Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
120 МВт гибридті электр станциясының құрылысы

120 МВт гибридті электр станциясының құрылысы
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы
Іске асыру мерзімдері
2025-2028 жылдар
Қатысушылар
КМГ (49%), ENI (51%)
Ағымдағы жағдайы
2023 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен кездесуде Жаңаөзен қаласындағы гибридті электр станциясының құрылысы жобасын ҚМГ мен ЭНИ арасында іске асыру приницптері туралы келісімге қол қойылды. 17-19 қазанда Жаңаөзен қаласында ҚМГ, ЭНИ, ӨМГ және ҚазГӨЗ өкілдерінің кездесулерінің қорытындысы бойынша ЖЭК электр энергиясын сату және газ электр станциясын операциялық жалдау шарттарының негізгі талаптары келісілді. Эни компаниясы СЭС, ЖЭС және газ электр станциясы объектілері бойынша EPC-мердігерлерді анықтау бойынша тендерлік рәсімдерді аяқтауда.
Негізгі көрсеткіштер
  • 1
    Жылына 1 млн МВт*сағ электр энергиясы
  • 322.5
    млн АҚШ доллары, инвестиция
  • 800
    жаңа жұмыс орындары, құрылыс кезеңінде
  • 80
    жаңа жұмыс орындары, пайдалану кезеңінде

Жобаның мақсаты: гибридті жоба Маңғыстау энергия торабындағы авариялық шектеулер мен ажыратулар нәтижесінде ҚМГ ЕТҰ мұнай өндіру көлемінің жоғалу қаупін азайту мақсатында іске асырылуда және Қазақстан үшін бірегей болып табылады, өйткені бір мезгілде энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді және ЖЭК-тен ~ 40% "Жасыл" электр энергиясын тартуға мүмкіндік береді.

Гибридті электр станциясы (Гибридті жоба) жаңартылатын көздерден (жел мен күн) және газ электр станциясынан (ГазЭС) электр энергиясын біріктіріп өндіруді көздейді, бұл мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- атмосфераға СО2 шығарындыларының жалпы төмендеуі (төмен көміртекті генерацияның үлесі ~ 37%)

- газ электр станциясының маневрлік қуаттарымен ЖЭК тербелмелі генерациясын теңестіру есебінен электр энергиясын тұрақты жеткізу

Негізгі тұтынушылар: Өзен және Қарамандыбас к/о, "Өзенмұнайгаз" АҚ – 91 МВт, "УПСВ-2 Альбсеноман ярусы" жобасы - 2,06 МВт, ҚазГӨЗ жаңа зауыты – 9,5 МВт

Баспасөз-релиздер
Барлық жаналықтар