Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Газ өндірісінің 2023 жылғы қорытындысы: ҚазМұнайГаз қай кен орындарда газ өндіре бастады

04.01.2024

Оңтүстік Ақсай. 2023 жылдың мамыр айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) Қызылорда облысының тұтынушыларына Оңтүстік Ақсай кен орнынан жылына 100 млн текше метр газ көлемінде газ жеткізе бастады (газ өндіру қоры – 1,7 млрд текше метр), осылайша газ жеткізудің жылдық қуатын 200 млн текше метрден 300 млн текше метрге дейін ұлғайтты.

Шығыс Өріктау. Былтыр қарашаның соңында Шығыс Өріктау мұнай-газ кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Кен орнында өндірілетін мұнай қоры – 4 млн тонна, еріген газ - 2,2 млрд текше метр. Бұл кен орны Қазақстанда бірінші болып жақсартылған модельдік келісімшарт аясында өнеркәсіптік игеруге көшті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 19 мың тонна мұнай және 9 млн текше метрге жуық газ өндіріледі деп күтілуде.

Рожков — бұл Мемлекет басшысының энергетика саласын дамыту және тауар газын өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2023 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген үшінші кен орны. Өндірілетін газ қоры — 26,9 млрд текше метр, конденсат — 12,5 мың тонна. Газ өндіру бойынша бір жылға жоспарланған ең жоғары көлемі — шамамен 1 млрд текше метр, ал конденсат 500 мың тоннадан асады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ