Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз еліміздің мұнай газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсатқа көшу рәсімдерін талқылауға қатысты

17.04.2024

Қазақстан Республикаcының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Жұмыс тобы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Экологиялық кодексімен талап етілетің елдің ірі өндірістік кәсіпорындарының кешенді экологиялық рұқсаттарға (КЭР) көшуі жөніндегі Жол картасын әзірлейді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ү.ж. 16 сәуірде Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысушылар − Өтпелі алгоритм  мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып әзірленетін болады деген келісімге келді.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) іс-шарада «ҚМГ компаниялары тобында кешенді экологиялық рұқсат алудағы ағымдағы сын-қатерлер» атты баяндама жасап, КЭР алуға дайындық бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ жаңа экологиялық рұқсатты рәсімдеуге және одан әрі реттеуге байланысты жекелеген мәселелерді талқылады.

Бұл рұқсаттарды алу өндірістік кешендерде ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізуді көздейді. Мұндай технологияларға − қалдықтары аз, энергия үнемдейтін технологияларды, авариялардың алдын алу әдістерін пайдалану және қоршаған орта үшін жағымсыз салдарларды барынша азайту, технологиялық процесте түзілетін және пайдаланылатын заттарды қайта өңдеу және т.б. жатады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, «KAZENERGY»  мұнай-газ және энергетика секторы ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» «ECOJER», қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының, ҚМГ, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы отандық және шетелдік компанияларының өкілдері қатысты.

Талқылауға қатысушылардың пікірінше, жаңашылдықты енгізу үшін ҚЭР алу регламентін, оның ішінде мұнай-газ саласының ерекшелігін ескере отырып пысықтау талап етіледі. Мысалы, өтінім материалдарының пакетін, соның ішінде КЭР алу үшін қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті уақытты регламент ескеруі керек.

Өткізілген іс-шара саланы дамытуға бағытталған сындарлы ұсыныстарды әзірлеуге оң ықпал етті.

Анықтама:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-санаттағы кәсіпорындардың тізіміне кіретін 50 ірі кәсіпорын кешенді экологиялық рұқсаттар алуы туралы экологиялық заңнаманың талаптары күшіне енеді. КЭР −қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндетті талаптардың тізімін қамтитын және компанияның тиісті салалық анықтамалықтарда көрсетілген шығарындылар, төгінділер, су тұтыну және энергия тиімділігі жөніндегі технологиялық нормативтерге сәйкестігін көздейтін рұқсат беру құжаты. Технологиялық нормативтерге қол жеткізу өндірістік учаскелерде және жабдықтарда ЕҮҚТ енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Қазақстанда ЕҮҚТ енгізуді ынталандыру үшін КЭР берілген күннен бастап кәсіпорындар шығарындылар, ластаушы заттардың төгінділері, қалдықтарды көму төлемдерді төлеуден босатылады, керісінше, КЭР-ы жоқ кәсіпорындарда экологиялық төлемдер бірнеше есе өсетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>