылыой ауданы. Қазір мұнда екі кәсіпорынның бірігуімен қайта құрылған «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы бар. Компанияның бұл ауданда кен орны да, мұнайшысы да көп.

Мәселен, Прорва кен алаңындағы ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы 2017 жылы іске қосылған. Қондырғының қуаты – 150 млн текше метр газды өңдеу. Аталған қондырғыда ілеспе газды өңдеу технологиясы экологиялық қауіпсіз әрі күкіртсутекті жоюда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді. Газды кешенді дайындау процесі толығымен автоматтандырылып, төтенше жағдайдан бірнеше деңгейлі қорғаныспен қамтылған.

Мамандардың түсіндіруінше, өңделген газдың 90 млн текше метрі құбырмен жөнелтіледі. Ал 35 млн текше метр газды кен алаңдарындағы өндірістік қажеттілік үшін пайдаланылады. Ілеспе газдың өзге бөлігінен күкірт түйіршіктеледі. Мұнда жылына 2700 тонна түйіршіктелген күкірт шығарылады.

Мұнайшылар үшін Жылыой ауданында «Каспий самалы» вахталық қалашығы ашылған. Аудан орталығынан 160 шақырым қашықта орналасқан. Мұнда атауы басқаша болғанымен, қонақ үйге бергісіз бірнеше 500 орынға есептелген жатақханалар орналасқан. Арнайы асхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Әр жатақханада күнделікті дене шынықтыруға арналған тренажер, караоке, бильярд залдары үнемі бос болмайды. Мұнайшылар жұмыстан соң спортпен шұғылданады. Ән айтады, бильярд ойнайды. Домбыра, баян, гитара секілді музыка аспаптары бар.

«Біздің компания биыл 10 айда мұнай өндіру жоспарын артығымен орындады. Геологиялық-техникалық іс-шаралар жүзеге асырылып, қосымша 189 мың тоннадан астам «қара алтын» өндірілді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау статистикасы жақсарды. Он айда жазатайым, өрт, жол-көлік оқиғасы тіркелмеді», -дейді Сәбит Арынов.

«Ембімұнайгаз» АҚ табиғи ресурстарды адал пайдаланушы ретінде қоршаған ортаны қорғауға барынша мән береді. Әсіресе, ластанған жерлердің өнімділігі мен құндылығын қалпына келтіруге, қоршаған ортаны жақсартуға, көгалдандыруға қомақты қаржы бөліп отыр. Биыл 10 айда 181,69 мың гектар ластанған жер қалпына келтірілсе, 2022-2023 жылдары Атырау облысы әкімдігі бөлген 28 гектар аумаққа 23 950 түп көшет егілген.

«Біздің компания – Қазақстандағы ірі салық төлеушілердің бірі. Мәселен, 2020 жыл мен биылғы 10 айда бюджетке 480 млрд теңге көлемінде салық төледі. Осы кезеңде облыстың инфрақұрылымын дамытуға 2,2 млрд теңге жұмсалды», -деп мәлім етті Сәбит Арынов.

28.11.2023ж. «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі жариялады
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ