Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Аспирин — мұнайдан жасалған ғажайып ем

05.02.2024

Мұнайдан жасалған ең танымал дәрі — аспирин (ацетилсалицил қышқылының ауызекі атауы), ол ұзақ уақыт бойы өзін бас ауруына қарсы ең сенімді және қауіпсіз дәрілердің бірі ретінде көрсетті.

Ацетилсалицил қышқылын (C₉H₈O₄) сірке ангидридімен (C₄H₆O₃) ацетилдеу (органикалық қосылыстардағы сутегі атомдарын сірке қышқылының қалдықтарымен алмастыру) арқылы салицил қышқылынан (C₇H₆O₃) химиялық синтезбен өнеркәсіптік әдіспен алады.

Салицил қышқылы, өз кезегінде, мынадай тізбек бойынша алынады: мұнай → (үдеткіш немесе крекинг) → бензин фракциясы → (каталитикалық риформинг) → хош иісті көмірсутектердің хош иісті еместермен қоспасы → (бензолдің бөлінуі) → бензол → (бензолдан фенол алу) → фенол → натрий немесе калий феноляты → (көмірқышқыл газымен карбоксилдену) → салицил қышқылы.

Бұл дәрі-дәрмектің алғашқы партиясы 1899 жылы сатылымға шықты. Бастапқыда аспириннің дене қызуын басатын әсері ғана белгілі болды, кейінірек оның ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы қасиеттері де анықталды. Алғашқы жылдары аспирин ұнтақ түрінде, ал 1904 жылдан бастап — таблетка түрінде сатылды, оған ацетилсалицил қышқылынан басқа, таблетканың пішіні мен сыртқы түрін беретін заттар: әсер ету механизміне ешқандай әсер етпейтін жүгері крахмалы мен целлюлоза қосыла бастады. Осылайшы аспирин химиялық дәрі-дәрмек препараттары дәуірін ашқан әлемдегі ең танымал дәрі-дәрмектің біріне айналды.

Негізгі әсер ететін бастапқы заты осы болып табылатын препараттың 50-ден астам атауы - сауда маркасы бар. Мәселен, «Аспирин кардио», «Кардиомагнил», «Тромбо АСС», «Парацетамол», «Ацекардол» және т.б. сияқты танымал препараттар.

Бір қызығы, Оксфорд университетінің профессоры Питер Ротуэллдің зерттеулері бойынша, ацетилсалицил қышқылын үнемі қабылдау қуық асты безінің қатерлі ісігінің — 10%-ға, өкпенің қатерлі ісігінің - 30%-ға, ішектің қатерлі ісігінің — 40%-ға, өңеш пен тамақ қатерлі ісігінің — 60%-ға дамуының 20 жылдық қаупін азайтады. Ал Алабама университеті (АҚШ) мен Оттава университеті (Канада) зерттеушілерінің деректеріне сәйкес, аспирин бауырдың қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады.

10 жыл бойы аспирин қабылдаған сынаққа қатысушылар арасында гепатоцеллюлярлық карциномадан зардап шеккендер аз және созылмалы бауыр ауруларынан өлім 45%-ға аз болды. Оған қоса Перттегі Батыс Австралия университетінің ғалымдары аспирин егде жастағы адамдарға депрессиямен күресуге көмектеседі дейді.

Бірақ, екінші жағынан, сол Оксфорд профессоры Питер Ротуэлл атап өткендей, қан ұюының алдын алу мақсатында күнделікті төмен дозалы аспиринді антикоагулянт ретінде қабылдау 75 жастан асқан, инфаркт пен инсульт алған науқастар үшін зиянды және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жағдайларда ішкі қан кету қаупі күрт артады. Сонымен бірге, аспиринді ешқандай жағдайда бақылаусыз және дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайтынын есте ұстаған жөн. Артық дозалану бүйректің, мидың, өкпенің және бауырдың ауыр патологияларына әкеледі.

Сонымен қатар, ғалымдар жанама әсерлері барынша азайтылған жаңа аспирин препараттарын әзірлей отырып, мұнайдан жасалған ескі препараттың жаңа қолданысын табуды жалғастыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ