Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Зауыт, фабрика және комбинаттың айырмашылығы неде?

23.01.2024

Бұл ұғымдардың арасындағы айырмашылық бұрыннан қалыптасқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындар дәстүрлі түрде үш топқа бөлінеді: зауыт, фабрика және комбинат.

Фабрика — жаппай тұтыну тауарларын шығаруға мамандандырылған, цехтары мен әкімшілік ғимараттары бар, әдетте жұмыстың бір бөлігін жұмысшылар орындайтын, негізінен жеңіл өнеркәсіптік өндіріске тән кәсіпорын. Фабрикалық өндіріс орны сыртқы электрлік жабдықтауға қосылған болуы және жұмысын кешке тоқтатуы мүмкін. Фабрикада әдетте заттың тек сыртқы қасиеттерін ғана өзгертетін процестер — өнімнің сыртқы пішінін өңдеу процестері жүреді.

Зауыт — тәулік бойы жұмыс істейтін автоматтандырылған технологиялық өндірістік желісі бар, негізінен ауыр өнеркәсіпке жататын кәсіпорын. Әуелде цехтары, фабрикасы мен зауыттың өзі орналасқан аумақтың барлық жиынтығы зауыт деп аталса, кейінірек жабдықтар, күрделі өнеркәсіптік өнімдер, әртүрлі өндіріс құралдары мен техникалық күрделі құрылғылар немесе компоненттер шығаратын барлық нысандар зауыттар деп атала бастады. Зауыттың фабрикадан айырмашылығы, мұнда терең қайта өңдеу процестері жүреді, арнайы машиналардың қолданылуымен бастапқы материал қайта өңделеді және бұл үшін адамның қол еңбегі пайдаланылмайды. Сондай-ақ, зауыт белгілі бір салада белгілі бір өнімді шығаруға бағытталған. Зауытта міндетті түрде өндірістік процеске тікелей қатысатын өзінің энергетикалық қондырғысы болады. Ал фабрикада ол көп жағдайда болмауы мүмкін.

Өнеркәсіп саласындағы комбинат — бір өндірістің аумағында аралас салалар өндірістерінің синтезі байқалатын және бір кәсіпорын өнімі екінші кәсіпорын үшін бастапқы шикізат немесе материал ретінде қолданылатын фабрикалар мен зауыттардың бірлестігі. Комбинаттың мақсаты — саны барынша көп технологиялық процестерге өндірістік қуаттылықты тиісті ретімен іске қоса отырып толық циклдық өндірісті қамтамасыз ету. Яғни, комбинат дегеніміз — ішкі технологиялық процестері біріктірілген, бір орталыққа бағындырылған кәсіпорындардың тобы.

ҚМГ: Күш — білімде!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ