Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен АМӨЗ «ГТЭС құрылысы» жобасы бойынша потенциалды инвесторларға Ашық есік күндерін өткізді

18.08.2023

17-18 тамыз аралығында АМӨЗ-де ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың газтурбиналық электр станциясын (ГТЭС) іске қосуды жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ашық есік күндері өтті. Потенциалды инвесторлар, құрылыс және газбен жабдықтаушы компаниялардың өкілдері жобамен танысып, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС делегацияларымен бірге ынтымақтастықтың басым тұстарын талқылады.

ГТЭС құрылысының басты мақсаты – зауыттың жаңа бөлігін тұрақты түрде сыртқы электр қуатымен қамтамасыз ету, кәсіпорындағы жабдықтар жұмысының тоқтауын барынша азайту және штаттан тыс жағдайлар кезінде газды мәжбүрлі түрде факелді қондырғыларға жіберу қаупін төмендету. ГТЭС қуаты - 154 мВт*сағ. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Ашық есік күндеріне ҚР Энергетика министрлігі, «Qazaq Gaz» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «KEGOС» АҚ өкілдері және потенциалды инвесторлар шақырылды. Шараға жобаның жүзеге асуына қызығушылық танытқан 40-тан астам отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Олар ГТЭС құрылысы жобасын таныстыру барысында жоспарланған жұмыс көлемі, негізгі талаптар, энергетикалық ресурстардың параметрлері туралы ақпарат алып, ГТЭС салынатын аймақта болды. Сұрақ-жауап сессиясында негізгі және қосалқы жабдыққа қатысты мүмкін болатын техникалық шешімдер, энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету шарттары, инвестицияларды қайтару механизмі, сондай-ақ жобаға қатысу тәуекелдері мен кепілдіктері талқыланды.

Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес Инвестор нысанды кешенді жобалау, құрылыс және қаржыландыру бойынша жұмыстарды орындайды. Артық электр энергиясын облыс тұрғындарына бірыңғай сатып алушы арқылы сату жоспарлануда.

ГТЭС жобасын жүзеге асырудағы негізгі талаптардың бірі – су ресурстарын тиімді пайдалану және суды тұтыну көлемін азайту болып табылады. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ГТЭС тұтынатын тұщы судың бастапқы көлемі 650 м3/сағ құрайды. Алайда, құрғақ градирня секілді ең үздік қолжетімді технологияларды пайдалану арқылы көрсеткішті 150-200 м3/сағ дейін төмендетуге болады. ГТЭС-ті сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен бірлесе отырып анықталады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>