
1984 жылы 24 шілдеде дүниеге келген.
Білімі:
И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» МВА дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2006 жылы «Интегра» ЖАҚ-та (Ресей Федерациясы) бастап, онда диспетчер, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылау инженері (ұңғымада) лауазымдарында жұмыс істеді.
2007 – 2008 жылдары – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ өндіріс департаментінің техникалық маманы.
2008 жылдан 2011 жылға дейін «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» өндірістік департаментінде бұрғылау инженері болып жұмыс істеді
2011 – 2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын барлау және дамыту жобаларын басқару департаменттерінің 1-санатты менеджері лауазымында жұмыс істеді.
2012 – 2015 жылдары – «Ромпетрол С.А.» (Румыния) Бас директорының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары, барлау және өндіру департаментінің директоры.
2015 жылдан 2016 жылға дейін «ҚМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС Бас директорының геология және өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2016 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі.
2017 – 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментін басқарды.
2021 – 2023 жылдары «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары лауазымын атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.