Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр

05.01.2024

ҚазМұнайГаз әзірлеп жатқан Газ стратегиясы бойынша 2030 жылға қарай табиғи газ өндірісін жылына 6,7 млрд текше метрге дейін арттыру жоспарланған. Стратегия ірі жобаларды (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) есепке алмағанда газ өндіруді ұлғайту бойынша жұмысты қолданыстағы және барлау жобалары есебінен іске асыруды көздейді.

ҚазМұнайГаз 2023 жылы үш жаңа кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді: Оңтүстік Ақсай (игерілетін газ қоры – 1,7 млрд текше метр, жылына 100 млн текше метр газ өндіріледі), Шығыс Өріктау (игерілетін қор көлемі — 4 млн тонна, еріген газ – 2,2 млрд текше метр, газ өндірудің айлық көрсеткіші — 9 млн текше метрге жуық), Рожков (игерілетін газ қоры — 26,9 млрд текше метр, конденсат — 12,5 мың тонна, бір жылдағы жоспарлы газ өндіру көлемі — 1 млрд текше метр).

Орта мерзімді перспективада (алдағы 3-4 жылда) ҚазМұнайГаз Орталық Өріктау кен орнында өндіру жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, онда жылына шамамен 1 млрд текше метр газ өндіру күтіледі. Бұл кен орнында игерілетін газ қоры шамамен 29 млрд текше метрге жетеді.

Бүгінгі таңда Орталық Өріктауды толық көлемде игеру тұжырымдамасы әзірленді, ол бойынша кен орнында игерілетін газды өңдеу мен дайындаудың түрлі нұсқасы қарастырылуда.

2027 жылы ҚМГ Батыс Прорва және Қаламқас кен орындарын пайдалануға беруді жоспарлап отыр, олардың жалпы болжамды өндіру көлемі – жылына шамамен 1,1 млрд текше метр.

Бұл кен орындарында газдың физика-химиялық қасиеттерін анықтау және газ өндірудің болжамды көрсеткіштерін нақтылау бойынша әртүрлі сатыларда зерттеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленуде.

Халықаралық компаниялармен (ENI, Роснефть, Лукойл, ТатНефть, Газпром және басқалары) бірлесіп жалпы перспективалы 12 геологиялық барлау жобалары, сондай-ақ қолданыстағы кен орындарын жете барлау жұмыстары пысықталуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ