Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Құрметті ел азаматтары, инвесторлар, серіктестер, әріптестер!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының IPO туралы бөліміне қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттің ел экономикасындағы үлесін бірте-бірте азайту бағыты жайында, оны мемлекет активтерін жекешелендіру мен ұлттық компанияларды IPO-ға шығару арқылы жүргізу туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын қор биржаларына шығару жолдарын қарастырып жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, IPO (ағылшынша Initial Public Offering) – компанияның өз акцияларын ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында көпшілікке бастапқы жария ұсынуы.

Бұл бөлімде IPO, оның кезеңдері, акцияларды сатып алу бойынша қадамдар, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметі туралы толық ақпаратты таба аласыз.

Барша қазақстандық IPO арқылы компаниямыздың акцияларын сатып алу мүмкіндігіне ие болуын көздейміз. Өйткені «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – бүгінде мұнай-газ саласындағы және жалпы Қазақстан нарығындағы ірі компаниялардың бірі. Елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 25%-ы компания үлесінде, тасымалдаудың 56%-ы және өңдеуде 82% үлеске ие. Компанияның жыл сайынғы қаржылық және өндірістік көрсеткіштері жоғарылап келеді.

Компаниямыздың инвесторлар үшін тартымды болуына және олардың инвестициялық портфелінен лайықты орын алуына бар күш-жігерімізді саламыз.