Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай ұңғымасын каротаждау

30.11.2023

Каротаж (фр. carottage, carotte сөзінен — каротаж зондымен ұқсастықты білдіретін сәбіз) — ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің кең тараған түрі.

Мұнай-газ саласында каротаждың міндеті — бұл ұңғыманың құрылымын егжей-тегжейлі және жан-жақты зерттеу болып табылады. Оны әдетте қазба (мұнай немесе газ) қабаттарын оқшаулау және олардың құрамындағы пайдалы компоненттердің құрамын бағалау үшін арнайы зондты ұңғымаға түсіріп жүргізеді. Кейде коллектордың сумен көкжиегі бар-жоғын түсіну де қажет. Өйткені бұрғылау — шығыны көп процесс, мұндай зерттеу мамандарға ұңғымадан өткен тау жыныстарының литологиясы мен тереңдігі, сондай-ақ пайдалы қазбалар қоры туралы ақпаратқа ие бола отырып, оны ұтымды етуге және кен орнын игеру траекториясын түзетуге көмектеседі.

Каротаж сонымен қатар жасалып қойған ұңғыманың техникалық жағдайын бақылауға да мүмкіндік береді. Егер ұңғыма ақаулы болса, құлау немесе жарылу қаупі бар. Бұл мұнай өндіретін кәсіпорын жұмысшыларының өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, сонымен бірге шығынға ұшыратады. Каротаж арқылы бұл салдардың алдын алуға және болырмауға болады.

Каротаждың көптеген түрлері бар. Каротаж электр, магнит, радио белсенді (ядролық), термикалық, акустикалық (ультрадыбыстық) және басқа да әдістермен жүзеге асырылады. Оларды ұңғыма оқпаны бойымен кабельге түсірілетін геофизикалық датчиктердің көмегімен жүргізген кезде ұңғымамен қиылысқан тау жыныстарының физикалық қасиеттерінің жиынтығына байланысты кейбір шамалар өлшенеді. Датчиктен келетін сигналдар үстінгі бетіне беріледі және мобильді жерүсті аппаратурасымен аналогтық (диаграмма түрінде) немесе цифрлық нысанда тіркеледі.

Электрлік әдістермен зерттеу кезінде тау жыныстарының меншікті электрлік кедергісін, диффузиялық-адсорбциялық және жасанды түрде туындаған электрохимиялық белсенділігін зерттейді.

Магниттік әдіспен тау жыныстарының магниттік сезімталдығы өлшенеді. Әдіс жасанды түрде жасалған немесе қосымша ынталандырушы әрекеттерсіз пайда болатын топырақ қабатының магнит өрісінің өзгеруіне негізделген.

Радиоактивті (ядролық) әдістер тау жыныстарының табиғи немесе жасанды түрде туындаған радиоактивті сәулеленуін ұңғымаларда өлшеуге негізделеді.

Термикалық каротаж арнайы термометр түсірілетін бұрыннан бар ұңғымалардағы температураны зерттейді. Температураның өзгеруі бойынша ұңғыманың корпусында құрылымның тұтастығын және ақаулардың болуын анықтауға болады.

Акустикалық (ультрадыбыстық) каротажды тау жыныстарындағы серпімді толқындардың жылдамдығы мен әлсіреуі қызықтырады. Әртүрлі тау жыныстарының тығыздығы әртүрлі, сондықтан ультрадыбыс олардан әртүрлі уақытта өтеді, бұл бұрғыланған кен орындарының құрылымы мен конфигурациясын түсінуге мүмкіндік береді.

Газ каротажы газбен қаныққан ең өнімді қабатты анықтауға мүмкіндік береді. Газ каротажын жүргізу үшін сезімтал газ анализаторлары қолданылады.

Сонымен бірге, кейде бұрғылау процесінде (механикалық каротаж) тау жыныстарының механикалық қасиеттерін (бұрғылануын)зерттеуге негізделген ұңғымаларды зерттеу қолданылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ