Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Баррелизация коэффициенті. Бұл не

13.03.2024

Баррелизация коэффициенті баррель мұнайды немесе газ конденсатын тоннаға айналдыру үшін қолданылады. Баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру кезінде маңызды критерий ретінде өндірілген шикі мұнайдың сапа паспортында көрсетілген тығыздығы мен температурасы алынады.

Қазіргі уақытта АҚШ, Либерия және Мьянмадан (Бирма) басқа әлемнің барлық елінде ресми түрде SI метрикалық жүйесі қабылданғаны белгілі, оған метр, килограмм, секунд, ампер, кельвин, моль және кандела секілді өлшем бірліктері жатады. Мемлекеттердің көпшілігі мұнайды тоннамен өндіреді, алайда АҚШ ең ірі қара алтын тұтынушы ел болғандықтан, оны баррельмен сатады.

Ал баррель дегеніміз — бір «бөшкеге» сыятын сусымалы заттар мен сұйықтықтар көлемiнiң өлшем бірлігі. Кейбір елдерде экономикалық есептеулерде көлемді өлшеу үшін қолданылады. 1 мұнай баррелі = 158,988 литр.

Қазақстан халықаралық өлшеу жүйесіне, сондай-ақ ұлттық өлшем бірліктері стандартына сәйкес өндірілетін мұнай көлемін тоннамен өлшейді. ҚазМұнайГазды қоса алғанда, елдегі мұнай компанияларының өндірістік нәтижелерінде тоннамен тіркеледі.

Сондай-ақ, баррелизация коэффициенттері шикі мұнайдың, газ конденсатының экспортына салынатын рента салығын есептеу үшін де қолданылады (ҚР Салық кодексі 715-бап). Мұндай коэффициенттер Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында мұнайды тапсыру және тасымалдау ұйымының қабылдау пунктінде есепке алу аспабында ресімделген әрбір тиісті мұнай партиясы бойынша сапа паспортында көрсетілген. Бұл ретте баррелизация коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес, стандартты өлшеу шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты тығыздығы мен температурасын ескере отырып белгіленеді.

ҚР АСТ 1474-2016 «Магистральдық мұнай құбырлары. Мұнайды есепке алу жөніндегі нұсқаулықтың» 9-шы «Мұнай сапасының көрсеткіштерін анықтау» бөлімінде көрсетілгендей, мұнай сапасының көрсеткіштері мұнайды қабылдау-тапсыру жүргізілетін резервуардан, құбыржолдардан, вагон-цистерналардан іріктелген мұнай сынамаларын (нүктелік, жиынтық, біріктірілген) зертханалық талдау нәтижелері бойынша айқындалады. Қабылдау-тапсыру және мерзімді сынақтардың нәтижелері сыналатын мұнай партиясының сапа паспортына енгізіледі. Содан кейін мерзімді сынақтардың бұл нәтижелері кезекті сынаққа дейін барлық партияның паспорттарына енгізіледі.

Мектептегі физика сабағында айтылғандай, сұйықтықтың массасы заттың нақты тығыздығы мен оның көлемінің көбейтіндісімен анықталады. Мұнай неғұрлым тығыз (ауыр) болса, шартты бөшкелер соғұрлым аз болады. Осы жерден мұнай нарығындағы бағалар мен баррелизация коэффициентін біле отырып, бір тонна қара алтынның қанша тұратынын шамамен есептеуге болады. Десе де, жоғарыда айтылғандай, мұнайдың тығыздығы өндірілетін шикізаттың температурасына, кен орнына байланысты әр түрлі болады. Мәселен, ҚМГ операциялық активтерінің ішіндегі ең ауыр мұнай «Қаражанбасмұнай» АҚ-да өндіріледі: баррельден тоннаға қайта есептеу коэффициенті тоннасына 6,68 баррель болады. Ең жеңілі — «PetroKazakhstan Inc» компаниясында, баррелизация коэффициенті тоннасына 7,75 баррель.

Сонымен қатар, экономика үшін ауыр және жеңіл мұнай түрлері де маңызды. Дегенмен, тапшылық немесе нарықтағы сұранысқа қарай белгілі бір мұнай бағасы артып отыруы мүмкін. Мұнай неғұрлым ауыр және тығыздығы жоғары болса, мұндай мұнайдан түрлі өңделген өнім алуға болады: бензин, авиациялық керосин және дизель отыны, битум, асфальт. Жеңіл мұнайда көбінесе жеңіл бензин фракциялары басым болады, сонымен қатар құрамында шайыр мен күкірт мөлшері аз болады. Сондықтан мұндай мұнай түрінен көбінесе жоғары сапалы жақпа майлары алынады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ