Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Отандық полипропилен маркалары

17.01.2024

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) кешені полипропиленнің 64 маркасына дейін шығаруға қауқарлы. Зауыт қазіргі уақытта полипропиленнің сапалы әрі нарықта сұранысқа ие алты маркасын өндіріске енгізді. Зауыт шығарған өнімнің сапасын әлемге әйгілі швейцариялық SGS компаниясы растайды.

KPI зауыты өндірген PP H030 GP/7 және PP H120 GP/7 маркалары тамақ өнімдерінде пайдаланатын пластмасса бұйымдарды өндіруде қолданылады. Сондай-ақ, бұл марка контейнерлер мен қаптамаларды, сөмкелерді, тұрмыстық және тұтыну тауарларын өндіруде қолданылатын шикізат саналалы. Одан жасалған бұйымдар тегіс және біркелкі құрылымымен, жағымды көрінісімен ерекшеленеді.

PP H031 BF/7 полипропилен маркасы BOPP пленкасын (биаксиалды бағытталған полипропилен пленкасы) өндіруге арналған. Бұл бренд Еуропада және Қазақстанда тамақ өнімдері мен күнделікті тауарларға арналған полимерлі пленкадан жасалған қаптама, затбелгі мен скотч өндірісінде қолданылады. БОПП пленкаларының беріктігі жоғары, әртүрлі агрессивті ортаға төзімді және адам денсаулығына зиянсыз. Сондай-ақ, PP H031 BF/7 кеңсе үшін баспа кескінін ламинаттауға арналған пленкалар шығарады.

PP H036 BF/7 маркасынан азық-түлік және азық-түлік емес қаптамаларды, металдандырылған пленкаларды, екі жақты моно және көп қабатты пленкаларды жасайды. Оның фталаттарсыз болуы тұтыну талаптарына сәйкес келеді. Тауарда фтал қышқылының болмауы — еуропалық сертификаттау органдарының гигиена өнімдері мен азық-түлікті орауға арналған заттарға қоятын басты талабы. Полипропиленнің осы маркасының өңделген түрін сусын бөтелкелеріндегі жапсырмалардан, шоколадтар оралған қабықтардан көруге болады.

PP H270 FF/7 және PP H350 FF/7 маркалы полипропилен тоқыма емес маталар мен талшықтарды: агротекстильдер мен жабын материалдарын, құрылыс геосинтетикасын (мысалы, жол құрылысына арналған гео торлар) және гидрооқшаулағышты, спорттық киім элементтерін, сондай-ақ жеке күтім заттарын, медициналық қорғаныс маскалары мен халаттарды, дастархандар мен бір реттік майлықтарды жасауға арналған материал ретінде қызмет етеді.

PP H350 FF/7 инновациялық марка, сонымен қатар, фитинг-орау материалдарын, ортопедиялық матрацтарды, қақпақтарды, жұмсақ жиһаздарды, автомобиль сүзгілерін, шаңсорғыш сүзгілерін, респираторларды, сөмкелерді, қақпақтарды, корпустарды жасауға арналған шикізат.

Қазақстанда полипропилен қалай өндірілетіні туралы қысқаша мына жерден оқи аласыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ