Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қаражанбас тарихынан: кен орнындағы аэродром

01.12.2023

Сонау 80-ші жылдары Қаражанбас өз әуе қатынасы жұмыс істейтін кен орнының бірі болды. Әуежай мұнайшылардың вахтаға қатынауы үшін ірі және орта әуе кемелерін қабылдауға қауқарлы еді.

1979 жылы қара алтын өндірушілер үшін әуежай салу туралы КСРО Азаматтық авиациясының ҒЗЖИ жобасы жасалып, 1980 жылы құрылыс жұмыстары басталды.

Әуежайдағы ұшу-қону жолағының ұзындығы 2600, ал ені 45 метрді құрады. 1983 жылдың 8 мамыр күні аталмыш аэропорт пайдалануға берілді.

Қаражанбаста вахталық ауысыммен жұмыс істейтін мамандарды Краснодар, Махачкала, Минеральные воды мен Шевченко, яғни қазіргі Ақтау әуежайларынан Як-40, Ан-26, Ан-24, Ан-2 ұшақтары тұрақты тасымалдап тұрды. Кен орнындағы әуежайдың тағы бір ерекшелігі — Капустин ярда орналасқан КСРО стратегиялық Қарулы күштерінің базасы төтенше жағдайларда және 1983-1990 жылдар аралығындағы Ауғанстандағы соғыс кезінде жауынгерлік ұшқыштардың апаттық ұшу-қону алаңы ретінде пайдаланылды.

Осылайша әуежай 11 жыл бойы кен орнындағы негізгі әуе тасымалдаушы болды. Аталмыш аэропорт арқылы 1983-1994 жылдар аралығында жұмысшылардың 80%-ы вахтаға қатынады. Қызметкерлер Қазақстан аймағынан тыс «Краснодар-Ақтау», «Баку – Махачкала – Қаражанбас» маршруты бойынша да тасымалданды. Оған қоса, «Ақтау – Қаражанбас – Қаламқас» бағыты бойынша аптасына үш рет АН-2 ұшағы мен МИ-4 тікұшағы ай сайын 700-720 адамды тасымалдады. Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты 1994 жылы әуе қатынасы тоқтады. Ал вахта ауысымына ұшып-қонған жылдар әлі күнге дейін ардагер мұнайшылар жадында жағымды естелік боп жаңғырып тұр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ