KZ
Біздің прогресс
БІЗДІҢ БАСҚАРУ ТӘСІЛІМІЗ

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелерін басқару мақсаты Компанияның Даму стратегиясымен тікелей байланысты.

ҚМГ-2028 стратегиясы экологиялық жауапкершілікті арттыру бойынша стратегиялық бастамаларды қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде Компания үшін басым бағыттар парниктік газдар шығарындыларын басқаруды және газды жалындатып жағуды қысқартуды, су ресурстарын басқаруды, өндіріс қалдықтарын басқаруды, жерді қайта құнарландыруды және энергия тиімділігін арттыруды қамтиды.

Стратегияның басымдықтарына сәйкес 2019 жылы Компанияда «Экологиялық саясат» бекітілді. ҚМГ және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалға қатысты нөлдік төзбеушілік қағидатын қадағалауы тиіс. Сонымен, мысалы, Саясатта алғаш рет климат, биоалуантүрлілік, экологиялық құнды аумақтардағы тәуекелдерге қосымша бағалау жүргізу жөніндегі міндеттемелер, ластанған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, құбыржолдардың бүтіндігін қамтамасыз ету сияқты экологиялық аспектілерге назар аударылады.

7-қағидат. Қоршаған орта: Іскерлік топтар экологиялық проблемаларды шешу кезінде сақтық тәсілін қолдауға тиіс

8-қағидат. Қоршаған орта: Іскерлік топтар үлкен экологиялық жауапкершілікті алға бастыру үшін бастамалармен бірге шығуы тиіс

9-қағидат Қоршаған орта: Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуын және таратылуын көтермелеу тиіс

2015 жылы ҚМГ дүниежүзілік GGFR Банкінің 2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын (ІМГ) тұрақты жағуды толық тоқтату жөніндегі бастамасын қолдады.

Жоғарыда көрсетілген бастаманы іске асыру шеңберінде 2019 жылы ҚМГ-де Шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Сегіз негізгі қағидаттан тұратын саясат, солардың ішінде алтауы тікелей климатты өзгерту мәселелеріне жатады, тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтатуға бағытталған.

Топта қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы негізгі стратегиялық бастамаларды қамтитын ҚМГ-де еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы-2020 іске асырылуда. Компания жыл сайын кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салады, қолда бар өндірістерді қайта жаңартуды жүргізеді, құбырлар мен инфрақұрылымды салуға, мысалы, газды қайта өңдеудің кешенді қондырғысын салуға, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салуға инвестиция құяды.

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бағыттары бойынша қызметтің тиімділігі бағаланатын негізгі көрсеткіштер
ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша менеджмент жүйесі

ҚМГ-да денсаулықты сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі ең үздік халықаралық практикалар және мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының: IOGP, ISO 14000 және ISO 45001 ұсынымдары негізінде әзірленген. Жүйе 10 саладан тұрады және мынадай негізгі қағидаттарды ұстанады: көшбасшылық, мақсатқа қол жеткізу, тәуекелдерді басқару және тұрақты жетілдіру.

2006 жылдан бастап Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесі енгізілді. Энергияны тұтынудың елеулі деңгейі бар ұйымдар ISO 50001 стандартына сәйкес сертификатталған. Менеджмент жүйелерінің тиімділігін тәуелсіз аудиторлар үнемі растап отырады.

Еңбекті қорғау саласындағы басқаруды жетілдіру мақсатында ҚМГ тобының еншілес және тәуелді ұйымдары 2021 жылға қарай өзінің денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін OHSAS 18001:2007 алмастыратын ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестігін сертификаттауды жоспарлап отыр.

Компанияда ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ аспектілерін басқарудың үш деңгейлі жүйесі жұмыс істейді:

1.ҚМГ Директорлар кеңесінің деңгейінде.

2.ҚМГ Басқармасы деңгейінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі комитет.

3.Еншілес және тәуелді ұйымдардың ЕҚОҚ жөніндегі комитеттері.

2019 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті өз қызметін бастады.

Еңбекті, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша есептер ҚМГ Директорлар кеңесінің отырыстарына ай сайын ұсынылады және егжей-тегжейлі ақпараттық есептер ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитетінің отырыстарына ұсынылуда.

Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл

Компания жұмыстарды жоғары деңгейде орындауға кепілдік беру үшін әлеуетті өнім берушілерді іріктеу өлшемшарттарын арттыруға және қызмет көрсетудің барлық циклінің толық айқындылығын арттыруға ұмтылады. ҚМГ компаниялары тобындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандарт Менеджмент жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады және ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын сақтау жөніндегі келісімді және оларды бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын, техника мен жабдықтың, мердігер персоналының дайындығына алдын ала жұмылдыру аудитін, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы қызмет нәтижелері бойынша мердігердің бағалауын қамтитын мердігерлік ұйымдармен шарттарға қойылатын талаптарды қамтиды. Бұдан басқа, Компания ҚМГ-нің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы талаптарын және бірлескен болашақ серіктестіктерін талқылау үшін әлеуетті өнім берушілермен форумдар, кездесулерді тұрақты өткізіп тұрады.

ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жоғары басшылықтың көшбасшылығына және бейілділігіне негізделген және әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған. Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы жазатайым оқиғалар мен аварияларға, алкогольді, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын және жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Компания ұлттық заңнамадан басқа халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді.

2019 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Kazakhstan Energy Week 2019 шеңберінде IOGP (Халықаралық мұнай мен газ қауымдастығы) қолдауымен форумның ресми бағдарламасы шеңберінде өткен және демеушісі ҚМГ болып табылатын Каспий өңіріндегі ЕҚОҚ бойынша алғашқы SPE (Мұнай-газ өнеркәсібінің Инженерлер қоғамы) симпозиумы өтті. Симпозиум денсаулық, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне арналған. Бүгінгі күні ҚМГ-да ЕҚОҚ мәселелері тиімділікті арттыру, шығындарды төмендету, өндірістік бағдарлама көрсеткіштерін ұлғайту, рентабельділікті арттыру, командалық мотивация және барлық мұнай-газ компаниялары жұмыс істейтін ортаның әлеуметтік жауапкершілігі сияқты бағыттармен бірге жұмыс істейді. Қалыптасу мен өсудің қиын жолынан өтіп, біз жұмысы тек заңнамаға негізделген Компания мәртебесінен шықтық және ЕҚОҚ саласындағы үздік халықаралық және салалық практикалармен айналысатын жобалық компания болып табыламыз.

Симпозиум «Нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу» тақырыбына арналды, оның басты мақсаты – инциденттерсіз құндылық/қағидатты құру, инновацияны белсенді енгізу және дамып келе жатқан іскерлік климат жағдайында сабақ алу болып табылады. Біз өз саламыздың туындайтын техникалық және әлеуметтік проблемаларға сенімді және экологиялық тұрғыдан орнықты түрде қалай әсер ететінін және ықпал ете алатынын қарастырдық. Бұдан басқа, біз цифрландыру мен автоматтандыруды жасайтын мүмкіндіктерді және біздің сала артықшылықтарды қалай пайдалана алатынын және оның ымыраласуы үшін емес, ЕҚОҚ саласын толықтыру үшін осындай инновацияны біріктіре алатынын зерттедік.

Қоршаған орта ресурстарын ұтымды пайдалану және орнықты даму: су ресурстарын басқару, қалдықтарды кәдеге жарату, шығарындыларды басқару, қоғамдық инвестициялар және әлеуметтік жобалардың ұзақ мерзімділігі және адамдардың әл-ауқаты, сондай-ақ ұлттық мұнай компаниялары энергетикалық құрылымдағы өзінің заңды орнын қорғауы тиіс сияқты тақырыптар да қозғалды.

Симпозиумда абсолюттік көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті, қызметкерлердің ойлауын, қарым-қатынасын және мінез-құлқын қалыптастыратын стандарттар мен нормалар мәселесі қаралды. Өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті «біз жұмысты, әсіресе бізді адамдар бақыламаған кезде қалай атқарамыз» қағидатымен айқындалады. Біз «адам факторы» ұғымын біздің саламыз үшін жаңа себеп-салдарлық фактор ретінде қарастырдық, ол қатысушылардың басым бөлігінің терең қызығушылығын және көптеген сұрақтарын тудырды.

Бұл симпозиумға ЕҚОҚ тиімділігін жоғарылату үшін озық тәжірибелермен, инновациялық тәсілдермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін Upstream, Midstream және Downstream секторларынан 300-ден астам жергілікті, аймақтық және халықаралық сарапшылар мен тәжірибешілер жиналды.

2019 жылы қауіпсіз жүріс-тұрысты анықтауға және түзетуге топтастырылған «Салдарларсыз оқиғалар бойынша есептілік / Qorgau картасы» пилоттық жобасы іске қосылды. «Салдарсыз оқиғалар бойынша есептілік» бағдарламасы жұмыстың қауіпсіз емес жағдайларын айқындауға бағытталатын болады. Бұл бағдарлама барлық деңгейдегі қызметкерлерді жұмылдырады және оларға өздерінің алаңдаушылығын, проблемалары мен ұсыныстарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Жер үсті көлігінің қауіпсіздігі бойынша басқару жүйесіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жақсартуды талап ететін үш сала анықталды: жүргізушілерді оқыту және біліктілігі, GPS көлік құралдарына мониторинг жүргізу жүйесі және сапарларды басқару жүйесі. Көлік қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту және әдіснамалық базаны күшейту және ҚМГ көлік қауіпсіздігі саясатына сәйкес біріздендірілген талаптарды орнату үшін ҚМГ жаңғырту жөніндегі кеңестің 23.10.2019 жылғы шешімімен ҚМГ цифрлық трансформациялау бағдарламасында «Сапарларды басқару» жобасының бастамашысы мақұлданды.

Жобаның мақсаты ең үздік халықаралық тәжірибе негізінде қауіпсіз жүргізу мәдениетін құру, сондайақ заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және процестерді автоматтандыру арқылы көлік қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Жобаны іске асыру мерзімі: 2020–2022 жылдар. Жоба барлық жер үстіндегі көлік операцияларына қатысты жол жүру қауіпсіздігін басқаруға қойылатын талаптарды біріздендіруге, негізгі метрикаларды орталықтандырылған бақылауды енгізуге және талдамалық есептер мен корпоративтік көрсеткіштерді енгізу арқылы автокөлікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А. Айдарбаевтың Еңбекті қорғау мәселелері бойынша 1-симпозиумда сөйлеген сөзі, Нұр-Сұлтан қ., 24.09.2019 жыл

«Нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу» – бұл жай ғана сөз емес, бұл бәріміздің, мұнай-газ саласының өкілдері алдында тұрған нақты, айқын және толық көзге түсетін мақсат. Бұл біздің, әркім өзінің компаниясында және бір уақытта бірлесіп жасауға тиісті жұмысымыз. Үнемі жетілдіріп, үздіксіз жаңа әдістемелер іздестіруге тиістіміз. Бұның бәрі жұмыс орнындағы қауіпсіздікке абсолютті деңгейде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін. Себебі адам өмірі мен денсаулығының құндылығы кез келген өндірістік көрсеткіштерден жоғары болмақ.

Өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қамқорлық жасау еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын жақсартудан басталады. «ҚазМұнайГаз» өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына лайық болуға тырысады, біз бұл мәдениеттің нығаюы мен өсуі үшін барлық жағдайды жасаймыз.

2019 жылғы негізгі көрсеткіштер

Біздің қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығы басымдық болып табылады, сондықтан да біз ешқашан жазатайым оқиғаларды нөлдік деңгейге дейін төмендетуге, яғни қауіпсіздіктің 100 %-ына қол жеткізуге бағытталған басты мақсатымыз бойынша жұмыс істеуді тоқтатпаймыз.

Соңғы 5 жыл ішінде біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартуға қол жеткіздік. Біздің қызметкерлеріміз қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалып, өздерін, әріптестерін және қоршаған ортаны қорғау үшін ең жоғары стандарттар мен қағидаттар енгізілгенін атап өтті. Бірақ, біз қайда ұмтылатынымызды білеміз.

2019 жылдың екінші жартысында, өкінішке орай, біз жазатайым оқиғалар – жол-көлік оқиғасы мен өрт салдарынан екі қызметкерден айырылып қалдық.

• Жарақаттану коэффициенті – 0,31 (2018 жылмен салыстырғанда 0,32).

• Алтын қағидаларды бұзу 2018-бен (47/36) салыстырғанда 23 %-ға азайды.

• Қол мен саусақтардың жарақаттануы 2018-бен (21/9) салыстырғанда 57 %-ға азайды.

• ҚМГ КО аудиттерін өткізу жоспары орындалды (15 ЕТҰ мен ПҰ-ның 15-і).

• ЕҚОҚ бойынша 10 корпоративтік басқарушы құжат бекітілді.

2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

ҚМГ мен ЕТҰ-да денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы мәселелерді басқару қазақстандық заңнаманың: Еңбек кодексінің, Денсаулық туралы кодекстің, ҚР санитарлық ережелері мен нұсқаулықтарының, денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық талаптардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2019 жылы ЕТҰ қызметкерлерінің ауруларына байланысты еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 162 153 күнді құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 54 050 күнге аз немесе 24,9 %. ЕТҰ қызметкерлері арасында өндіріске байланысты емес өлім жағдайларының саны 2018 жылмен салыстырғанда 8 жағдайға немесе 38,0 %-ға азайды.

Басқарманың 27.09.2016 ж. шешімімен (№ 39 хаттама) бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары Тобындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі Жол картасы-2020 іске асыру шеңберінде бірінші кезекте, қызметкерлердің ауруларын және жарақаттанумен байланысты емес өлім-жітімдерін азайтуға бағытталған ҚМГ корпоративтік сауықтыру бағдарламалары кезеңкезеңмен енгізілуде.

Денсаулықты және еңбек гигиенасын қорғау саласындағы басқаруды жақсарту және тиімділік үшін мынадай іс-шаралар жүргізілді:

Тәжірибе алмасу мақсатында ҚМГ денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы жөніндегі функционалдық тобына кіретін ЕТҰ мамандарын тарта отырып, ЕТҰ-ға кешенді тексерулер жүргізілді;

Мамандандырылған медициналық ұйымдар мен төтенше жағдайларға ден қоюдың мемлекеттік қызметтерін тарта отырып, ЕМГ, ҚГМ, ҚТО және АМӨЗ-де оқиғалар мен жазатайым оқиғалар кезінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша оқу дабылдары өткізілді;

«Кәсіптік патология және еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау» тақырыбы бойынша ЕТҰ-ның денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша мамандарын оқыту (семинар/тренинг) ұйымдастырылып өткізілді (Атырау қ.).

2019 жылы жүрек-қан тамыры ауруларына байланысты қызметкерлер арасында өлім-жітімнің алдын алуға және төмендетуге бағытталған «Инфаркт пен инсульттарды болдырмау» ҚМГ денсаулықты қорғау жөніндегі корпоративтік науқаны әзірленіп, енгізілуде. «Сауықтыруға 10 қадам», «ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламент» және «ҚМГ компаниялар тобында денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы жөніндегі корпоративтік стандарт» бастамаларын енгізуге бақылау және мониторинг жүргізіледі, оның негізгі міндеттері қызметкерлердің денсаулығы үшін тәуекелдерді бағалауға негізделген жұмыс орындарында денсаулықты қорғауды және еңбек гигиенасын басқаруға бірыңғай талаптар белгілеу болып табылады.

2020 жылы мынадай басым бағыттар бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр:

1.ҚМГ компаниялар тобында денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы жөніндегі корпоративтік стандарттың негізгі корпоративтік құжатын, оның ішінде тәуекелдерді, медициналық пункттер мен жабдықтардың жарақтандырылуын және оның негізінде басқару жүйесін жақсарту жөніндегі шаралар әзірленетін шұғыл медициналық ден қоюға әзірлікті бағалауды қоса алғанда, басқару жүйесінің ағымдағы деңгейін бағалауға арналған құралдарды енгізу.

2.Денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы мәселелерін бақылау және мониторинг жасау үшін ЕТҰ-да аудит өткізу.

3.ММГ АҚ, ИОА ЖШС, ПМХЗ ЖШС, ҚБМ ЖШС базасында ҚМГ компаниялар тобына шұғыл медициналық көмек бойынша үлгілік оқу дабылын ұйымдастыру

4.ЕТҰ-ның Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша мамандарды оқытуды (семинар/тренинг) ұйымдастыру және өткізу.

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК

2019 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығына (IOGP) кіретін халықаралық мұнай өндіруші компаниялармен бірге Tier 1 Process Safety Event Rate (PSER) өндірістік қауіпсіздік оқиғаларының коэффициенті бойынша ҚМГ бенчмаркингі орындалды. IOGP компаниялар тобы бойынша бұл көрсеткіш 0.17 құрайды, ол 1.76 құраған «Барлау және өндіру» бизнес-бағыты бойынша ҚМГ көрсеткішінен айтарлықтай төмен. Бұл ретте 2019 жылы «Барлау және өндіру» бағыты бойынша мұнайдың төгілу көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 15 %-ға азайып, 646 тоннаны құрады. Өткен жылғы көрсеткіш 741 тоннаны құрады.

Бұл нәтижелер тозған құбырларды ауыстыруға және тежеу арқылы құбырларды тоттанудан қорғауға бағытталған «Барлау және өндіру» бизнес – бағытындағы компанияның ЕТҰ-дағы кәсіпшілік құбырлардың сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды жалғастыратын іске асырудың салдары болып табылады. 2019 жылы Компанияның өндірістік объектілерінде адам шығындарынсыз техногендік сипаттағы 3 авария орын алды. Осы оқиғалардың сипатын негізге ала отырып, олар кейіннен газ-судың білінуімен бақылауға байланысты ұңғыманың шығуына жатады, басқа жағдайда – жану болды.

2019 жылы 13 наурызда Қаламқас кен орнының күрделі учаскесінде ұңғыманы салу барысында техногендік сипаттағы газ-су білінді. Мамандар 13-24 наурыз аралығында бұрғылау ерітіндісі ауырлатылған ұңғыманы жуу, сондай-ақ грифондарды жою үшін жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізді. Алдын ала қабылданған күш-жігерге қарамастан, 25 наурызда газ-су қоспасының шығарылу ошағы жанды. 2019 жылғы 28 наурызда грифонның жану ошағы өздігінен жойылды. Құрбан болған және зардап шеккен адамдар жоқ.

Ілеспе судың төгілу алаңы шамамен 1,5 км2 құрады. Каспий теңізінің қорғаныс бөгетіне дейінгі қашықтық – 4,5 км, бұл теңізде ілеспе судың төгілуін болдырмайды. Кен орнының елді мекендерден алыс болуына байланысты (жақын жердегі Шебір ауылы 70 км-ден астам қашықтықта орналасқан) халыққа әсерін тигізген жоқ. Мемлекеттік органдар кен орнының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауа мен топырақтың, кен орны ауданындағы Каспий теңізінің суының сынамаларын жоспардан тыс іріктеуді жүргізді. Іріктелген сынамаларда ластаушы заттардың шекті жол берілетін шоғырлануынан асып кету тіркелген жоқ.

2019 жылғы тамызда және қазанда Атырау облысында газ-мұнай-су білінуі және жерасты жабдығын кейіннен шығара отырып, газ білінудің екі оқиғасы орын алды.

Компания қалпына келтіру жұмыстарының кешенін жүргізді. Алынған сабақтарды талдау нәтижелері бойынша болашақта ұңғымалардың сапасы мен қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету бойынша түзету ісшараларының жоспары әзірленді.

Төтенше (дағдарыс) жағдайларын жоюға дайындық

Ден қоюдың жеделдігін қамтамасыз ету, ықтимал дағдарыстық жағдайлардың ушығуына жол бермеу, салдарлардың ауырлығын және олардың туындауы салдарынан ықтимал залалды азайту мақсатында Дағдарыстық жағдайларды басқару жүйесі енгізілді.

ҚазМұнайГаз компаниялары тобында өндірістік объектінің және еншілес ұйымның деңгейінен оқиғаға ден қоюды корпоративтік орталық тарапынан дағдарысты жағдайды стратегиялық басқару деңгейіне күшейтуді қамтамасыз ететін үш деңгейлі басқару жүйесі қолданылады.

2019 жылы Дағдарыс жағдайларын басқару командасының бірінші оқуы өткізілді. ЕТҰ-да дағдарыс жағдайларын басқару жүйесі бойынша ішкі оқытулар жүргізілуде.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

Біз қоршаған ортаға әсерді төмендету және мейлінше азайтуға бағытталған кешенді шараларды қабылдау үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қатысу аймағында қолайлы экологиялық жағдайды сақтау үшін қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінеміз.

Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және «КРЕОН» тобы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (UNEP), CREON Capital және Ұлттық рейтингтік агенттігімен (ҰРА) ұйымдастырған 2019 жылғы экологиялық жауапкершілік саласындағы мұнай-газ компанияларының ашықтығының Еуразиялық рейтингінің қорытындысы бойынша ҚМГ рейтингті қатарынан үшінші жыл басқарып, Қазақстандағы ең экологиялық ашық және жауапты компания атағын тағы да растап, 1-ші орынға ие болды

Зерттеу жүргізудің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетуге және көмірсутек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, сондайақ әлеуметтік-жауапты бизнесті жүргізуге ықпал ету.

2019 жылдан бастап рейтинг өзінің қамтылуын кеңейтті және Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан компанияларын қоса алғанда, «еуразиялық» болды, келесі кезеңде Өзбекстан мен Түркменстанды қосу жоспарланып отыр. Рейтинг таңдауына Қазақстанның 14 мұнай-газ компаниясы кірді, олардың көмірсутегілерді өндіру көлемі жарты миллион тоннадан астам тоннаны құрады.

Бұдан басқа, ҚМГ 17 еншілес компаниясы арасында жеке зерттеу жүргізілді (қатысу үлесі кемінде 50 %, сондай-ақ рейтингтің басқа талаптарына сәйкес). Бұл ретте рейтингке өндіруші активтер ғана емес, сонымен бірге өңдеу және тасымалдау бағыты бойынша компаниялар да енгізілді. Онда «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ көшбасшылық орынға ие болды.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор Сақтағанов Қайрат Таубайұлы

«Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді жақсартуға жүйелі түрде қол жеткізуде. Ілеспе мұнай газын тиімді пайдалануды арттыру бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде атмосфералық ауаға ластаушы заттар мен парниктік газдардың шығарындылары айтарлықтай қысқарды, қалдықтарды, оның ішінде тарихи қалдықтарды кәдеге жарату және ластанған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар орындалуда.

Бағдарламаның өткізілетін және жоспарланған іс-шараларының арқасында жер үсті табиғи көздерінен су тұтыну азайтылатын және сарқынды сулардың сапалық құрамы жақсартылатын болады. Маңғыстау облысында тұщыту зауыты салынып жатыр. Жаңаөзен қаласының әкімдігімен «Кендірлі» демалыс аймағы ауданында тұщыту зауытын салу бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ультрасүзгілеу және кері осмос қондырғыларында ағындарды терең тазарту МӨЗ-ге бұған дейін қалалық сумен жабдықтау жүйелерінен алынатын жылына 1,5 млн м3 дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, ҚМГ қатысу өңірлерінде қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға үлес қосады».

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым жобалар

• Тарихи ластануларды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ету көздерін (жұмыс істемейтін ұңғымаларды, сарқынды су жинағыштарды, полигондар және өзге де өндірістік объектілерді) жою;

• Технологиялық шешімдерді жетілдіру жолымен қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, мысалы, отын мазутын технологиялық пештерде отын ретінде пайдаланылатын отынға/табиғи газға ауыстыру, жаңа буын қоспаларын пайдалану, өндірістік объектілердің аумағын көгалдандыру және абаттандыру, жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар, газды қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кеңейту, газды қайта өңдеу бойынша қондырғыларды салу және т.б;

• Ластаушы заттардың төгінділерін қысқарту: «Тазалық» жобасы: «АМӨЗ» ЖШС ағынды сулардың тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Бұзылған арқалық» булану алаңдарын қалпына келтіру;

• 3 000 м3 көлемінде таза техникалық су көлемін ұлғайту үшін градирняларды күрделі жөндеу, тазарту құрылыстарын тазалау тиімділігін жақсарту.

NAMA климаттық жобасы шеңберінде ҚТГӨ «Автокөлік құралдарын Аи, Дт дәстүрлі отынынан КПГ пайдалануға (паркті жаңарту) ауыстыру» іс-шарасы шеңберінде өз автопаркіндегі газ АТиСТ үлесінің одан әрі өсуін жоспарлап отыр. 2020–2024 жылдар кезеңінде автопарк құрылымын жаңғырту есебінен газ автомобильдерінің үлесі (Еуро 3 класынан төмен емес) 35 пайызға дейін өсуі тиіс. СКГ пайдаланатын жаңа 16 автомобильді және КПГ-ны пайдаланатын 46 автомобильді жаңарту (сатып алу) жолымен отынды тұтыну құрылымын және автокөлік класын жақсарту ҚТГӨ көлігінен зиянды заттардың шығарылуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Егер 2018 жылы көліктен зиянды заттардың шығарылу көлемі 17 962 тоннаны құраса, онда 2024 жылы бес жылдың барлық кезеңінде шамамен 600 млн теңгені қажет ететін белгіленген іс-шараларды өткізгеннен кейін осы шығарындылар тиісінше жылына 17 144 тоннаға дейін немесе 4,6 %-ға төмендеуі мүмкін.

Сақтық қағидатына (БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-қағидаты, 1992 ж.), сондай-ақ біздің менеджмент жүйеміздің талаптарына және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес әрбір жобаны іске асыру кезінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге де салдарларын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, тозуын, бүлінуін және сарқылуын болдырмау бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі. Бұдан басқа, әрбір жобаны жобалау сатысында мүдделі тараптар өкілдерінің: әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті халықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Біз барлық мүдделі тараптардың ҚОӘБ жобаларына қол жеткізуін, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз етеміз. ҚМГ компаниялар тобының ҚОӘБ-ның барлық жобалары мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі болып табылады және жобаның барлық өмірлік циклі ішінде Компанияның ресми сайтында, жергілікті билік органдарының вебсайттарында мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді. 2018–2019 жылдары жергілікті қоғамдастықпен және қоғамдық ұйымдармен 77 кездесу, соның ішінде 2019 жылы 27 кездесу және 2018 жылы 50 кездесу өткізілді. Қоғамдық тыңдаулар нәтижелері бойынша мүдделі тараптардың ұсынымдары мен пікірлерін ескеретін тиісті шаралар қабылдануда.

Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін Компания табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі.

Экологиялық шығындар нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеуді, табиғат қорғау іс-шараларына арналған шығындарды, сақтандыруды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемақы іс-шараларын, қоршаған ортаға әсердің алдын алуға арналғану. инвестицияларды және т. б. қамтиды. Біз тарихи қалдықтарды өңдеуге және ластанған жерлерді қалпына келтіруге арналған бюджетті ұлғайттық. 2015 жылдан бастап қалдықтарды қайта өңдеуге инвестициялар 3 есе ұлғайды және қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық шығыстардың үштен бірінен астамын құрайды. Сонымен қатар атмосфералық ауаға шығарындыларды қысқартуға байланысты эмиссия үшін төлемдердің төмендегені байқалып отыр. 2019 жылы қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар 18,8 млрд теңгені құрады, ол 2018 жылға қарағанда 2,4 млрд артық.

Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру

Қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тиімділігін арттыру саласындағы бір міндет ретінде біз энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жалғастыру екенін көріп отырмыз. Корпоративтік орталық энергия тұтыну және энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша деректерді жинайды және талдайды, прогресті бақылайды және жақсарту мүмкіндіктерін сәйкестендіреді, өткен кезеңмен және саланың ұқсас компанияларының (IOGP) көрсеткіштерімен бенчмаркинг жүргізеді.

Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі «Энергетикалық менеджмент жүйесі» ISO 50001 халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, ол осы қызметте жүйелі басқару бойынша ең үздік жалпы танылған халықаралық тәжірибе болып табылады

2017 жылдан бастап ҚМГ-де ҚМГ еншілес пен тәуелді ұйымдарының, оның ішінде бірлесіп бақыланатын ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындарының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2017–2020 жылдарға арналған Жол картасы жұмыс істейді.

Энергия үнемдеу бойынша Жол картасының мақсаттары:

• жоғары басшылықтың жауапкершілігін арттыру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі үшін жауапты басшыларға энергия тиімділігі бойынша ҚНК енгізу;

• энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

• энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізудің энергетикалық тиімділігін арттыру себінен төлем жүктемесін төмендету;

• энергетикалық жабдықтарды салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеуді сатып алу кезінде энергетикалық тиімділікті қамтамасыз ету;

• энергетикалық тиімділікті арттыруға, оның ішінде энергия сервистік шарттар (келісімшарттар) талаптарында жеке инвестицияларды тарту;

• энергетикалық тиімділік талаптары мен көрсеткіштерінің сақталуын бақылау жүйесін жетілдіру;

• энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы заңнама талаптарын сақтау.

Энергия ресурстарын тұтыну

Есепті жыл ішінде отын-энергетикалық ресурстардың барлығы 182,8 млн ГДж болды, ол 2018 жылғы деңгейден 9 %-ға жоғары, оның ішінде электр энергиясын тұтыну көлемі 12,7 млн ГДж, жылу энергиясы — 4,7 млн ГДж, мотор отыны – 1,7 млн ГДж, қазандық-пеш отыны 163,7 ГДж құрады. Энергия тұтыну көлемі «Мұнай мен газды өндіру», «Мұнай және газ көлігі» және «Мұнай мен газды өңдеу» үш бизнес процесс арасында бөлінген.

2018 жылмен салыстырғанда энергия ресурстарын тұтынудың ұлғаюы, бірінші кезекте, өндірістің өсуімен және мұнайды өңдеу тереңдігін ұлғайту және табиғи және ілеспе газды өз қажеттіліктеріне тұтыну үшін жаңа технологиялық қондырғыларды енгізумен байланысты.

2019 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша меншікті генерациялайтын энергияның көлемі электр энергиясының 642,8 млн кВт және жылу энергиясының 3 850,6 мың Гкал құрайды.

Ұйымнан тыс жерлерде энергия тұтыну
Қазіргі уақытта біз ұйымның ішінде ғана энергетикалық ресурстарды тұтынуды есепке аламыз, осыған байланысты ұйымнан тыс энергияны тұтыну осы Есепте көрсетілмеген.
Энергия тұтынуды қысқарту
Жалпы алғанда ҚМГ компаниялар тобы бойынша мұнай өңдеу тереңдігінің ұлғаюына және кен орындарының сулануының ұлғаюына байланысты энергия ресурстарын тұтынудың артуы байқалғанына қарамастан, біз өндірістік процестерді жетілдіруге және олардың энергия тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлеміз. Отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды үнемдеу ҚМГ компаниялар тобындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі жол картасының ТНК-нің бірі болып табылады.

Жол картасы энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру нәтижесінде төлем жүктемесін төмендету, басшылықтың энергия тиімділігі мәселелеріне қатыстырылуын арттыру, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері бойынша заңнамалық талаптарды орындау мақсатында әзірленді. Тиісті іс-шараларды орындау Қазақстандағы мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері болып табылатын біздің ЕТҰ-ға қолданылатынын атап өту керек. Мәселен, бұл тізілімге мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өңдеу бағыттары бойынша активтерді қоса алғанда, ҚМГ 14 ЕТҰ кіреді.

Топтың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары-технологиялық жабдықтарды жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ генерациялаудың жеке көздерін, оның ішінде шикі газды пайдалана отырып дамыту.

2019 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша 69 іс-шара орындалды, отын-энергетика ресурстарын жоспарлы жылдық үнемдеуі 0,8 млн ГДж, заттай мәнде электр энергиясының 11,3 млн кВт, жылу энергиясының 91,3 мың ГДж, табиғи газдың 8 508 мың м3 құрайды.

Ағымдағы жылы «Ембімұнайгаз» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ энергетикалық аудиті басталды, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Павлодар МХЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС және «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ 2020 жылы энергия аудиттерін жүргізуге арналған тендерлік рәсімдер өткізілуде. Энергетикалық аудит нәтижелері бойынша келесі 5 жылға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар енгізуге ұсынылатын болады.

МӨЗ-де HSB Solomon Associates LLC (бұдан әрі – Соломон) компаниясының әдіснамасы бойынша үздік әлемдік зауыттармен салыстырғанда МӨЗ дамуының ағымдағы деңгейіне зерттеу жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Соломон зерттеулерінің мақсаты: негізгі көрсеткіштерді анықтау – «Соломон индекстерін» – салыстырмалы базистегі МӨЗ, яғни қолда бар қуаттар қаншалықты тиімді пайдаланылады. Тиімділік көрсеткіштері көлемі мен конфигурациясы бойынша ұқсас МӨЗ-ді салыстыруға арналған және оларды МӨЗ жұмысының нәтижелерін (өндірістік, сондай-ақ экономикалық) әртүрлі топтар бойынша басқа МӨЗ жұмысының нәтижесімен салыстыруға мүмкіндік беретін жедел салыстырулар үшін пайдаланған жақсы.

Сондай-ақ өндіруші активтерде «Өндірісті үздіксіз жетілдіру жүйесі» жобасы шеңберінде электр энергиясын комерциялық және техникалық есепке алуды енгізу жоспарлануда. Осы жобаны іске асыру электр энергиясының нақты техникалық есебін ұйымдастыру, электр энергиясын ұтымды бөлу және тұтыну есебінен электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға әкеледі.

Жаңартылатын энергия көздері

Өткен жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарына енгізілген жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) тиімді жұмыс істейді: «Waterkotte» үлгісіндегі жылу сорғылары; монокристалды күн панельдері (батареялары); термоэлектрогенераторлар (Closed cycle vapor turbogenerator).

ҚМГ компаниялар тобы бойынша 2019 жылғы дереккөздер бөлінісінде өндірілетін (шығарылатын) жаңартылатын энергияның жалпы көлемі:

• Жылу сорғыларымен геотермальды (жылу) энергиясын өндіру – 623,808 Гкал.

• Күн панельдерімен электр энергиясын өндіру– барлығы 96 377 кВт*сағ (7 884 кВт*сағ + 88 493 кВт*сағ)

• Термоэнергогенераторлармен (ТЭГ – Ренкин циклі) электр энергиясын өндіру – 240 900 кВт*сағ.

Энергия сыйымдылығы

2019 жылы Компаниялар тобы бойынша орташа есеппен көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша меншікті энергия тұтыну өндірілген КСШ тоннасына 2,4 ГДж (2018 жылы 2,38 ГДж) құрады, бұл 2018 жылы өндірілген көмірсутектердің тоннасына 1,5 ГДж құраған IOGP Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының көрсеткішімен салыстырғанда 60 %-ға жоғары болып отыр.

Мұнай өндіруде энергия ресурстарын меншікті тұтынудың артуы, бірінші кезекте, кемел кен орындарында өндірудің сулануының өсуімен байланысты, себебі, суланудың өсуі өндірілетін сұйықтықтың меншікті тығыздығы және өндірудің механикаландырылған тәсілдеріне тиісінше тұтынылатын энергия артатындықтан.

2019 жылы «Мұнайды өңдеу» бағыты бойынша меншікті энергия тұтыну МӨЗ бойынша орташа есеппен бір тоннаға шаққанда 3,7 ГДж (2018 жылы 3,5 ГДж) құрады. Бұл көрсеткіш еуропалық зауыттардың көрсеткішінен 19 %-ға жоғары, бұл бірінші кезекте мұнай өңдеу кәсіпорындарының орналасқан жерінің қатаң климаттық жағдайларына байланысты.

Су ресурстарын пайдалану

Су ҚМГ-нің барлық өндірістік процестерінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Компания өз қызметінде су тұтыну көлемін қысқартуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, суды қайта және айналымдағы пайдалануын арттыруға, ағын судың сапасын арттыруға және табиғи су объектілеріне әсерін мейлінше азайтуға ұмтылады.

ҚМГ компаниялары тобының су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі қызметі корпоративтік орталықта шоғырландырылады, онда компанияның елдің су ресурстарына жиынтық әсері талданады. Корпоративтік орталық жетістіктерді, проблемаларды, тәуекелдерді де талдайды және жақсарту үшін салаларды, болашақтағы қызмет үшін мақсаттар мен міндеттерді айқындайды, су тұтыну серпініне және оның кеңістіктік бөлінуіне салыстырмалы талдау жүргізеді.

2018 жылы Компанияда кейінгі жылдары компаниялар тобына біртіндеп енгізілетін су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт (бұдан әрі – Стандарт) қабылданды. Стандарт ҚМГ-нің су ресурстарын пайдалану бөлігінде ҚМГ басты қағидаттарын – 8 «Су» қағидатын ұстанады, ҚМГ еншілес және тәуелді компанияларында су ресурстарын басқару тәсілдемесін жүйелендіреді, сондай-ақ Компания басшылары мен қызметкерлерінің тұщы суды сақтау мәселесіне бейілділігін арттыруға көмектеседі.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

Тазарту құрылыстарын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталуының арқасында мұнай өнімдері мен өлшенген заттар бойынша өндірістік ағынды суларды тазарту тиімділігі 76 %-дан 98 %-ға дейін жақсартылды, бұл қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту есебінен экологиялық жүктемені төмендетеді.

Ультрасүзгілеу және кері осмос қондырғыларына сарқынды суларды тазартудың қосымша кезеңдері енгізілді. Тазартылған ағынды су кәсіпорынның айналмалы сумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылады және нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Ультрасүзгілеу және кері осмос қондырғыларында ағындарды терең тазарту бұған дейін қалалық сумен жабдықтау жүйелерінен алынатын жылына 1,5 млн м3 дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

2019 жылы тазартылған ағынды суларды және қайта пайдаланылған өнеркәсіптік ағындарды қайтару көлемі 882,721 мың м3 құрады, оның ішінде – өртке қарсы жүйеге 645,430 мың м3 ағын су қайтарылды. Таза суға баламалы 184 млн теңге үнемделді. «Терең тазарту – ультрасүзгілеу және кері осмос» қондырғыларынан кейін айналмалы сумен жабдықтау блогын толықтыру түрінде тазартылған ағынды судың 237,291 мың м3 пайдаланылды, бұл таза техникалық судың баламалы көлемін қосымша үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Атырау МӨЗ» ЖШС

«Атырау МӨЗ» ЖШС қазіргі кезде жүзеге асырып отырған негізгі табиғатты қорғау іс-шараларының бірі өзінде мыналарды қамтитын «Tazalyq» жобасы болып отыр:

1.2019–2022 жылдары «Механикалық тазарту құрылыстарын реконструкциялауды»;

2.2019–2023 жылдары «Биологиялық тазарту құрылыстарын реконструкциялауды және толық тазарту қондырғысын салуды»;

3.2020–2022 жылдары «АМӨЗ» ЖШС булау өрістерін реконструкциялауды». Бүлінген жерлерді қалпына келтіру және ашық арнаның орнына жер асты құбырын салу жоспарлануда.

Тазарту құрылыстарын жаңғырту ағындардан ластаушы заттардың 99 %-ға дейін кетіруге мүмкіндік беретін сарқынды суларды тазартудың көп сатылы жүйесін қолдану есебінен Орал өзенінен су алуды азайтуға көмектеседі, демек, тазартылған сарқынды суларды өндіріске қайтаруға мүмкіндік беретін суды қайта пайдалануды бірнеше есе арттырады. Бұл жоба булану алқаптарын пайдалануды тоқтатуға, Атырау қаласының жерасты суларына, флорасына, фаунасына және атмосфералық ауасына әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Жобаның аяқталуы 2023 жылдың соңына жоспарланды.

Тұщытқыш қондырғыларды салу

Тұщыту зауытын Маңғыстау облысының «Кендірлі» демалыс аймағы ауданында салу жоспарлануда. Болжалды қуаты тәулігіне 50 мың текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласы Қиғаш өзенінен Еділ суын тасымалдау жолымен 2 000 км қашықтықта ауыз сумен жабдықталып отыр.

Өңір су ресурстары шектеулі жартылай шөлейт аймақта орналасқандықтан, Маңғыстау облысында сумен қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі болып отырғаны белгілі. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардан басқа, Волга суымен халықты, өнеркәсіп объектілерін, коммуналдық және бюджеттік ұйымдарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қамтамасыз етеді. Алайда, суды тұтыну көлемі халықтың өсуі мен жаңа кәсіпорындардың пайда болуынан өсіп келеді, соның салдарынан ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің жақсарғанына қарамастан, су таратқыштың қуаты жетпейді.

Бұдан басқа, ҚМГ өңірді сумен тек суағар арқылы ғана емес, тұщыту қондырғыларының көмегімен де қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қаражанбас кен орнында тұщыту зауытының құрылысы жүріп жатыр, ол өңір үшін Еділ суының көлемін тәулігіне 17 мың текше метрден кем емес босатуға мүмкіндік береді. Барған өңірінде өндірістік қызметті жүзеге асыра және өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, ҚМГ компаниялар тобы Маңғыстау облысының үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуына қызығушылық танытып отыр.

Тұщыту қондырғыларының құрылысы Маңғыстау облысы ғана емес, Атырау облысының тұрғындарына да оң әсерін тигізеді. 2019 жылы ҚБМ-да тұщытқыш зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Тұщыту зауытын пайдалануға енгізу 2020 жылғы желтоқсанға жоспарланды. Қойнауқаттағы суды тұщыландыру зауыты қабаттағы суды өңдеу және кәдеге жарату және қойнауқатқа бу айдау әдісімен Қаражанбас кен орны қойнауқаттарының мұнай беруін арттыру мақсатында техникалық сумен жабдықтауға арналған. Бұл Қазақстандағы шетелдік технологиялар базасында және шетелдік инвестициялар есебінен салынған алғашқы зауыт болады.

Су ізі

ҚМГ компаниялар тобының жалпы бас тоғаны 2019 жылы 93,609 млн м3 құрады, ол бұрынғы деңгейінде қалды (2018 жылы 93,660 млн м3 құрады). 2018 жылдан бастап «Барлау және өндіру» бағыты бойынша су алу көлемі қабаттық қысымды ұстап тұру үшін теңіз суын алуды арттыру есебінен, сондай-ақ өндірістік қажеттіліктерге техникалық су алуды көбеюі есебінен ұлғайтылды. 2018 жылдан бастап су тоғанының ұлғаюы «Мұнай өңдеу» бағыты бойынша МӨЗ-ді жаңғыртудың аяқталуына және осыған орай мұнай өңдеу көлемі мен тереңдігінің ұлғаюына байланысты болды. 2019 жылы компаниялар тобы 10,980 млн м3 ағынды суды (2018 жылы 10,847 млн м3) бөлді. ҚМГ кәсіпорындарының ағынды суларының негізгі қабылдағышы (және соңғы пункті) мамандандырылған әртүрлі қабылдағыштар: тоғанжинақтағыштар, булану өрісі және сүзу өрісі болып табылады. Бұл объектілер ағынды суларды табиғи тазалауға және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге арналған техникалық құрылыстар болып табылады.

Өз жинақтауыштары жоқ кәсіпорындар арнайы компанияларға тазарту және кәдеге жарату үшін ағындар береді. Экологиялық заңнамада белгіленген төгілетін су сапасының нормативтеріне ағынды суларды тазартудың механикалық және биологиялық әдістерін пайдалану есебінен қол жеткізіледі. Қайта тазартылған су көлікті жуу, шаң басу және өртке қарсы жүйелерді толықтыру үшін қайта қолданылады.
ҚМГ МӨЗ айналмалы сумен жабдықтау жүйелерінде айналысты
2019 жылы «Мұнай өңдеу» бағытындағы операциялар түрлері бойынша су ресурстарын пайдалану, 16,2 млн м3
Қабатты қысымды қолдау үшін қойнауқатқа айдалғаны
2019 ж. «Барлау және өндіру» бағытындағы операциялар түрлері бойынша су ресурстарын пайдалану, 52,4 млн м3

Бұл ретте тазартылған ағынды судың елеулі көлемі қайта тек мұнай өңдеу зауыттарында ғана пайдаланылады, онда 2019 жылы тазартылған ағынды судың 3,2 млн м3 қайта пайдаланылды (2018 жылы 4,1 млн м3 қайта пайдаланылған), негізінен бұл су айналма сумен жабдықтау блоктарын толықтыру үшін пайдаланылады. ҚМГ зауыттарында суды қайта пайдалану проценті 19 % құрады, 2018 жылмен салыстырғанда («Мұнай өңдеу» бағыты бойынша су жинау көлемінен) 7 %-ға төмен.

2019 жылы қайта пайдаланылатын су көлемінің төмендеуі 2018 жылмен салыстырғанда ПМХЗ-дағы зауыттың технологиялық қондырғыларының жалпы су тұтынуының азаюына байланысты болды. АМӨЗ-де қайта пайдаланылатын су көлемінің төмендеуі СӨБ қондырғысынан шығатын жерде тазартылған ағындарда тұздың болуы себебінен, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймақтарын суаруға тазартылған ағындарды пайдалануды толық тоқтатуға байланысты, өйткені санитарлық қорғау аймағының аумағы сортаң топырақта орналасқан және табиғи тұздануы бар.

2023 жылы СӨБ қондырғысының ағындарын толық тазарту блогын қайта құру аяқталғаннан кейін тазартылған ағындарды 50 % қайта пайдалану жоспарлануда. 2019 жылы ҚМГ МӨЗ айналмалы сумен жабдықтау жүйелерінде 463 млн м3 (2018 жылы – 399 млн м3 су) пайдаланылды (айналып жүрді). 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы айналма су көлемінің айналып жүруінің артуы МӨЗ жаңғыртылғаннан кейін салынған жаңа қондырғыларды енгізуге байланысты.

Мұнай өндіру процесінде ілеспе-қабаттық сулар – жер бетіне су-мұнай эмульсиясы алынатын т. н. үлкен көлемі пайда болды, ол кейіннен су мен мұнайға гравитациялық әдіспен бөлінеді. Осылайша тұрып қалған су қойнауқатқа айдауға жіберіледі. 2019 жылы өндірілген ілеспе-қойнауқаттағы судың барлығы 129,1 млн м3 99 %-ы қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері қайтарылды, ал тек 1 %-ы ғана сіңіргіш ұңғымаларға жіберілді.

Жер бетіне алынатын ілеспе-қойнауқаттағы судың елеулі көлемі, сондай-ақ оның көлемінің біртіндеп ұлғаюы мұнай кен орындарының сарқылғаны (су деңгейінің ұлғайғаны) туралы куәландырады. 2019 жылы қабаттағы қысымды ұстап тұру үшін басқа көздерден 47,763 млн м3 су (19,4 млн м3 теңіз суы, 6,5 млн м3 Еділ және 21,8 жер асты көздерінен су) айдалды.

Ерекше экологиялық, шаруашылық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін Компанияның қызметі Қазақстанның батыс өңірінің су объектілеріне (Жайық, Қиғаш өзендері, Көкжиде құмдары, Пятимар су қоймасы) айтарлықтай әсерін тигізеді. Сезімтал экожүйелерге теріс әсердің алдын алу үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мониторинг

Бүркіт

Біз биоалуантүрліліктің – экологиялық игіліктің кепілі екенін түсінеміз. БҰҰ ЖШ 7 және 8-қағидаттарына сәйкес «Іскер топтар сақтық қағидаттарына негізделген экологиялық мәселелерге тәсілдемені қолдауға тиіс, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды алдын ала қабылдауға тиіс». Сонымен қатар ОДМ 14 және 15-тармақтары «теңіз экожүйелерін сақтауға және құрлық экожүйелерін сақтауға» бағытталған.

Жауапкершілікті қабылдай және БҰҰ ЖШ-ға және ОДМ-ға бейілділік көрсете отырып, ҚМГ барған өңірлерінде Компания активтерінің биологиялық алуантүрлілігін (биоалуантүрлілікті) сақтау бойынша және қызметтің флора мен фаунаға әсерін барынша азайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Биоалуантүрлілік мәселелерін басқару негізінде келесі негізгі қағидаттар жатыр:

• Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер мен әсерлерді анықтау және бағалау. Ол үшін болашақ қызметті жоспарлау кезінде біз биоалуантүрлілікке келтірілуі мүмкін әсерді бағалаймыз;

• Халықаралық практикаға сәйкес барлау жұмыстарын жүргізу және мұнай кен орындарын игеру процесінде келісімшарттық аумақтардағы экологиялық жағдайдың өзгеруін бақылау үшін, сондай-ақ биоалуантүрліліктің ықтимал залалдарын бағалау және нақтылау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорық аймақтарына аса көңіл бөле отырып, тұрақты экологиялық мониторинг жүргізу;

• Ескерту және алдын алу іс-шараларын немесе әсерді төмендету жөніндегі шараларды, ал қалдық әсерлер сақталған жағдайда – қолайсыз әсерлердің салдарларын өтеу жөніндегі өтемақы іс-шараларын іске асыру;

• ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесін тұрақты жетілдіру.

Құрлықта жұмыс істейтін «Өндіру» бизнес-бағыты бойынша ҚМГ ЕТҰ тұрақты негізде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізеді. Табиғи объектілердің жай-күйі туралы материалдарды жинау барысында мынадай зерттеулер жүргізіледі:

• флоралық зерттеулер;

• орнитологиялық зерттеулер;

• жердегі сүтқоректілерді бақылау.

Өсімдік жамылғысының мониторингі өсімдіктердің түрлік құрамы, молдығы, жалпы және жеке жобалық жамылғысы, түрлердің орналасуы, олардың фенологиялық дамуы және жалпы жағдайы көрсетіле отырып, фитоценоздарды мерзімді сипаттау әдісімен жүзеге асырылады. Мыналар ерекше аталып өтіледі:

• өсімдіктердің сирек, эндемиялық және реликтік түрлері;

• дамуы шаруашылық қызметпен ынталандырылған түрлердің болуы;

• өсімдік жамылғысының өзгеруі мен тозуының белгілері.

Сондай-ақ әртүрлі антропогендік әсер етуде, оның ішінде ластану да ерекше байқалатын мекендейтін жерлердің экологиялық ерекшеліктері сипатталады. Жануарлар дүниесінің жай-күйіне өндірістік мониторинг жүргізу кезінде фауна объектілерінің мынадай санаттары анықталады: Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жиі кездесетін түрлер, басым түрлер, эндемика түрлері және сирек кездесетін түрлер; әлеуетті қауіп төндіретін және осал түрлер; құстардың қоныс аударатын, отырықшыл және ұя салатын түрлері. Қанаттылардың ұялары есепке алынады және белгіленеді, фауна объектілерін кен орнының зерттелетін аумағы бойынша бөлу сипаты анықталады.

Жануарлар дүниесін зерттеу барысында мекендеу жағдайлары, көбею мүмкіндігі, жемдік базасы, сүтқоректілердің, қанатты бауырымен жорғалаушылардың және қосмекенділердің мекендейтін орнының болуы және сипаты бағаланады. Қазақстанның Қызыл кітабына және ХТҚО-ға енгізілген флора мен фаунаның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өкілдерінің түрлік құрамы мен санын айқындауға ерекше назар аударылады. 2018 жылғы 12 тамызда Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, ҚР, Ресей Федерациясы және Түрікменстанның қатысуымен Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінде Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 8 ақпанда ратификациялаған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) қол қойылды.

Қабылданған Конвенцияға сәйкес барлық Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізіндегі өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылуда. Көмірсутектерді барлау мен өндіру азаматтардың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін Каспий маңы мемлекеттерінің экономикалық дамуының маңызды бөлігі болып табылатынын ескере отырып, Каспий теңізінің экологиялық балансы мен бірегей экожүйесін сақтау ерекше маңызға ие болады. Бұдан басқа, Конвенцияда экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды, атап айтқанда барлық Каспий маңы мемлекеттерінің «Каспий теңізінің және оның барлық компоненттерінің экологиялық жүйесін қорғау және сақтау» міндеті жазылған. Конвенцияға сәйкес «Каспий теңізінің экологиялық жүйесі» Каспий теңізі мен теңіз жақындығы әсерінен болатын құрлық шегіндегі адамды қоса алғанда, ауаның, судың және биологиялық организмдердің өзара әрекеттесетін компоненттері». ҚР экологиялық заңнамасын сақтау шеңберінде, сондай-ақ Каспий теңізінің ерекше мәнін басшылыққа ала отырып, Каспий теңізінің Қазақстан секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер жүргізіледі, олар: түптік шөгінділер, бентос, фитопланктон, зоопланктон, су өсімдіктері, ихтиофауна және басқалар сияқты қоршаған ортаның компоненттері мен параметрлерін қамтиды. Сондай-ақ ҚМГ авариялық жағдайлар кезінде биоалуантүрлілікке жағымсыз әсер етудің әлеуетті тәуекелдерін басқарады және мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою жөніндегі жоспарларда жануарларды құтқару шараларын көздейді.

Теңіздегі операциялар кезінде біз мынадай қағидаларды мүлтіксіз ұстаймыз:

• Жобалық шешімдерді қатаң сақтау

• «Нөлдік ағызу» қағидаты – барлық қалдықтар мен сарқынды сулар жағаға шығарылады,

• Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және мұз суының болмауымен қамтамасыз ету

• 1 сәуірден 15 шілдеге дейін уылдырық шашу кезеңінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу,

• Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу

• Ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын түнгі уақытта жағуға тыйым салу;

• Пайдаланудың арнайы режимін сақтау

Біздің орналасқан өңірлерде қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің қозғалатын түрлері

Солтүстік Каспийдің республикалық маңызы бар қорықтық аймағы

Солтүстік Каспий Каспийдің ең өнімді бөлігі болып табылады. Теңіздің осы бөлігінің биологиялық ресурстары өте үлкен. Ихтиофаунаның негізгі кәсіптік объектілері, оның 25 түрі болып табылады, олардың ішінде ең құндысы – бекіре тұқымдастары, бассейнде олардың әлемдік қорының 70-80 %-дан астамын құрайды. Еділ (ҚР шегінде) және Орал өзендерінің сағаларымен бірге Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінің акваториясы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағына кіреді. Каспийдің солтүстік бөлігіндегі сулы-батпақты алқаптар, әсіресе Еділ, Орал және Ембі өзендерінің сағалары, сондайақ теңіз жағалауы мен акваториясы іргелес жатқан Еуразия құрлығындағы аса маңызды алқаптар болып табылады, олар ұя салу, түлеу, маусымдық көші-қон және қыстау кезеңінде миллиондаған суда жүзетін және су маңындағы құстарды қолдауды қамтамасыз етеді. Солтүстік Каспий арқылы Еуразиядағы ең ірі, Сібір-Қара теңіз-Жерорта теңізі аралық жолының бірі өтеді.

Фондық зерттеулердің материалдары бойынша жағалаудан 20-60 км қашықтықта орналасқан Солтүстік-Шығыс Каспийдің ашық учаскелері арқылы құстардың 70-тен астам түрі қоныс аударады (олардың 5 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін құстар). Жағалау аймақтарында кішкене аққұтан, жалбағай, бірқазан, сұңқылдақ-аққу, қара ала үйректер, өгіз шағала ұялайды. Сұлтанбалық, аққұйрық субүркіт және балықшы тұйғын да байқалады. Жерүсті ценоздарында ҚР Қызыл кітабынан алынған 5 түрі ұя салады. Дала қыраны өте көп. Сирек құстардан бізтұмсық, қарала шалшықшы, кішкентай аққұтан кездесуі мүмкін.

Каспий итбалығы

Каспий теңізінде мекендейтін жалғыз ірі теңіз сүтқоректілері (ескекаяқтылар тобы) Каспий итбалығы (Phoca caspica) болып табылады. Бұл сүтқоректілердің эндемиялық түрі. Итбалықтар Каспий теңізіне таралған, бірақ олардың солтүстік бөлігіндегі саны жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Теңіз акваториясы бойынша жануарлардың маусымдық таралу сипаты жылдық циклдің үш негізгі фазасымен: көбею, түлеу және шырлану кезеңімен айқындалады. Көбею орындары Солтүстік Каспийдің аязды қысында болады. Сәуір мен қыркүйек айлары аралығында итбалықтар шырлану маусымын көбінесе Орта және Оңтүстік Каспийде өтеді. Жазда Солтүстік Каспийде жануарлардың аздаған түрі (шамамен 30 000 дарақ) мекендейді, популяцияның негізгі бөлігі Оңтүстік Каспийдің терең және суық суларында орналасқан. Күздің соңында олар суы қата бастайтын Солтүстік таяз су аймағына көшеді. Популяцияның басым бөлігі Солтүстік Каспийде қазан-қараша айларында. Қазақстанның және бүкіл Еуразия құрлығының биоалуантүрлілігін сақтау үшін осындай маңызды аумақ тұрақты мониторингті және қорғау ісшараларын уақытылы жүргізуді қажет етеді. Әуелден өз қызметін жүргізуді бастағаннан бері ҚМГ Солтүстік Каспийде осы аймақтың табиғатын қорғау мәселелеріне көңіл бөлді.

Республикалық маңызы бар Новинский мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықша

Республикалық маңызы бар Новинский мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықша жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, оның ішінде тапсырыс – күзет режимі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің көбеюіне оңтайлы жағдай жасау мақсатында құрылды.

Қарақұйрық

«Жамбыл» учаскесі Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Келісімшарттық аумақ Каспий теңізінің қорық аймағының шегінде, сондай-ақ ішінара Новинск қорықшасының шегінде орналасқан, бірақ өндірістік алаңдары экологиялық сезімтал аймақтарға әсерін тигізбейді. Бұл учаскеде жоғары экологиялық сезімталдық кезеңінде өндірістік операцияларды жүргізуге шектеулер сақталуда. Зерттеу кезеңінде учаскелердің су аймағында қоршаған орта жағдайының қандай да бір қалыпсыз табиғи құбылыстары немесе ерекше алаңдаушылық тудыратын немесе табиғи емес факторлар тіркелмеген.

«Исатай» учаскесі Маңғыстау облысындағы Бозашы түбегінің жағалауынан солтүстікке қарай 45 км жерде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан.

Өлі Құлтық (Үстірт) ертеректе Комсомолец шығанағы мен Өлі Құлтық пен Қайдақ қоқысы аумағында құстар түлейтін және ұшып келетін бөлігін қолданатын және солтүстік-шығыста кеңінен тараған Каспий теңізінің ең ерекше өкілі қоқиқаздың мекендейтін жері болып табылады. Қоқиқаз (Phoenicopterus roseus) – сан жағынан азайған, құстардың жергілікті жерде ұя салатын түрі. Қазақстан фаунасындағы текті жалғыз өкіл. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстандағы ұя салатын негізгі орындар – Теңіз көлі, Шалқар Теңіз көлі және Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауы. Комсомолец, өлі Құлтық және Қайдақ сары шығанағы ауданында әлі күнге дейін осы жерді жаз өткізетін және түлейтін мыңдаған құстар үнемі пайдаланады. Орталық Қазақстан отарындағы құстар сәуір және тамыз-қыркүйек айларында жергілікті жерде ұя салып, бастарын көбейтіп, осы аудандар арқылы ұшып өтеді. Жыл сайын Комсомол шығанағы арқылы 35 мыңға жуық құстар қоныс аударады.

Маңғыстау облысы. Маңғыстау облысының аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кең желісі, оның ішінде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мен республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан қорық аймағы, сондай-ақ 8 қорық және 1 өңірге қарайтын табиғи саябақ бар. Маңғыстау облысының аумағында мекендейтін бауырымен жорғалаушылар түрлерінің ішінен ҚР Қызыл кітабына (2010) Elaphe sauromates қара шұбар улы жылан енгізілген. Маңғыстау аумағында кәдімгі, кең таралған және кей жерлерде өте көп тараған ортаазиялық тасбақа мекендеген, дегенмен, ол Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізімінің критерийлері бойынша осал түрінің мәртебесіне ие.

Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан қорық аймағы тек дуадақ пен ителгінің тіршілік ету ортасын сақтау және табиғи өсімін молайту мақсатында құрылған. Белгіленген режимдер: қорық режимі, өзгермелі режим, реттелетін режим.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың жоғары санатына жатады. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығын (ҮМТҚ) жасаудың басты мақсаты Қазақстанның табиғи шөлді аймағының бірегей кешендерін, тарихи ескерткіштерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін табиғи жағдайда сақтау болып табылады. Қорық ҚР Қызыл кітабына және (немесе) ХТҚО халықаралық қызыл кітабына енгізілген бірқатар түрлердің мекендейтін негізгі орны болып табылады: қарақұйрық, үстірт тау қошқары – уриал, қарақұлақ, медода, ителгі, бүркіт, үкі, құзғын, жек дуадақ және т. б. Жетекші сарапшылардың пікірінше, ҮМТҚ ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра объектілеріне қойылатын өлшемдерге сәйкес келеді және болашақта оның құндылығын жоғары халықаралық деңгейде тануды куәландыратын осы құрметті мәртебеге ие бола алады.

Үстірт МТҚ бақылауының тарихында тұңғыш рет 2018 жылы тірі Азиялық қабылан табылды. Бұрын Қазақстанда, оның ішінде Маңғыстау облысында 2007 және 2015 жылдары адамдарға қабылан осы аңның 3 фактісі бойынша ғана белгілі болды. Маңғыстауда қабыландар шекаралас Түрікменстаннан ауық-ауық келіп тұрады және олар азық-түлікпен (уриалдар мен қарақұйрықтар)қамтамасыз етілсе, адамдар тарапынан қудалау болмаған және олардың мекендейтін жерлері тиісінше қорғалған жағдайда жергілікті популяция құруы мүмкін. Қазіргі уақытта қабылан нақты мекендейтін Үстірт қорығынан Түрікмениядағы Копетдагқа дейінгі арақашықтық кемінде 600 км құрайды.

Сондай-ақ, қабыланның қазіргі уақытта Қазақстан фаунасының тізіміне және ҚР Қызыл кітабына енгізілмегенін атап өту қажет. Үстірт МТҚ қызметкерлері ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне азиялық қабыланды ҚР Қызыл кітабына дереу енгізу туралы ұсыныс жолдады, бұл оны тиімді қорғау үшін қажетті құқықтық мәртебені қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Соңғы онжылдықта өңір үшін сүтқоректілердің бірқатар жаңа түрлері: Батыс Үстіртте – ақ құлпынай жебеқұлақтылар, Солтүстік Үстіртте – үшкірқұлақты жарқанаттар мен ымырт жарқанаттар, Оңтүстік-Батыс Үстіртте – итаюлар, Маңғышлақ жазығы мен Қарағы ойпатында – жанат тәрізді иттер бар екендігі анықталды. Батыс Үстірттерде жолақты қорқаудың кездескені және бұл жерде 40 жылдан астам уақыт кездеспеген үнді жайраның іздері болғаны анықталған.

Тілеміш

«Қансу» учаскесі Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, ішінара Кендірлі-Қаясан қорық аймағы шегінде орналасқан және Үстірт мемлекеттік табиғи қорығымен шектеседі (учаске шекарасынан 2 км буферлік аймақ). 2016 жылы учаскеде геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жоқ. Жоғары геологиялық, экологиялық қауіптерді, сондай-ақ экономикалық рентабельділікті ескере отырып, ҚМГ жобадан шығу туралы стратегиялық шешім қабылдады. 2019 жылы келісімшарт жасалған аумағын мемлекетке қайтару жұмыстары басталды.

«Самтыр» учаскесі 2018 жылдан бастап ҚМГ Маңғыстау облысында орналасқан «Самтыр» ЖШСдағы 50 % қатысу үлесінің иесі болып табылады. Ол Оңтүстік Үстірт шөгінді алабында Өзен, Шахпаты және Джел кен орындарына жақын жерде орналасқан.

«Көкжиде – Құмжарған» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи кешенді қорықша. Осы қорықшаның аумағында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының екі объектісі бар: республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілерінің тізбесіне енгізілген Көкжиде құмдары және Көкжиде жер асты сулары.

Өріктау, Әлібекмола және Қожасай кен орындары ҚР Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. «Өріктау» кен орнының келісімшарт жасалған аумағының солтүстік-батыс бөлігі Көкжиде құмында орналасқан, сондай-ақ кен орындары жергілікті маңызы бар «Көкжиде-Құмжарған» мемлекеттік табиғи кешенді қорықшасымен шектеседі. Жер асты суларының ластануына жол бермеу мақсатында Топ компаниялары қызметінің аймағында, сондай-ақ Келісімшарттық аумаққа іргелес Көкжиде құмды алқабы аймағында да қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаражанбас кен орны Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде Каспий маңы ойпатының шегінде батыстан Каспий теңізіне жақын жерде орналасқан.

Кен орнының батыс жағынан Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шектеседі. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне жылына екі рет мониторинг жүргізіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекаралары шегінде және жақын орналасқан өндірістік учаскелер

Батыс Қазақстан облысы. Рожков кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік борт аймағы шегінде орналасқан Федоров блогының бөлігі болып табылады. Федоров блогы аумағының шекарасы ауданы 1 291,37 ш.км геологиялық бөлу арқылы айқындалады. Осы барлау блогының перспективті элементтерінің бірі кристалды іргетастың Чинарев дөңі болып табылады, мұнда Рожков газ конденсатты кен орны ашылған және мұнай-газға қатысты жергілікті тұзасты перспективалық құрылымдар анықталған.

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Федоров блогының құрылымдарынан Рожков кен орны бөлініп, 2015 жылы Рожков кен орнында газ және конденсат өндіруге № 4130-КСШЭМ келісімшарты жасалды. Рожков кен орнынан тоғыз шақырым қашықтықта Кирсанов мемлекеттік табиғи қорықшасы орналасқан.

Республикалық маңызы бар Кирсан мемлекеттік табиғи (кешенді) қорықшасы ҚазСРО Министрлер Кеңесінің 17.02.1986 ж. № 69 қаулысымен, ҚР Үкіметінің 27.06.2001 ж. № 877 қаулысымен және ҚР Үкіметінің 19.07.2005 ж. № 746 қаулысымен ұйымдастырылған. Қолданылу мерзімі – тұрақты. Қорықша жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және қалпына келтіру, бүкіл табиғи кешеннің тұтастығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Ол Елтышовка өзенінен және Утва өзенінен солтүстіктегі Озерное және Қабыл-Төбе кентінедейін Орал өзені алқабының 61 мың гектарын алып жатыр. Бұл аумақ қазір Зеленов, Бөрлі және Теректі аудандарының құрамына кіреді.

Кирсанов қорығының негізгі міндеті: құндыздарды жерсіндіру және қайта жерсіндіру. Орал алқабында орналасқан қорықтың аумағында жайылма ормандары бар өзен алаптарының ландшафтары және бұта өскіндері бар жайылма-ескі көлдер, дәнді-түрлі шөпті және қамыс шалғындары басым. Мұнда суда жүзетін құстың ұясы өте көп. Қорықша Қазақстан аумағында өзен құндыздарының шағын отарлары мекендейтін жалғыз табиғи жер болып табылады, бұл оның халық шаруашылығында үлкен маңызды екенін көрсетеді.

Учаске Жалпы Сырт пен Подурал үстірті арасындағы тектоникалық ойпатта орналасқан. Оның орталық бөлігін ені 3-7 км болатын Оралдың қазіргі ойпаты алып жатыр, ал жазықсыз террасаларды ескергенде, алқап ені 10 км-ге дейін артады.

Оң жағалауда Рвежинско-Январцевский құмдары Хвалынск теңізінің дельта шөгінділерінен пайда болған өзенге жақын. Орал өзені жайылмасының жануарлар әлемі кең таралған, айтарлықтай пайызға ие болатын голарктикалық, палеарктикалық, Жерорта теңізі түрлерінен қалыптасқан.

Зерттелетін ауданда 2000-нан астам жәндіктер, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгізілгені – 29, сирек кездесетін және саны аз түрлер – 15; балық – 26, оның ішінде сирек кездесетін түрлері – 4 (бекіре – Acipenser, шоқыр (қызыл балық) – Acipenser stellatus, ақсерке (қортпа балық) – Huso huso, және шип – Acipenser nudiventris); қосмекенділер – 7, шағын түрлері — 2 (қызыл бауыр шұбар бақа – Bombina bombina, кәдімгі тарбақа – Pelobates fuscus); бауырымен жорғалаушылар – 26, олардың ішіне сирек кезедесетін түрлері – 2 (абжылан – Coluber, және кесіртке – Zootoca vivipara); құстар – шамамен 65 жуық түрі (сирек кездесетіні – 3 түрі: балықшы тұйған – Pandion haliaetus, аққұйрық субүркіт – Haliaeetus albicilla Linnaeus, үкі – Bubo bubo); сүт қоректілер – 23 түрі, олардың 4-і Қазақстан Республикасының сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген жануарлардың Қызыл кітабына енгізілгені – 4 (Су тышқан — Desmana moschata Linnaeus, Орман сусары –Martes martes Linnaeus, Еура қаракүзені – Mustela lutreola Linnaeus, Бұлан – Alces alces Linnaeus).

Үкі балапандары

2019 жылы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында орналасқан учаскелерде фондық экологиялық зерттеулер (Исатай), ұңғыманы бұрғылау және сынау (Жамбыл) жүргізілді. Осы аудандардағы қызметтің қазіргі кезеңінде техногендік әсер ету айтарлықтай емес және жабайы жануарлар мен құстардың өз мекендеу ортасы бойынша еркін қозғалуына кедергі келтірмейді. Бұрғылау барысында қоршаған ортаға мынадай жұмыс түрлері әсер етеді: бұрғылау қондырғысын монтаждау, ұңғымаларды бұрғылау және сынау, кеме қатынасы. Әсер ету факторлары мыналар болып табылады: теңіздегі құрылыс кезеңінде суда жүзгіштердің шоғырлануының артуы, су түбіндегі шөгінділердің табиғи құрылымының бұзылуы, оның ішінде, қарқынды кеме қатынасы әсерінен, шудың физикалық әсері.

«Жамбыл Петролеум» ЖШС балық өсіру зауыттарынан сатып алу және Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балық шабақтарын шығару жолымен балық қорына келтірілген залалды өтеуді жүзеге асырады. Аталған жұмыс «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылады, ол бекіре балықтарының жем-шөп базасын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ Орал өзеніне балық шабақтарын сатып алу және шығару бойынша жұмыстар жүргізеді. 2019 жылы шамамен 7,5 млн теңге сомаға жұмыс жасалды.

Өріктау учаскесінде немесе құрлықтың ерекше қорғалатын аумақтарымен шектесіп жатқан жерлерде Шығыс Өріктау кен орнында бағалау ұңғымасының құрылысы және Оңтүстік Өріктау кен орнының көлбеу-бағытталған бағалау ұңғымасының құрылысы басталды. Жерасты сулары бойынша әсер ету факторлары жерасты суларының ластану көзіне айналатын ұңғымаларды тікелей бұрғылау болып табылады. Ластаушы заттар өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жиналатын жер үсті учаскелерінен, мазутталған аумақтардан, мұнай мен қабаттағы суларды сақтау учаскелерінен сүзгіден өткізілетін атмосфералық шөгінділері бар жерасты суларына түсуі мүмкін. Осыған байланысты ҚМГ жер асты суларын қорғауға және олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған бірқатар шараларды алдын ала қабылдайды. Жерасты суларының қабаттарын 80-85 метр тереңдікке дейін түсірілген кондукторлардың көмегімен оқшаулауды қамтамасыз ететін ұңғымалардың конструкциясы, сондай-ақ қолданыстағы және ықтимал ластану учаскелерінде жерасты суларының орналасу жағдайларын, деңгейі мен сапасын тұрақты режимдік бақылауды ұйымдастыру көзделген.

2019 жылы ҚМГ ӘЭЖ-де сирек кездесетін құс түрлерінің өлімін болдырмауға бағытталған жұмысты жалғастырды. «Ембімұнайгаз» АҚ ӘЭЖ тіректерінің оқшаулағышына құс қорғау құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізді; «ИОА» АҚ филиалдарында траверс және ӘЭЖ ілмектерінің оқшаулағышына олардың істен шығуына қарай құс қорғау құрылғылары орнатылады, сондай-ақ ӘЭЖ күрделі жөндеу және салу кезінде құс қорғау құрылғыларын орнату міндетті түрде көзделеді.

Аумақтарды өнеркәсіптік игерудің биоалуантүрлілікке әсерінің тағы бір факторы орнитофауна үшін елеулі қауіп төндіретін электр беру желілері болып табылады. Әуе желілерінің электр беру желісі (ЭӘЖ) құстардың мекендейтін табиғи орындарына басып алып және көбінесе олардың жаппай өлуінің себебіне айналып, тұрақты түрде кеңейтілуде. Әсіресе бұл мәселе ормансыз дала және жартылай шөлейт аймақтарда мекендейтін жыртқыш құстар үшін маңызды, онда ӘЭЖ тіректері осы құстар үшін телім ретінде неғұрлым тартымды.

2019 жылы ҚМГ ӘЭЖ-де сирек кездесетін құс түрлерінің өлімін болдырмауға бағытталған жұмысты жалғастырды. «Ембімұнайгаз» АҚ ӘЭЖ тіректерінің оқшаулағышына құс қорғау құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізді; «ИОА» АҚ филиалдарында траверс және ӘЭЖ ілмектерінің оқшаулағышына олардың істен шығуына қарай құс қорғау құрылғылары орнатылады, сондай-ақ ӘЭЖ күрделі жөндеу және салу кезінде құс қорғау құрылғыларын орнату міндетті түрде көзделеді.

2019 жылдың қазанында «ИОА» АҚ «Достық Эдвайзори» ЖШС-ның бастамасын қолдады және Атырау аймағындағы құстар популяциясына ЭӘЖ жағымсыз әсерін зерттеу экспедициясына қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылы Өмірзақ-ТБП 112 км (30 км) және 65-112 км (57 км) учаскенің Жетібай-ТБП 112 км объектілерінде өзін көтеретін оқшауландырылған сымдарды (ӨОС) қолдана отырып, 6 кВт ӘЖ күрделі жөндеу жүргізді, ол электр берудің әуе желілеріне қонған кезде құстардың өлуін толығымен болдырмайды.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша қызметкерлердің хабардар болуы мен ақпараттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау үшін «Мұнайлы мекен» корпоративтік газетінде «Табиғатқа қамқорлық – міндет» («Забота о природе – наша общая обязанность») атты мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігі мен ашықтығын арттыру шеңберінде ҚМГ мен ЕТҰ корпоративтік сайттарында биоалуантүрлілік туралы ақпаратты және мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты қоса алғанда, экологиялық көрсеткіштер туралы ақпаратты жариялау бойынша жұмыс жүргізілді.

Біздің әрқайсымыз қарапайым қағидалар арқылы еліміздің биоалуандылығын сақтауға үлес қоса алады:

• Көшеге және табиғатқа қоқыстарды тастамау;

• Қоршаған ортаға ұқыпты қарау;

• Заңсыз аң аулаумен және балық аулаумен айналыспау;

• Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде биоалуантүрлілікті сақтауға ерекше назар аудару;

• Уәкілетті тұлғаларға хабарлау жолымен, сондай-ақ hse@kmg.kz мекенжайына ақпаратты жіберіп, заңды және жеке тұлғалар тарапынан экологиялық заңнаманың бұзушылықтары туралы хабарлау;

• Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің бар-жоғын сол учаскеде суретке түсіру және геолокация белгілеу жолымен тіркеу және мына мекенжайға hse@kmg.kz жіберу;

• Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау бойынша акциялар мен бағдарламаларға қатысу;

• Өз бастамаларыңыз, идеяларыңыз бен жобаларыңызды мына мекенжайға hse@kmg.kz жіберіңіз.

Теңізде төгінділердің алдын алу
«Жамбыл Петролеум» ЖШС 2019 жылы теңізде бұрғылау жұмыстарын жүргізген жоқ. Теңіздегі операциялар кезінде жұмыстардың қағидаттары «Биоалуантүрлілік» бөлімінде ашып көрсетілген.
Климаттың өзгеруі және атмосфералық ауаның сапасы

Біз бірінші кезекте табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана және табиғат қорғау қызметін үнемі жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайту жөніндегі шараларға назар аударамыз. Табиғи ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдалану, экологиялық тәуекелдерді мейлінше азайту біздің басымдықтарымыз болып табылады. Мақсатты бағдарламалар шикі газды алауларда жағуды азайтуға, жаңартылатын энергия көздері негізінде «жасыл» энергетиканы дамытуға және жалпы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.

ҚМГ корпоративтік орталық деңгейінде парниктік газдар шығарындылары және атмосфераға ластаушы заттар саласындағы еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін басқарады, эмиссияларға рұқсат, парниктік газдар шығарындыларына квота, шикі газды жағуға рұқсат сияқты қызметті жүргізуге барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын уақытылы алуды қадағалайды.

Атмосфералық ауаға әсерді барынша азайту саласындағы бағдарламалар мыналар болып табылады: өндіруші секторда шикі газды дамыту және қайта өңдеу бағдарламаларын орындау, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту бағдарламасы, тасымалдау секторында жаңа объектілерді салу кезінде жаңа қолжетімді технологияларды қолдану және т. б. Бағдарламаларды кезең-кезеңімен орындау атмосфераға ластаушы заттар мен парниктік газдардың үлестік шығарындыларын азайтуға, шикі газды пайдалы пайдалануды арттыруға алып келеді.

2019 жылы ҚМГ компаниялар тобында шығарындыларды басқару жөніндегі саясат бекітілді, онда атмосфераға зиянды әсерді азайту бойынша қызметті басқарудың негізгі қағидаттары айқындалған:

1. Қызметті заңнамалық талаптарға және Компанияның өзге де міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асыру;

2. Шығарындылардың белгіленген нормативтерін және ластаушы заттар шығарындыларына лимиттерді, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сақтау;

3. Рөлдер мен міндеттерді дәл бөлу, құзыреттілігін арттыру, оқыту және хабардар болу;

4. Шығарындыларды тұрақты есепке алуды, түгендеуді және мониторингіні жүргізу;

5. Көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде шикі газды тұрақты жағылуын тоқтату;

6. Парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және «Көміртегі ізін» азайту жөніндегі іс-шараларды өткізу;

7. Көміртегі активтерін басқару;

8. Шығарындыларды басқару бойынша қызметті үнемі жақсарту.

Біз ұлттық заңнаманың, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың талаптарын, Компанияның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі құжаттарының және басқа да ішкі корпоративтік құжаттардың ережелерін ұстанамыз, экологиялық тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалауды жүргіземіз, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз іс-қимылдарымыздың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етеміз.

Біз атмосфералық ауаға әсерді төмендету бойынша өндірістік объектілердің қызметін жақсартумен жұмысты жалғастырамыз. Біз елдің нормативтік заңнамалық базасын жетілдіруге белсенді қатысамыз, Эмиссияларды басқару жөніндегі жұмыс тобының мәжілістерін өткіземіз, климаттың өзгеруіне байланысты форумдарға, конференцияларға қатысамыз, шығарындыларды азайту жөніндегі стратегияны іске асыруда өз қабілеттерін арттыру үшін білім мен дағдыларды жетілдіреміз.

ҚМГ ұзақ мерзімді Даму стратегиясында климаттық аспектілер бойынша мынадай басым бағыттар айқындалды:

• парниктік газдардың шығарындыларын басқару;

• ілеспе мұнай газды үнемі жалындатып жағуды қысқарту;

• өндірілген өнімнің көлемінде шығарындылардың қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.

Біз энергияға өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін мұнай мен табиғи газ өндіруді ұлғайтуға тырысамыз, осыған байланысты табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана және табиғат қорғау қызметін үнемі жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі шараларға бірінші кезекте назар аударамыз.

ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМЫТУҒА КӨШУ

БҰҰ ЖШ қатысушысы бола тұра, біз климаттың өзгеруін болдырмау жөніндегі іс-қимылдың маңыздылығын мойындаймыз және 13 «Климаттың өзгеруімен күрес» ОДМ қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға ниеттіміз. Климаттың өзгеруіне ден қою және климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары біздің стратегиялық құжаттарда және корпоративтік саясатта көрсетілген. 2019 жылы біз алғаш рет The Carbon Disclosure Project (CDP) – халықаралық инвесторлар қоғамдастығының парниктік газдар шығарындылары және климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бастамасын қабылдадық және тауарлық өнімнің ұңғымадан бастап оны Климаттық бағдарлама шеңберінде түпкілікті пайдалануға дейінгі барлық көміртегі ізін бағалау жөніндегі жұмысты бастадық.

2020 жылы біз CDP Су бағдарламасы шеңберінде де есептілікті кеңейткіміз келеді. Климаттың өзгеруі саласындағы қызметтің басым бағыттары: парниктік газдар шығарындыларын азайту, ілеспе мұнай газын пайдалы пайдалануды арттыру, энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді арттыру және т. б. Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі Корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және стратегиялық пен операциялық мақсаттарға қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекел оқиғаларын уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторинг жүргізуге және азайтуға бағытталған. Компания климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді ескереді және өз қызметінің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға әсерді және парниктік газдар шығарындыларын барынша ықтимал төмендетумен тұрақты болашаққа өз үлесін қосуға тырысады. 2019 жылы тәуекелдердің корпоративтік тізілімі климаттың өзгеруіне байланысты жаңа тәуекелмен кеңейтілді. Біз ЕҚОҚ саласындағы тәуекелдер туралы Директорлар кеңесінің алдында тоқсан сайын есеп береміз.

Парниктік газдардың шығарындылары

2019 жылғы 29 шілдеде ҚМГ алғаш рет Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының деректерін қамтитын CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы парниктік газдар шығарындылары бойынша анықталған есепті жариялады. Есепке көмірқышқыл газы (CO2), метан (CH4), азот тотығы (N2O) қосылған. 2019 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша парниктік газдардың шығарындылары туралы ақпарат 2020 жылғы 3-тоқсанда CDP есебінде ашылатын болады.

«Біз ҚМГ тарихында алғаш рет CDP Климаттық бағдарламасының есебін қуана жариялап отырмыз. Бүкіл әлем климаттың өзгеру проблемасын шешуге бағытталғандықтан, ҚМГ шығарындыларды қысқарту, энергия тиімді инвестициялар бағдарламасын құру, оның прогресін бағалау және басқа әлемдік компаниялармен озық тәжірибе алмасу жолымен климаттық тәуекелдерді басқаруға ұмтылады. CDP есебі бізге өз қоршаған ортаға әсерімізді тиімді өлшеуге және басқаруға мүмкіндік береді» — деп атап өтті ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Винсент Спинелли.

2019 жылғы 26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «ҚМГ-нің парниктік газдар шығарындыларын басқару жөніндегі форумы (Климаттық сессия)» алғаш рет өтті.

Саланың әртүрлі кәсіпорындарының жүзге жуық өкілдері қатысқан Форум кәсіпқойлардың сындарлы диалогының орнына, тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналды. Форумда қызу пікірталастар ҚМГ бойынша парниктік газдар шығарындыларын басқару, парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы заңнаманың күтілетін өзгерістері, квоталар саудасы, CDP Климаттық бағдарламасы шеңберінде ҚМГ есептілігі және т. б. проблемалардың төңірегінде өрбіді.

Газды жалындатып жағуды қысқарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу есебінен «Өндіру» бизнес-бағытында парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы төмендегені байқалады.

Атмосфералық ауаның сапасы

Біз өндірістік экологиялық мониторинг жүргіземіз және операциялар мен өндірістік процестер нәтижесінде пайда болатын ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын төмендету бойынша шаралар қабылдаймыз.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары шеңберінде сынамаларды іріктеудің және әлеуетті әсерді бағалау үшін өлшеулер жүргізудің белгіленген орындарында атмосфералық ауаға шығарындыларды бақылау жүргізіледі.

Ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көлемі қазандықтарда, технологиялық пештерде және компрессорларда, газ-турбиналық қондырғыларда, компрессорлық станцияларда отын газын жағу, алауларда газды жағу және т. б. нәтижесінде пайда болады.

Топ бойынша барлық ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік көлемі 2019 жылы 264 мың тоннаны құрады (2018 жылы 269 мың тонна). Шығарындылардың едәуір азайғаны байқалып отыр.

ҚМГ компаниялар тобында атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары, мың тонна

«Өндіру» бизнес-бағытында ластаушы заттар шығарындыларының көлемі шикі газды тиімді пайдалануды арттыру және алауларда оны жағуды тиісінше азайту салдарынан 2018 жылмен салыстырғанда 10 %-ға және 2017 жылмен салыстырғанда 27 %-ға қысқарды. «Мұнай өңдеу» бизнес-бағытында 2018 жылмен салыстырғанда шығарындылардың 5 %-ға төмендеуі байқалып отыр. «Тасымалдау» бизнес-бағытында жаңа көздерді пайдалануға енгізуге және газ экспортының өсуіне байланысты шығарындылардың ұлғаюы байқалады.

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жүргізілген жобалардың нәтижесінде Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К-4 кластарына сәйкес келетін еуропалық сапа стандарттарының мұнай өнімдерін өндіру жолымен зауыттар шығаратын отынның экологиялық көрсеткіштері жақсарды. Мұнай өндіру активтерінде газды; жалындатып жағудың қысқаруына байланысты 2018 ж. салыстырғанда ЅОх күкірт оксидінің/диоксиді шығарындыларының 13 %-ға төмендеуі байқалады. 2019 ж. NOx шығарындыларының өсуі газ экспортының ұлғаюымен және кәсіпорындарда жаңа қондырғылардың енгізілуімен байланысты болды.

Мысалы, біз нақты уақыт режимінде газталдағыштарды пайдаланумен тікелей өлшемдерді әлі шығармаймыз, алайда жаңа Экологиялық кодекс шеңберінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган 1-санаттағы табиғат пайдалану объектілерінде шығарындылар көздеріне датчиктер/ газталдағыштарды орнату жолымен ластаушы заттар шығарындыларының автоматтандырылған мониторингіне жаппай көшуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бірқатар ұйымдар ластаушы заттар эмиссияларының онлайн-мониторингіне көшу бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Компания өз қызметінде тұрақты органикалық ластағыштардың эмиссиясын жүзеге асырмайды.

Мұнай өнімінің буланудан шығуының алдын алу мақсатында Caspi Bitum барлық шикізат резервуарлары жеңіл фракцияларды (ЖФҰҚ) ұстау қондырғысына газ фазасын бұру арқылы газ теңестіруші сызықтармен қосылған.
Практикадан алынған мысал
ҚМГ компаниялар тобындағы ластаушы заттардың меншікті шығарындылары
Шикі газды тиімді пайдалану

Бұл бөлімде шикі газды өндіруге және тиімді пайдалануға байланысты процестер орын алған өндіру секторының компаниялары бойынша мәліметтер көрсетілген. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі біздің маңызды міндеттеріміздің бірі ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану мен кәдеге жаратуды арттыру, жалындатып жағуды барынша азайту болып табылады. 2019 жылы ілеспе мұнай газын кәдеге жарату 97 %-ды құрады, газды жағу көрсеткіші өндірілген КСШ 1000 тоннасына шаққандаа 2,95 тонна деңгейінде (2017 жылы 11, 2018 жылы 6), бұл 2018 жылғы ҚМГ көрсеткішінен 51 %-ға төмен және IOGP көрсеткішінен –10,5-ке төмен (Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы). 2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Компания қойнауқатқа ІМГ кері айдамайды. Шикі газды кәдеге жарату бойынша инфрақұрылым мен қазіргі заманғы қуаттардың құрылысы өндіру активтерін толық көлемде әзірлеуге және парниктік газдардың атмосфераға шығарылуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Алауларда шикі газды жағу көлемі
Қалдықтарды басқару

ҚМГ-нің шаруашылық қызметі қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында қауіпті қалдықтардың едәуір көлемінің пайда болуына байланысты екені шүбәсіз, ҚМГ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жоспарлайды және іске асырады. Іс-шаралар: түзілген және жинақталған қалдықтарды есепке алуды (оның ішінде мердігерлік компанияларда), қалдықтардың түзілу көлемін біртіндеп қысқартуды, қалдықтарды оларды қайта пайдалануға немесе қайта өңдеуге дейін қауіпсіз сақтауды қамтиды, ҚМГ барлық келісімшарттық аумақтар бойынша түзілген және жинақталған қалдықтарды қайта өңдеуге едәуір ақшалай қаражат бөледі.

ҚМГ компаниялар тобында қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметтің нәтижелілігіне талдау және бағалау үнемі жүргізіліп тұрады, қалдықтарды басқару саласында өндірістік объектілерге енгізу үшін жетілдіру әдістері мен қазіргі заманғы технологиялар қарастырылуда.

Бүгінгі күні ҚМГ алдында тұрған актуалды міндет тарихи ластануды жою және мұнаймен ластанған аумақтарды тазалау болып табылады. Ол үшін тарихи ластануларды түгендеу бойынша зерттеулер жүргізілді, әрбір кен орнының, өңірдің ерекшеліктерін, климаттық жағдайларды ескере отырып, тарихи ластанудың барлық түрлерін жою бойынша жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ, 2019 жылғы 6 тамызда мақсаты жабдықталмаған шлам жинағыштарға (ӨМГ) орналастырылған қалдықтарды кәдеге жарату/өңдеу және ММГ, ӨМГ мен КБМ келісімшарттық аумақтары шегінде мұнаймен ластанған жерді тазалау болып табылатын ҚР экология, геология және табиғиресурстар министрлігі мен ҚМГ арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құрамында мұнайы бар қалдықтарды жою және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстарды бақылауды күшейту және тиімді ұйымдастыру мақсатында ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарында жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ оған ҚМГ жоғары басшылығы кірді.
ҚМГ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жоспарлайды және іске асырады. Іс-шаралар: түзілген және жинақталған қалдықтарды есепке алуды (оның ішінде мердігерлік компанияларда), қалдықтардың түзілу көлемін біртіндеп қысқартуды, қалдықтарды оларды қайта пайдалануға немесе қайта өңдеуге дейін қауіпсіз сақтауды қамтиды, ҚМГ барлық келісімшарттық аумақтар бойынша түзілген және жинақталған қалдықтарды қайта өңдеуге едәуір ақшалай қаражат бөледі.

Ақтау қаласында 2019 жылдың 2 қазанында «ҚМГ тарихи қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеуге арналған технологиялар» форумы өткізілді. Осы Форумға осыған ұқсас қызметтерді көрсететін небәрі 30-дан астам компания қатысты.

Осы іс-шараның мақсаты Қазақстан нарығында құрамында мұнайы бар қалдықтарды қайта өңдеу/кәдеге жарату бойынша қызметтердің қазіргі өнім берушілерімен кездесу және оларға өз мүмкіндіктерін бағалауға және жаңа технологияларды пайдалану туралы шешім қабылдауға көмектесу үшін ҚМГ тарихи ластануларды қайта өңдеу/кәдеге жарату бойынша қызметтерді көрсету сапасы, көлемі мен мерзімдері бөлігіндегі талаптарды түсіндіру болып табылады. Сондай-ақ форумда «Қалдықтарды кәдеге жарату» (тарихи ластану) сатып алудың санаттық стратегиясы ұсынылды, оның негізінде кейіннен тарихи ластануды кәдеге жарату және мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту бойынша қызметтерді сатып алу рәсімі өтеді. 2019 жылғы айналымдағы қалдықтардың жалпы салмағы 997,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде «қауіпті» деп жіктелген қалдықтар – 972,3 мың тонна, ал «қауіпсіз» деп жіктелген қалдықтар тиісінше –24,9 мың тонна.

Қалдықтардың 58 %-ы шарт бойынша мамандандырылған компанияларға қайта өңдеу үшін беріледі, қалдықтардың 39 %-ы биологиялық өңдеу әдісімен қайта өңделген, қалдықтармен жұмыс істеудің басқа да маңызды тәсілдері: қайталама қайта өңдеу, полигонға орналастыру және қайта пайдалану болып табылады. Қауіпті қалдықтардың жалпы салмағынан тарихи қалдықтарды және мұнаймен ластанған жерлерді қайта өңдеу 325 мың тоннаны құрады.

2019 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ тарихи мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, 35 га мұнаймен ластанған жерлерді (125 мың тонна мұнаймен ластанған топырақ) тазартып, «Өзенмұнайгаз» АҚ аумақтарында жабдықталмаған шлам жинағыштардан 200 мың тонна мұнаймен ластанған топырақты қайта қалпына келтіруді жасады. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік объектілерінде 2019 жылдың соңына қарай құрамында мұнайы бар қалдықтарды сақтайтын 11 полигонның 9-ы толықтай тазартылып жойылды, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жою барысында жою жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда. 2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 984-985 км учаскеде 1,775 га бүлінген жерлер (тарихи ластану) және «Орал» ЖӨДС «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 1 016,3 км учаскесінде қайта қалпына келтірілді, өңделген мұнаймен ластанған топырақ көлемі 38 238,9 тоннаны құрады.

ПҚОП

Тазарту құрылыстарын жаңғырту шеңберінде мұнай шламын қайта өңдеу торабы салынды және пайдалануға берілді. Пайдаланылған мұнай өнімдерін технологиялық процеске қайтара отырып, мұнай шламын 3 фазалық бөлумен декантерлік қондырғыда өңдеу қарастырылған. Бұл іс-шара кәсіпорынның шлам жинағыштарында мұнай өнімдерінің жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді, бұл сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартады.

Бұрғылау қалдықтарының пайда болуы

2019 жылы ҚМГ өндіруші компанияларында бұрғылау қалдықтары 193,19 мың тоннаны құрады (2018 жылға қарағанда 11 %-ға артық), оның ішінде: 59,24 мың тонна – өңделген бұрғылау ерітіндісі; 133,948 мың тонна – бұрғылау шламы. ҚМГ тобының өндіруші компанияларының барлық бұрғылау қалдықтары мамандандырылған ұйымдарға кәдеге жарату үшін беріледі. Осы компаниялар қолданатын қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату әдістері: инертизация, термиялық әдіс, химиялық әдіс, биологиялық ремидиация және арнайы полигондарға көму.

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ
Біз ҚР заңнамасы шеңберінде өндірістік қызметімізді жүргізуге және қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауға тырысамыз. Компания өндірістік объектілерде ҚР табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді анықтау бойынша, заңнама талаптарына қандай да бір сәйкессіздікті болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін проблемалық мәселелерді айқындау және тәуекелдерді басқару бойынша жұмысты жалғастырады. Осы кестеде рұқсатсыз факелде қышқыл газды жаққаны үшін айыппұлдарды қоспағанда, ұсынылған және төленген айыппұл санкцияларының сомасы көрсетілген (бөлек ұсынылған). Сот шешімі бойынша факелде қышқыл газды жағудың барлық кезеңі үшін ұсынылған айыппұлдардың 34,4 млрд теңгеден 8,7 млрд теңгеге дейін рұқсатсыз қайта есептелді. Айыппұл сомасына қарсы болды және 25,7 млрд теңгеге қысқартылды.
ЕҚ, ӨҚ ЖӘНЕ ҚОҚ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ

Өндірістік процестердің қауіпсіздігі, қызметкердің жеке қауіпсіздігі, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігі қызметкерлердің құзыреттілігіне тікелей байланысты. Жүз процент қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған қауіпсіздік мәдениеті кадрлардың жоғары біліктілігіне, хабардар болуына және кәсібилігіне құрылады. Сондықтан қызметкерлердің құзыреттілігін қамтамасыз ету дамудың ажырамас бөлігіне айналады. ҚМГ компаниялар тобы бойынша ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелері бойынша оқытылған бір қызметкерге арналған академиялық сағаттардың орташа саны 17 сағатты құрайды.

ҚМГ компаниялар тобындағы енгізілген «70/20/10 – жұмыс орнында оқыту/ішкі/сыртқы» оқыту үлгісі бойынша өзінің 6 оқу-курстық комбинаттары/еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ қауіпсіз жүргізу мәселелері бойынша орталықтардың қазіргі бар базасында 34 мыңнан астам қызметкер тегін оқытылды. «Өзенмұнайгаз» АҚ (Жаңаөзен қ.), «ҚазТрансОйл» АҚ (Ақтау қ.), «Интергаз Орталық Азия» АҚ (Атырау, Шымкент қ.), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (Павлодар қ.) және «Oil Services Company» ЖШС (Ақтау қ.) өздерінің оқу-курстық комбинаттары/ орталықтары бар. Қолда бар оқытушылар құрамынан басқа, персоналды оқыту және олардың біліктілігін арттыру үшін орталықтарға үлкен өндірістік өтілі бар өндірістік персоналдың ішінен біліктілігі жоғары желілік басшылар мен мамандар да тартылады.

Негізгі бизнес бағыттар бойынша бөле отырып, ҚМГ компаниялар тобында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша оқыту

Тәжірибелі қызметкерлер арасында тәлімгерлік және ішкі жаттықтырушылық жөніндегі бағдарламалар іске асырылып жатыр, озық қызметкерлер арасында мастер-класстар мен тренингтер, түрлі конкурстар өткізілуде, бұл ішкі коммуникацияларды жетілдіруге және қызметкерлерді өз мамандығы бойынша үздік болуға ұмтылуға ынталандыруға мүмкіндік береді. ҚМГ компаниялар тобы бойынша сертификатты ала отырып, NEBOSH халықаралық бағдарламасы бойынша оқу өткізілді.

Осы бағдарлама бойынша 20 қызметкер оқудан өтті. ҚМГ корпоративтік орталығының 78 қызметкері ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелері бойынша оқытылды. Сондай-ақ 7 қызметкер NEBOSH бағдарламасы бойынша, 3 қызметкер IOSH бағдарламасы бойынша және 3 қызметкер IEMA бағдарламасы бойынша сертификаттық оқудан өтті. Осылайша, ҚМГ қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін халықаралық стандарттарға сәйкес арттыруға және ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ниетті. Тұтастай алғанда, көрсеткіштердің динамикалық өсуі ҚМГ компаниялары тобында ЕҚ, ҚҚ және ҚОҚ мәселелерін оқытуға қажеттілік сұранысқа ие болып қалатындығын көрсетеді. ҚР мұнай-газ секторының ерекшелігін, сондай-ақ персоналды міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру бөлігінде ҚР заңнамасының міндетті талаптарын ескере отырып, тұтастай алғанда қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің бағыттары барынша басым болып табылады.