Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытының газетіне 75 жыл толды

30.11.2023

Отандық мұнай өңдеу саласындағы тұңғыш кәсіпорынның «Новатор» басылымының беттерінде Атырау мұнай өңдеу зауытының тарихы басылған.

Алғашында «Стахановец» деп аталған газеттің бірінші нөмірі 1948 жылы қыркүйекте жарық көрді. Басылымның тұңғыш нөмірі зауыттың алғашқы тонна автобензин шығаруының үш жылдығына арнайы «Прикаспийская коммуна» газетінің редакциясында әзірленді.

Газеттің келесі нөмірлерін кәсіпорынның редакция алқасы зауыт редакциясында дайындады. Облыстық партия комитеті бірінші жауапты редактор ретінде сол кездегі «Прикаспийская коммуна» газетінің белгілі журналисі, Ұлы Отан соғыстың ардагері Павел Мирошкинді тағайындады. «Павел Александрович Жапониямен шекарада болып, жауынгерлік медальдармен марапатталды. Ол өте қарапайым адам, сөйлегенде даусы бәсең шығатын, жүзі мейірімді, ізденімпаз, ақылды жан еді. Ол газет ісіне, әзіл-қалжыңды жақын болды», — делінген Мирошкин туралы газеттің 1998 жылы 22 мамырда шыққан санында жарық көрген мақалада.

«Новатордың» екінші редакторы Мирра Богословская болды. «Ол ашық-жарқын, көңілді болды. Сонымен бірге іскер әйел, талантты журналист еді». Замандастары оны басылымның 1998 жылғы нөмірлерінің бірінде осылай сипаттайды. Барлығына белгілі, Мирра Богословская — әйгілі жерлесіміз Тимур Бекмамбетовтың анасы, ұзақ жылдар бойы «Прикаспийская коммуна» газетінде қызмет етті. 

Ұзақ жылдар бойы газет редакторы Малика Аманжолқызы Кулпеисова болды, ол редакцияға 1977 жылы келді. Оның «Новаторға» сіңірген еңбегі — газеттке ұзақ жыл жетекшілігінде емес, кәсіпорын үшін ғана емес, ел үшін қиын кезең туғанда басылымды сақтап қала алғанында. Газетті басып шығаруға қаржы болмаған кезде, ол краундфандинг ұйымдастырып, басылымға жазылым ашты. Осылайша, зауыт жұмысшылары корпоративтік басылымды құтқарып қалды.

Газет шын мәнінде зауыт өмірінде маңызды рөл ойнады. «Новаторда» өндірістік жұмыс, жетістіктер, талдау, апатты тоқтауға ауапты адамдардың есімі, партиялық мақалалар мен идеологиялық үгіт-насихат, зауытта қызмет ететін династиялар туралы әңгімелер, ұжымдағы қарым-қатынас, олардың жай-күйі жайлы жиі жазылған. Мұнай өңдеушілер үшін «Новатор» әлеуметтік желідегі заманауи чаттар мен блогтарды алмастырды деуге де болады.

Әрине, газеттің бүгінгі белеске жетуіне оны басып шығаруға атсалысқан барлық жанның үлесі бар: редакциялық алқалар мен редакторлар, авторлар мен корреспондеттер, фотографтар және заманауи видеограф және мобилографтар. «Новатор» газетінің редакциясы зауыттың баспасөз қызметінің құрамында болды қазір де бірлесе жұмыс істейді. Оны ұзақ жылдар бойы АМӨЗ-ге арналған көптеген газет басылымдары мен бірқатар кітаптардың авторы Елена Жоламанқызы Есенова басқарды. Қазіргі кезде газет форматы кеңейіп, сегіз жолақты болып, екі тілде шығарыла бастады. Материалдарды дайындауға тәжірибелі аудармашылар мен журналистер Қаржаубай Сұлтанғалиев пен Арынғазы Мырзағалиев белсенді қатысты. Штаттан тыс корреспонденттер саны артты. Басылымның қазіргі редакциясының құрамында Данияр Мухамбетов, Ирина Козонова, Беимбет Амантаев, Арайлым Кабдешова секілді білікті мамандар бар.

22 қараша күні зауытта «Новатор» басылымының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараға редакторлар Индира Сатылғанова мен Светлана Қалиева, баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Елена Есенова, мақалалардың аудармасымен айналысқан Қаржаубай Сұлтанғалиев, зауыт мұражайына еңбегі сіңген ардагер Надежда Силина және де басылымның байырғы редакторлары Юрий Пастухов пен Малике Кулпеисованың балалары Александр Пастухов пен Гүлнәр Кулпеисова, сондай-ақ зауыт қызметкерлері қатысты.

Бас қосуда талқыланған тақырып, әрине «Новатор» газеті болды. Жиналғандар зауыт басылымының кәсіпорын өміріндегі маңыздылығын ойға оралтып, баспасөз құралы не туралы жазғандығын еске ала отыра, редакцияның қызмет барысындағы естеліктерімен бөлісті. Қонақтар өткен жылдардағы қиын кезеңдерде зауыт пен корпоративтік басылымды қалай сақтап қалғанын, газетпен белсенді жұмыс істеген мұнай өңдеушілер мен зауыттың бірінші басшыларының газетке бей-жай қарамағанын, зауытта өткен жылдарын еске алып, сағыныштарын білдірді. Қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді, ал олар өз кезегінде баспасөз қызметі мен редакцияның қазіргі қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, авторларға шабыт, сүйікті кәсіпорынына, қызметкерлеріне және корпоративтік газетке ұзақ өмір тіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ