KZ
БІЗДІҢ ПРОГРЕСС
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен қайта өңдеуден бастап мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын бірегей тігінен біріктірілген мұнай-газ операторы.
ҚМГ «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес құрылды. ҚМГ «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы», «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының және «ҚазМұнайГаз» – өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының құқықтық мұрагері болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚМГ-нің құрылтайшысы болып табылады.

ҚМГ акционерлері: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) (90,42%) және «ҚР Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі (9,58%).

ҚМГ компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ге тиесілі 144 компания кіреді, соның ішінде 77 актив ҚР аумағында орналасқан. Қалған активтер Румыния, Грузия, Швейцария, Нидерланд, Канада, Болгария, Украина, Молдова, Ресей мен Түркия сияқты осындай елдерде орналастырылған.

2015 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» № 1141 қаулысымен Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, оған ҚМГ тобының 73 компаниясы енгізілді, солардың ішінде іс-шараның 89 %-ы орындалды. ҚМГ тобында заңды тұлғаларды қысқарту жекешелендіру және дивестициялар бағдарламалары шеңберінде жүргізілуде.

ҚМГ далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін дизельді отынды жөнелтуді жүзеге асыруда, сондай-ақ жылыту кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді мазутпен қамтамасыз етеді. Мұнай өнімдерінің қалған көлемі сыртқы сатып алушыларға ішкі нарықта және экспортқа өткізіледі.

2019 жылы ҚМГ үлесіне мұнай өнімдерін өндіру көлемі 12 513 мың тонна дайын өнімді құрады. 2019 жылы ҚМГ Қазақстан Республикасының ішкі нарығының ашық мұнай өнімдеріне деген қажеттілігін толығымен жапты. Қазақстанда мұнай өңдеу көлеміне қатысты ҚМГ үлесіне көмірсутегі шикізатын өңдеу көлемінің үлесі 2019 жылы 81 %-ды құрады. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап ҚМГ автобензин (37 мың тонна) экспорттауға қосымша кірісті.

Мұнай өнімдерін экспорттық жеткізу құрылымында 2019 жылы қара мұнай өнімдері мен бензинді Еуропаға жөнелту басым болды, мұнай химиясы, кокс және күкірт көлемі Қытайға, Ресей мен Тәжікстанға жеткізілді.

2019 жылы авиаотынды сату «ҚМГ-Аэро» мынадай әуежайлар мен авиакомпанияларда жүзеге асырды:
  • «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ
  • «Тараз халықаралық әуежайы» АҚ
  • «Сарыарқа халықаралық әуежайы» АҚ
  • Deutsche Lufthansa Aktiengesellschaft (Германия)
  • «Аэрофлот» ЖАҚ (Ресей)
  • ATLAS GLOBAL(Түркия)
  • «Air Astana» АҚ
  • «QAZAQ AIR» АҚ
  • «Ир-Аэро» АҚ (Ресей)
  • «Scat» АҚ
Құн жасаудың өндірістік тізбегі

Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес 2018 жылдан бастап отандық мұнай өңдеуші зауыттарда К4, К5 (Евро-4, Евро-5) экологиялық кластарына сәйкес келетін моторлы отын өндірілуде.

К4, К5 (ЕВРО-4, ЕВРО-5)

Бұл ретте:

  • бензолдың көлемді үлесі К4, К5 экологиялық класы үшін 1 %-дан аспайды;
  • К4 класына арналған күкірттің массалық үлесі 50 мг/кг аспайды, К5 класына арналған күкірттің массалық үлесі 10 мг/кг аспайды;
  • К4, К5 экологиялық класс үшін қорғасынның концентрациясы 5 мг/дм3 көп емес.
  • Қазақстан Республикасында өндірілген ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудамен өткізу, мың тонна
    Қазақстанның мұнай өңдеуші зауыттарында шығарылатын өнімдердің сапасы туралы ақпарат МӨЗ ресми сайттарында қолжетімді:
    https://www.pnhz.kz/product/ quality_of_product/ https://www.anpz.kz/production/product/ http://www.petrokazakhstan.kz/rus/pages/ processing_subdivision.html
    Компанияның өндірістік қызметі мен қаржылық нәтижелері туралы толығырақ 2019 жылғы жылдық есепте баяндалған https://kmg.kz/uploads/reports/2020.04.30_KMG
    _AR_2019_KAZ_spreads_s.pdf
    КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
    МИССИЯ
    Акционерлер үшін ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан барынша пайданы қамтамасыз ету
    КӨЗҚАРАС
    Жоғары тиімді тікелей интеграцияланған компания – қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарына жауап беретін мұнай-газ саласының ұлттық лидері
    СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР
    1
    Өндіріс тиімділігі мен өсіруге салынған инвестицияларды арттыру арқылы акционерлер үшін құнды құру
    2
    Процестерді цифрландыру және оңтайландыру
    3
    Орнықты даму мен корпоративтік басқару саласындағы ең озық практикаларды енгізу
    4
    Қаржы орнықтылығын қолдау
    ҚМГ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР

    Еркін ақша ағыны мен инвестицияларды қайтару көрсеткішінің өсуі

    Бизнес-процестерді оңтайландыру және жаңа операциялық модельге көшу

    Құнды құрудың барлық тізбегі бойынша цифрлық шешімдерді енгізу

    Этика, комплаенс, корпоративтік мәдениет

    Тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік

    АКЦИОНЕРЛЕР ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР
    Компанияның құнын ұлғайту
    Акционерлердің дивидендтерін ұлғайту
    КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

    ҚР заңнамасына және ҚМГ Жарғысына сәйкес ҚМГ Корпоративтік басқару құрылымы былайша көрінеді:

    ҚМГ корпоративтік басқару органдары:

    Жоғары орган

    АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ

    Басқару органы

    ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

    Атқарушы орган

    БАСҚАРМА

    Директорлар кеңесі ҚМГ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Компания қызметінің басым бағыттарын, даму стратегиясын айқындайды және өзінің басқару функцияларын жүзеге асырғаны үшін Акционерлердің жалпы жиналысының алдында жауапты болады. Ағымдағы қызметті басшылыққа алу өз кезегінде Директорлар кеңесіне есеп беретін Басқармада жүзеге асырылады.

    Өкілеттіктерді беру

    Жоғары дәрежелі атқарушы басшыларға және басқа қызметкерлерге басқару органынан экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша өкілеттіктерді жүктеу ҚМГ Жарғысына және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес корпоративтік басқару процестері шеңберінде жүзеге асырылады.

    Корпоративтік басқаруды бақылау Директорлар кеңесіне жүктеледі, бұл ретте корпоративтік хатшы мониторинг жүргізеді және ҚМГ Корпоративтік басқару кодексін және Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі орта мерзімді іс-шаралар жоспарларын тиісінше сақтау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне, атқарушы органға және басқа органдарға кеңес береді. Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешуді табыстауды қамтитын орнықты даму жөніндегі мәселелер жиынтығы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларында егжей-тегжейлі нақтыланады, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің шешімдерінде қарастырылады.

    Директорлар кеңесінде барынша маңызды мәселелерді қарау және ұсынымдарды дайындау үшін ҚМГ-де Директорлар кеңесінің комитеттері құрылған.

    Директорлар кеңесінің жанында мынадай комитеттер жұмыс істейді:

    1. Тағайындаулар және сыйақылар комитеті — Директорлар кеңесі мен Басқарманың сабақтастығын жоспарлау, ҚМГ органдарының қызметін бағалау, тиімді кадр саясатын еңбекақы мен сыйақы төлеу жүйесін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚМГ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, кәсіби дамыту және оқыту бойынша міндеттер тобы үшін құрылған.

    2. Стратегия және портфельді басқару комитеті — ҚМГ даму стратегиясы және инвестициялық саясаты, қызметінің басым бағыттары, ҚМГ инвестициялық тартымдылығын арттыру, ҚМГ қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау және трансформациялау мониторингі мәселелері бойынша құрылды.

    3. Қаржы жөніндегі комитет — қаржылық жағдайды бағалау, қаржы құрылымы мен стратегиясына мониторинг жүргізу, сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау жолымен тиімді қаржы саясатын жүргізу мақсатында құрылды.

    4. Аудит жөніндегі комитет — оның функциялары аудит және қаржылық есептілік мәселелері бойынша қаржы-шаруашылық қызметті тиімді бақылауға, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне бағытталған.

    5. Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет — қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, орнықты даму және әлеуметтік-экономикалық даму қағидаттарын, әлеуметтік міндеттемелер мен бағдарламаларды енгізу, қызметтің үздіксіздігін және экологиялық тиімділікті қамтамасыз ету бойынша мәселелер тобын қарауға арналған. Аталған комитет ұйым көрсететін ықпал етудің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша бастамашылық жасауға, жан-жақты қарауға және шешімдер қабылдауға жауап береді.

    Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптарға жауапкершілік

    ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесі мен Басқарма өз құзыреті шеңберінде орнықты даму саласында тиісті жүйенің қалыптастырылуын және оның енгізілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте барлық қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар барлық деңгейдегі орнықты дамуға үлес қосады.

    2019 жылдың ішінде атқарушы орган деңгейінде орнықты даму мәселелерін шешу үшін жауапкершілік былайша бөлінді:

    1. Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры келген өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерін және сатып алудағы жергілікті қамту үлесін қоса алғанда, орнықты дамудың экономикалық құрамдас бөлігі мәселелерінің кешенін шешуге жауап береді.

    2. Стратегия жөніндегі басқарушы директор: орнықты даму қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін орнықты даму саласында басқару жүйесін құру және енгізу, сондай-ақ Компанияның негізгі процестеріне, даму стратегиясына және шешімдер қабылдау процестеріне орнықты дамуды біріктіру мәселелері.

    3. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор: ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ҚМГ стратегиясы мен саясатын қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері.

    4. Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директор: процестерді іске асыру және орнықты дамудың еңбек, кадрлық және әлеуметтік аспектілерін басқару мәселелері.

    Жоғарыда көрсетілген тұлғалар Басқармаға және/ немесе оның Төрағасына есеп береді. Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жауапты тұлғалардың есеп беруі нормативтік құжаттармен, ішкі бақылау рәсімдерімен және Компания қызметінің үздіксіздігімен егжей-тегжейлі реттеледі. Мәселен, даму жоспарларына сәйкес тұрақты негізде мәселелер Басқарманың қарауына шығарылады, ол өз кезегінде Директорлар кеңесіне есеп береді. Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі тиісті функциялар мен іс-шаралардың орындалуын кешенді бақылау ҚМГ Директорлар кеңесі Аудит комитетінің өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асырылады.

    Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптар бойынша мүдделі тараптарға кеңес беру

    Мүдделі тараптар мен Компанияның корпоративтік басқаруының жоғары органы арасында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар тұрақты негізде әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.
    Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мынадай мәселелер бойынша ұсынымдарды әзірлейді және Директорлар кеңесіне ұсынады:

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;

    ҚМГ стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтік-экономикалық дамуына орнықты даму қағидаттарын енгізу;

    Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар шеңберінде ҚМГ әлеуметтік міндеттемелері мен бағдарламалары;

    ҚМГ экологиялық тиімділігін мониторингілеу.

    2019 жылы Комитеттің басты назарында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, ESG (Environmental – Social – Governance) аспектілерін стратегиялық басқару, сондай-ақ орнықты даму саласындағы есептілік мәселелері болды. 2019 жылы Комитетте қаралған негізгі мәселелер:

    Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің есептілік сапасының ашықтығын және басқару тиімділігін арттыру;

    Беделді халықаралық рейтингтік агенттіктер желісі бойынша ESG рейтингін алу;

    Тәуелсіз аудит және ҚМГ-нің 2018 жылғы орнықты дамуы туралы есепті растау;

    Қауіпсіздіктің ықтимал қатерлерін тіркеу, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіптілігі жоғары оқиғаларды алдын алу;

    Су ресурстарын пайдалануға байланысты тәуекелдер, парниктік газдардың атмосфераға шығарылуына және ілеспе мұнай газын жағуға байланысты тәуекелдер, ҚР экологиялық заңнамасының өзгеруіне байланысты тәуекелдер сияқты климаттық тәуекелдерді тану;

    Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мердігерлік ұйымдарды басқару және өнім берушілердің жауапкершілігін арттыру;

    Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мамандандырылған ішкі аудиттер өткізу және аудит нәтижелерін талдау;

    ҚМГ компаниялар тобына салынған экологиялық айыппұлдар мен санкцияларды және осыған байланысты қабылданған іс-әрекеттерді егжей-тегжейлі талдау;

    Қалдықтарды басқару мәселелерін кешенді қарау: ҚМГ компаниялар тобы бойынша қалдықтардың алуан түрін есепке алу, анықтау және жою;

    Тұрақты даму саласындағы БҰҰ Жаһандық мақсаттарын енгізу;

    Тұрақты даму бағыттары бойынша Компанияның жекелеген басшылары үшін ҚНК (қызметтің негізгі көрсеткіштері) теңгерімделген жүйесін анықтау;

    Өлім жағдайларын, жол-көлік оқиғаларын және қауіпсіздік оқиғаларын зерттеу және алдын алу, болған қауіпсіздік оқиғалары үшін басшыларды жауапкершілікке тарту;

    Экологиялық және табиғат қорғау мәселелерін басқару бойынша көшбасшылық ұстанымды айқындау, ҚР экологиялық заңнамасын әзірлеуге қатысу;

    ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің мәдениеті, оқуы және жауапкершілігі.

    Бұдан басқа, Комитет 2019 жылы мынадай негізгі құжаттарды қарап, мақұлдады:

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2018 жылғы орнықты дамуы туралы есеп;

    ҚМГ компаниялар тобында орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық;

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саясаты;

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Экологиялық саясаты;

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алкоголь, есірткі құралдар, психотроптық заттар және олардың аналогтарына қатысты саясаты;

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясаты;

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандарты;

    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарты.

    Комитеттің жұмысына қатысу үшін Комитеттің отырысына дауыс беру құқығынсыз ҚМГ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері үнемі шақырылды. ҚМГ Директорлар кеңесі Комитет әзірлеген ұсынымдардың әрқайсысын қабылдады.

    Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Мәселен, 2019 жылы Комитеттің 3 отырысы өткізіліп, онда 36 мәселе қаралды, Комитет отырыстарының қорытындылары бойынша 57 шешім мен тапсырма қалыптастырылды.

    Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемалар бойынша мүдделі тараптардың ауқымды тізбесіне кеңес беру Компанияның веб-сайты, жұртшылықпен өзара іс-қимыл жөніндегі қызмет (баспасөз қызметі) арқылы, сондай-ақ орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу мәселелері бойынша сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен бірге ҚМГ коммуникацияларының орталық арнасы болып табылатын орнықты даму туралы жыл сайынғы есепті шығару арқылы жүргізіледі. Сонымен бір уақытта ҚМГ-де мүдделі тараптармен және Компаниямен тиісті түрде диалог құруға мүмкіндік беретін коммуникациялардың түрлі тәсілдері бар. Мысалы, инвестициялық қоғамдастыққа арналған ақпарат http://ir.kmg.kz арнайы порталына егжей-тегжейлі орналастырылады, жұмысқа орналасу мәселелері http://work.kmg.kz порталына орналастырылады, құпия ақпарат жүйесі doverie@kmg.kz сенім жүйесі арнасының желісі бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ ombudsman@kmg.kz омбудсмен қызметінің, hse@kmg.kz еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және sustainability@kmg.kz орнықты даму мәселелері бойынша функционалдық өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

    Құпия ақпарат беру жүйесі сыртқы тәуелсіз ұйым әкімшілік ететін «Жедел байланыс желісі» арқылы жүзеге асырылады.

    Жоғары басқару органының және оның комитеттерінің құрамы

    Осы есеп шыққан күнге Директорлар кеңесінің құрамы мынадай құрамда ұсынылды (31.12.2019 жылғы жағдай бойынша):

    1. Уолтон Кристофер Джон Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;

    2. Айдарбаев Алик Серікұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚМГ Басқарма төрағасы;

    3. Грюал Балжит Каур Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;

    4. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;

    5. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;

    6. Эспина Энтони Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;

    7. Уайт Стивен Джеймс Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

    8. Дайер Филип Джон Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

    9. Виана Палья Да Сильва Луис Мария Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

    Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы мынадай түрде берілген:

    АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

    1. Дайер Филип Джон, Комитет төрағасы

    2. Уайт Стивен Джеймс

    3. Виана Палья Да Сильва Луис Мария

    СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУ КОМИТЕТІ

    1. Уайт Стивен Джеймс, Комитет төрағасы

    2. Уолтон Кристофер Джон

    3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы

    4. Грюал Балжит Каур

    5. Дайер Филип Джон

    6. Виана Палья Да Сильва Луис Мария

    7. Эспина Энтони

    ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР КОМИТЕТІ

    1. Виана Палья Да Сильва Луис Мария, Комитет төрайымы

    2. Дайер Филип Джон

    3. Уолтон Кристофер Джон

    4. Уайт Стивен Джеймс

    5. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы

    6. Эспина Энтони

    ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

    1. Уолтон Кристофер Джон, Комитет төрағасы

    2. Уайт Стивен Джеймс

    3. Грюал Балжит Каур

    4. Дайер Филип Джон

    5. Виана Палья Да Сильва Луис Мария

    6. Эспина Энтони

    ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

    1. Дайер Филип Джон, Комитет төрағасы

    2. Уолтон Кристофер Джон

    3. Уайт Стивен Джеймс

    4. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы

    5. Виана Палья Да Сильва Луис Мария

    Директорлар кеңесінің мүшелері үш жылға дейінгі мерзімге сайланады. Директорлар кеңесінің құрамына бір әйел – Грюал Балжит Каур кіреді, Директорлар кеңесінің тоғыз мүшесінің үшеуі ҚР азаматтары болып табылады. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінде ҚМГ мүддесінде және барлық акционерлерге әділ қарым-қатынасты және орнықты даму қағидаттарын ескере отырып, тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін дағдылар, тәжірибе мен білім теңгерімін сақтау қамтамасыз етіледі. Басқарма төрағасынан басқа, Басқарма мүшелері Директорлар кеңесіне сайлана алмайды, бұл ретте Басқарма төрағасы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды. Директорлар кеңесінің мүшелері туралы барынша толық ақпарат ҚМГ веб-сайтында берілген:

    http://kmg.kz/kaz/kompaniya/korporativnoe_upravlenie/sovet_direktorov/

    Жоғары басқару органын номинациялау және іріктеу

    Директорлар кеңесінің мүшесіне кандидаттарды жылжыту және іріктеу тәртібі

    Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу тәртібі Жарғыда және өзге де нормативтік құжаттарда айқындалады, Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің төрағасымен және Директорлар кеңесі Тағайындау және сыйақылар комитетінің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады, сондай-ақ кандидатураларды іздеу және жалдауды жүзеге асыру кезінде ашықтық, әділдік және кәсібилік қағидаттарына негізделген. Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің және басқа тұлғалардың өкілдері ретінде сайлауға ұсынылғандар ішінен сайланады. Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың өз функцияларын орындау және ұзақ мерзімді құнның өсуін және орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қажетті білімі, дағдылары мен тәжірибесі болуы, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделі болуы тиіс. Директорлар кеңесінің төрағасы Акционерлердің жалпы жиналысында сайланады. Тәуелсіз директорларды іріктеу «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының директорлар кеңестері/байқаушы кеңестерінің құрамдарын қалыптастыру бойынша бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

    Мақсаттарды, құндылықтарды, миссияны және стратегияны айқындаудағы басқару органының рөлі

    Қызметтің басым бағыттарын айқындау, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ықпал етуге қатысты мақсаттарды, құндылықтарды, миссияны қамтитын даму стратегиясын, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерге қатысты саясаттар мен міндеттерді бекіту және іске асыру мониторингі атқарушы орган әзірлеген ұсыныстар негізінде акционерлердің келісімі бойынша Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Мәселен, 2019 жылғы 1 шілдеде ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2019 жылғы орнықты даму мәселелері бойынша (бұдан әрі – ОДО-2019) жыл сайынғы мамандандырылған бірлескен отырысы өткізілді, онда Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері ҚМГ компаниялары тобының ұзақ мерзімді орнықты дамуының өзекті мәселелерін бірлесіп талқылады.

    ОДО-2019 қорытындылары бойынша ҚМГ Директорлар кеңесі және Басқармасы әлеуметтік-экономикалық дамудың, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың, сондай-ақ корпоративтік басқарудың ұзақ мерзімді басым аспектілерін келісіп қабылдады, солардың ішінде мыналар келтіріледі:

    ҚМГ органдарының басқарушылық шешімдерін қабылдаудың барлық процестері орнықты даму қағидаттарын көздеуге тиіс;

    ҚМГ таланттарды ұстап қалу және дамыту, ұжымдар мен жұмыс орындарындағы мәдениет пен жағымды әлеуметтік жағдайды арттыру мақсатында ҚМГ өндірістік объектілерінің қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайлар мен әлеуметтік инфрақұрылымның тартымдылығын қоса алғанда, ҚМГ қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуін ұдайы жақсартуды қамтамасыз етуге ұмтылу қажет;

    Әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік тәуекелдерді реттеу үшін жергілікті қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынастар тұрақты негізде шешімдер қабылдаудың барлық деңгейінде ҚМГ қызметінің негізгі басымдықтары болуы тиіс;

    ҚМГ орнықты даму функционалы бойынша жұмыстардың толық спектрін тиімді орындау үшін ҚМГ-де тиісті кәсіби кадрлық және ресурстық базаны қамтамасыз етуге ұмтылу қажет;

    ҚМГ келген өңірлеріндегі өткір әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекетке жәрдемдесу үшін тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі қажет, онда ҚМГ-нің тікелей немесе жанама түрде әлеуметтік ықпалы мен мүдделілігі бар.

    Осылайша, Директорлар кеңесінің мүшелері экология және қоршаған ортаны қорғау, компания қызметкерлерінің барлық өндірістік объектілеріндегі өмірі мен денсаулығы, кадрлық әлеуетті дамыту және орнықты даму саласында жалпыға танылған жаһандық мақсаттарға адал болу мәселелерінің жоғары басымдығын анықтап берді.

    Басқару органының құзыреттілігі мен қызметін бағалау

    Басқару органы мүшелерінің ұжымдық білімдері
    Директорлар кеңесінің мүшелері өз дағдылары мен кәсібилігін, оның ішінде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді басқару бөлігінде үнемі жоғарылатуға тырысады. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет тұрақты негізде Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен білімдерінің ағымдағы балансын қарайды және оқыту жоспарын әзірлейді. Мерзімдік негізде өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында Директорлар кеңесінің көшпелі сессиялары өткізіледі. Сондай-ақ корпоративтік басқару компоненттері бөлінісінде тұрақты негізде басқаларымен қатар іске асырылатын семинарлар мен сессияларда ҚМГ басшылығы мен қызметкерлерін орнықты даму бойынша, әдеп және комплаенс бойынша оқыту жөніндегі жоспарлар.
    Басқару органының қызметін бағалау
    ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесі өз қызметінің, Комитеттердің, Директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің жыл сайынғы бағалауын жүзеге асырады. Бұл ретте бағалау әр үш жыл сайын тәуелсіз консультантпен жүзеге асырылады. Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Комитеттерінің, Директорлар кеңесі төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы ережелерінде регламенттеледі.
    Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен білімін арттыру туралы ақпарат Компанияның веб-сайтына орналастырылады: https://www.kmg.kz/kaz/kompaniya/korporativnoe_upravlenie/
    treningi_chlenov_soveta
    _direkt/

    Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерді басқару

    ҚМГ Директорлар кеңесі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерді, тәуекелдерді және ілеспе перспективаларды басқаруда маңызды рөл атқарады. Компания тоқсан сайынғы негізде үнемі және жылдың қорытындысы бойынша экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді қамтитын тәуекелдерді басқару жөніндегі бекітілген әдіснамаға сәйкес тәуекелдерді бағалауды жүргізеді. Анықталған тәуекелдер негізінде оларды болдырмау, мониторингілеу және жою жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Директорлар кеңесінің құзыретіне тәуекелдерді басқару жөніндегі корпоративтік саясатты айқындау, тәуекелдер тізілімі мен картасын, сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, жалпы тәуекел-тәбетін, әрбір негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін бекіту, тәуекелдер жөніндегі есепті, ішкі бақылау жөніндегі құжаттарды және ҚМГ қызметінің үздіксіздігін басқару жүйесін қамтамасыз ету саласындағы құжаттарды бекіту жөніндегі функциялар жатқызылған.

    GRI 102-15, 102-30, 102-35, 102-36, 102- 37, 102-38, 102-39 көрсеткіштері туралы толығырақ ақпарат (тәуекелдерді басқару, Директорлар кеңесінің сыйақысы) ҚМГ сайтындағы жылдық есепте көрсетілген https://kmg.kz/uploads/reports/2020.04.30_KMG_AR_2019_KAZ_spreads_s.pdf
    2019 жылғы негізгі корпоративтік оқиғалар
    Қаңтар
    АМӨЗ борышына қызмет көрсету бойынша шығыстарды азайту мақсатында 2019 жылғы қаңтарда (1) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы» биржасына облигацияларды орналастыру және (2) Халық банкінен қарыз тарту есебінен Қазақстанның Даму Банкіндегі (ҚДБ) борышты 300 млн АҚШ доллары сомасында қайта қаржыландыруды жүзеге асырды
    Наурыз

    2019 жылғы 28 наурызда Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі бұл ретте «b» бастап «bb-» дейін жеке рейтингтің (stand-alone credit profile) жоғарылағанын атап көрсетіп, «ВВВ-/Тұрақты болжам» деңгейінде ҚМГ рейтингін растады

    ҚМГ 2019 жылғы 29 наурызда (1) 2018 жылғы Еурооблигацияларды шығару талаптарымен ковенанттық пакетті теңестіруге және (2) 2044 жылы өтеуге жататын 30,1 млн АҚШ доллары сомасында Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге 2022, 2023, 2027 және 2047 жылдары (2018 жылға дейін шығарылған еурооблигациялар) өтелуге жататын Еурооблигацияларды ұстаушылардың келісімін алды

    Тамыз

    ҚМГ мен ҚТГ 2019 жылғы тамызда қаржыландыру және кредиттік құжаттама талаптарын жақсарту мақсатында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС тартылған шетелдік банктердің синдикатынан жалпы сомасы 720 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарызды қайта қаржыландыру шеңберінде бірлескен қаржылық кепілдікті шығаруды жүзеге асырды

    Moody’s халықаралық рейтингтік агенттік 2019 жылғы 22 тамызда «Ва3» бастап «Ва2» дейін Қазақстан үкіметі тарапынан қолдауды ескермей-ақ, дербес негізде ҚМГ кредит төлеу қабілеті рейтингін арттырды. ҚМГ ұзақ мерзімді рейтингі «тұрақтыдан» «позитивтіге» болжамын қайта қараумен «Bаа3» деңгейінде расталды

    Шілде
    2019 жылғы шілдеде АМӨЗ валюталық тәуекелді басқару мақсатында ҚДБ-дан 152 млн АҚШ долларына барабар сомада алынған қарыз валютасын «АҚШ долларынан» «теңгеге» ауыстырды
    Желтоқсан
    АМӨЗ 2019 жылдың желтоқсанында 200 млн АҚШ долларына барабар сомада, оның ішінде 2020 жылғы қаңтарда Қытайдың Эксим Банкіне валюталық қарыздың бір бөлігін қайта қаржыландыру үшін теңгемен ҚМГ кепілдігінде ҚДБ-мен кредиттік келісім жасады
    Қазан
    2019 жылғы 23 қазанда жалғыз акционерге бөлінетін резервтерден KMG International N.V. 15 млн АҚШ доллары мөлшерінде дивидендтерді төлеу жүргізілді. Төлем KMG International N.V. сатып алған сәттен бастап алғаш рет жүргізілді
    2019
    ҚМГ 2019 жылғы шілдеде жалғыз ұстаушысы ҚДБ болып табылатын шығарылған облигациялар бойынша берешекті 113 млн АҚШ доллары сомасында толық өтелуін жүзеге асырды; 2019 жылы ҚМГ 1 250 млн АҚШ доллары мөлшерінде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды қоса алғанда, ТШО мұнайына 2 250 млн АҚШ доллары сомасында аванс беру шеңберінде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындады
    ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ

    ҚМГ цифрлық трансформациясы ОДМ-ны іске асыруға тікелей үлес қосады, атап айтқанда 9 «Тұрақты инфрақұрылым құру, жан-жақты және орнықты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу» ОДМ қолдайды.

    Индустрияландыру ұлттық экономиканың қозғалтқышы және жұмыс орындарының генераторы болып табылады. Тұрақты инфрақұрылымнан басқа, ол зерттеу қызметіне, инновациялар мен технологиялық прогреске сүйеніп отыр. Осыған байланысты цифрландыру рөлі өсіп келеді. Бүгінде цифрлық технологиялар тиімділік пен қауіпсіздік саласындағы түбегейлі жақсартуларын ұсына отырып, экономиканың барлық салаларына енеді. Сондай-ақ, энергетика да ерекшелік болып табылмайды: бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарлы мұнай-газ компаниялары Big Data, предиктивті талдауды, жасанды интеллектті, машиналық оқыту, роботтар және т. б. тиімді қолданады.

    Әлемде цифрландырудың өсіп келе жатқан актуалдығын ескере отырып, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама мұнай-газ өнеркәсібін қоса алғанда, экономиканың барлық салаларын қамтиды және мыналарды көздейді:

    Қазақстанның ірі өндіруші компанияларына зияткерлік кен орнының технологиясын енгізуді;

    есепке алудың бақылау аспаптарын қолдану арқылы тауарлық мұнай өндіруді есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етуді;

    бақылау жүйелерімен жабдықтау, жабдықтарды ауыстыру және ҚР мұнай өңдеу зауыттарында техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы ел ішінде отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді.

    2019 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа пайымын ескере отырып, ҚМГ трансформациялау бағдарламасын тұжырымдамалық жаңартуды жүзеге асырды: трансформациялау фокусын бизнес-процестерден цифрлық технологияларға ауысуы болды, цифрлық трансформациялау жобаларының портфелі өзектілендірілді және 2019–2024 жылдарға арналған Бағдарламаның жол картасы бекітілді. Қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, Компания қызметтің барлық бағыттарында цифрлық технологияларды кезең-кезеңмен енгізетін болады. Бағдарламаның ағымдағы портфеліне енген мұнай мен газды өндіру, өңдеу, тасымалдаудағы цифрландыру жобалары пайдаланылатын деректердің сапасын арттыруға және активтерді жедел басқаруға, болжау мен модельдеу процестерін жақсартуға, өндірістік шығындарды азайтуға арналған. Мұның бәрі компанияның операциялық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    ҚМГ Цифрландыру стратегиясын әзірлеу 2020 жылға жоспарланды. Стратегия қосылған құн тізбегінің негізінде ҚМГ компаниялар тобында цифрлық технологияларды енгізу басымдықтарын айқындауға, цифрландырудан әлеуетті әсерді анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнес-бағыттар мен жобалар бөлінісінде назарын көрсетеді. Корпоративтік орталық деңгейінде цифрландыру «толассыз», «интеграциялық» және жүйелік-әдіснамалық жобаларды іске асыруға шоғырландырылады.

    Қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, Компания қызметтің барлық бағыттарында цифрлық технологияларды кезең-кезеңмен енгізетін болады. Бағдарламаның ағымдағы портфеліне енген мұнай мен газды өндіру, өңдеу, тасымалдаудағы цифрландыру жобалары пайдаланылатын деректердің сапасын арттыруға және активтерді жедел басқаруға, болжау мен модельдеу процестерін жақсартуға, өндірістік шығындарды азайтуға арналған.

    2019 жылдың қорытындысы бойынша үш жоба және екі іс-шара аяқталды. Атап айтқанда, мұнай өндіруде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-та техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқарудың жаңа моделін (ТҚжЖ) енгізу» жобасы іске асырылды. Жоба шеңберінде ТҚжЖ басқару процесі автоматтандырылды: жабдықтарды жоспарлы өндірістік жөндеу кестелерін жылдық және ай сайынғы жоспарлау және сыни жұмыстарды басым орындау есебінен жедел және стратегиялық басқару құралы іске асырылды. Мұнай кәсіпшілігі жабдығына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған шығындарды жоспарлау мен бақылау деректері бойынша жедел және талдамалық есептерді қалыптастыру тетігі енгізілді.

    Мұнай өңдеуде «Spiral» бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде «ҚМГ МӨЗ-де өндірісті оңтайлы жоспарлауды енгізу» жобасы аяқталды. Жобаның нәтижелері бойынша жоспарлаудың жоғары дәлдігі қамтамасыз етіледі, жоспарлау процесі корпоративтік орталық деңгейінде басқарылады, жоспарды қалыптастыру кезінде зауыттардың және бас компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы жолға қойылған, жоспарлаудың ашықтығына қол жеткізіледі. Өндірісті оңтайлы жоспарлауды енгізу есебінен мұнай өнімдерінің шығуын жақсарту байқалады, бұл шығындарды қысқартуға және МӨЗ-дің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

    «Мұнайды өңдеу және маркетинг» бизнес-бағытында іске асырылған басқа жоба – «ҚР МӨЗ пайдаланудың 3 жылдық жөндеуаралық кезеңіне көшуі (оның ішінде ЖТҚЖ жүйесін автоматтандыру)». Жоба нәтижелері бойынша мұнайды қайта өңдеу көлемін ұлғайту, жөндеуге арналған шығыстарды қысқарту, авариялық жағдайлардың қауіп-қатерін төмендету үшін жағдайлар жасалды, сондай-ақ жылына бір рет емес, үш жылда бір рет жөндеу үшін МӨЗ тоқтату мүмкіндігі жасалды.

    Жаңа тәсілдемелерге сәйкес Цифрлық трансформациялау бағдарламасының екі маңызды бастамасын іске асыруды жалғастыру жоспарланып отыр – «Зияткерлік кен орны» және «ERP негізгі бизнес-функцияларын трансформациялау» (бұдан әрі – ERP) тұжырымдамасын енгізу.

    «Зияткерлік кен орны» жобасы өнеркәсіптік автоматтандыру және деректерді жинау құралдарын енгізуді білдіреді және «ақылды кен орындарының» («SMART FIELD») технологиялары мен модельдерін ілгерілету үшін негізін қалайды. Қазіргі уақытта талдамалық жүйелерді, предиктивті талдауды және жасанды интеллектті қолдана отырып, зияткерлік кен орнының толық ауқымды моделінің тұжырымдамасын әзірлеу аяқталып жатыр. Тұжырымдаманың негізінде жоба жаңа конфигурациядағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қайта пішімделетін және енгізілетін болады.

    Жаңа тәсілдемеге сәйкес ERP іс-шаралары жобалар бағдарламасының нысанына ауысады, оның шеңберінде ҚМГ еншілес ұйымдары S4/ HANA өнімі базасында ERP-жүйесін енгізумен дербес айналысады. ҚМГ бағдарламаның орындалуын бақылайтын, бірыңғай корпоративтік стандарттардың, әдіснаманың сақталуын және анықтамалықтардың біріздендірілуін қадағалайтын болады.

    ҚМГ трансформациялау бағдарламасы 9.5 ОДМ-ны, атап айтқанда, ғылыми зерттеулерді кеңейту, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша 9.5-міндетті іске асыруға ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға елеулі қаражатты инвестициялайды. Егер бұған қол жеткізетін болса, 9.b өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуаттарды дамыту туралы ОДМ елдегі климаттық жағдайға да оң әсерін тигізеді (13 ОДМ).