Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шығыс Өріктау кен орнының ұңғымалары

04.12.2023

Қазақстандық мұнай-газ кен орны Шығыс Өріктау 2015 жылы ашылған, құрамында күкіртсутегі жоғары (3,5% және одан жоғары) құрлықтағы күрделі жоба.

2014-2015 жылдар аралығында бұрғыланған Шығыс Урихтау — 1 (ВУ-1) ұңғымасы кен орнының тұңғыш ашушы болып табылады. Ұңғыманың тереңдігі 4600 метрді құрайды. Ұңғыманы сынау нәтижесінде 2015 жылдың соңында мұнай ағыныы бойынша жақсы нәтижелері алынды. ВУ-1 ұңғымасы қабаттың табиғи өз энергиясы есебінен субұрқақ әдісімен жұмыс істеді және жақсы тиімді қуатының арқасында (шамамен 60 метр) ұңғыма тәулігіне 60-70 тонна мұнай берді.

2020 жылы Шығыс Өріктау кен орнында консервациялау және игеру жұмыстар жүргізілгеннен кейін Шығыс Өріктау-1 және 2 (ВУ-1 және ВУ-2) ұңғымалары кейін сынамалық пайдалануға берілді. Осы ұңғымалардың өндірілетін өнімі Автоматты топтық өлшеу қондырғысы (АТӨҚ) арқылы сығымдау сорғы станциясына (ССС) жіберіледі, ол жерден үш сатылы сепарациядан өткен соң шикі газсыздандырылған мұнай «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мұнай және газ дайындау цехына (МГДЦ) «Урихтау-ССС-Әлібекмола» мұнай құбыры арқылы жіберіледі, ал бөлінген ілеспе мұнай газы «Gas Processing Company» ЖШС газ құбырлары арқылы газ өңдеу зауытына жеткізіледі.

Қазіргі уақытта кен орнындағы ұңғымаларды барынша қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған жерасты жабдықтары бар сенімді бес бағаналы конструкциясы бар 6 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды.

Шығыс Өріктау кен орны өнеркәсіптік пайдалануға 2023 жылдың соңына қарай енгізілді. Шығыс Өріктау кен орнын одан әрі дамыту аясында қосымша тағы да 9 пайдалану ұңғымасын бұрғылау жоспарлануда (олардың жалпы санын 15-ке дейін жеткізіледі). Бұл жылына мұнай өндіру көлемін 200 мың тоннаға, ал ілеспе газ өндіруді 100 млн текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кен орнында процесстердің толық автоматтандырылуына қол жеткізілді және қазір автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді. Онда технологиялық процестер адамның тікелей араласуынсыз біркелкі және қашықтықтан жүзеге асырылады. Өндірістің барынша тиімділігі мен қауіпсіздігі озық технологиялардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандырудың күрделі желілерінің үйлесімділігінің арқасында қамтамасыз етіледі.

Жалпы, Өріктау мұнай-газ конденсаты кен орны 1983 жылы ашылды, ол Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында (Ақтөбе қаласынан 180 км қашықтықта) орналасқан, Жаңажол және Қожасай кен орындарымен шектеседі. Өріктау кен орындарының тобына орталық Өріктау, Шығыс Өріктау және Оңтүстік Өріктау кен орындары кіреді.

Өріктау кен орнындағы көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүзеге асыру мақсатында 2009 жылы құрылған «Урихтау Оперейтинг» ЖШС құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ