Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Маңғыстау облысындағы кен орнында мұнай бұрқағы атқылады

23.06.2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Маңғыстау облысындағы Шығыс Бектұрлы барлау блогында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысында бұрқақты мұнай ағыны алынғанын хабарлайды.

12 мм штуцерде тәулігіне 100 м3 дейінгі дебитпен бұрқақты мұнай ағыны (мұнайдың үлес салмағы – 0,82-0,85 г/см3) тарихи деректерді кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу, бассейндік үлгілеу, жоғары технологиялық сейсмобарлау жұмыстарының және Шығыс Бектұрлы-1 іздестіру-барлау ұңғымасының оңтайлы орналасуы нәтижесінде орта юра дәуірі қабатынан алынды. Бұдан бөлек, мұнай (үлес салмағы – 0,82 г/см3) алдыңғы сынақ нысандарынан орта және төменгі юра қабаттарының сынамаларын іріктеу жолымен алынған болатын, сондай-ақ триас шөгінділерінен де көмірсутектің белгілері анықталды.

Қазіргі уақытта мұнай-газ көкжиегінің ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында ұңғымада кәсіпшілік геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер кешені жалғасуда.

Шығыс Бектұрлы учаскесі Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Өзен-Қарамандыбас, Жетібай, Бектұрлы, Шығыс Жетібай, Ақтас және басқа да қолданыстағы мұнай-газ кен болып орындарына жақын маңда орналасқан. Шығыс Бектұрлы учаскесінде «Becturly Energy Operating» ЖШС жоба операторы табылады. Аталған компанияның 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға, 50%-ы «Көкел Мұнай» ЖШС-не тиесілі.

ҚМГ жаңа кенорындарды игеруде серіктестермен өзара ынтымақтастық барысында кэрри-қаржыландыру талаптарын ұстанатынын атап өткен жөн. Яғни, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шығындары серіктес ұйымға жүктеледі. Геологиялық барлау жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда, серіктес ұйым жұмсалған шығынның орнын мұнай өндіру есебінен толтырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>