KZ
ЕСЕП ТУРАЛЫ

Мүдделі тараптар алдында өз қызметінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жыл сайын Компанияның орнықты дамуына, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілікке деген көзқарасын жариялап отырады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орнықты даму саласындағы өз қызметі туралы есептілікті дайындауды 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жүргізеді, 2012 жылдан бастап есептілікті жаһандық есептілік бастамасына (Global Reporting Initiative – GRI) сәйкес жариялауда.

Осы Есеп GRI Standards: Core option (негізгі нұсқа) сәйкес дайындалды. Есепте 2019 күнтізбелік жылдағы ҚМГ және оның еншілес пен тәуелді ұйымдары туралы шоғырландырылған ақпарат берілген (есепте былай деп аталатындар – ҚМГ, Компания, Компаниялар тобы).

Есептің шекаралары дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ қызметін бақылауға құқылы заңды тұлғаларды (бөлімдер бойынша есептілік шекараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы Есепте 1-қосымшада берілген) қамтиды.

Компанияның өндірістік қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижелері Компанияның тиісті Блоктарының ұйымдық қолдауымен Компанияның шоғырландырылған деректерін пайдалана отырып берілді. Осы Есепті дайындау кезінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша жасалған ҚМГ басқарушылық және аудиттелген қаржылық есептілігі пайдаланылды.

Осы Есеп Global Reporting Initiative Sustainability Reporting Standards (GRI Standards, 2016) орнықты даму саласында есептілікті дайындау жөніндегі халықаралық нұсқаулыққа, сондай-ақ GRI G4 Oil and Gas Sector Disclosures мұнай-газ компанияларына арналған салалық қосымшаға сәйкес дайындалды.

Көрсеткіштер бойынша деректердің салыстырмалылығын және салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат бірнеше жылғы динамикада ұсынылған.


ҚМГ орнықты дамуы туралы барлық есептер ҚМГ веб-сайтында электронды және интерактивті форматта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді: http://www.kmg.kz/kaz/ ustoichivoe_razvitie/reports/.

ҚМГ тұрақты дамуы туралы есеп ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және корпоративтік интернет-сайтта жариялау және баспа нұсқасын тарату арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі. 2006 жылдан бері ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының (бұдан әрі – БҰҰ ЖШ) мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады және БҰҰ ЖШ ондаған қағидаттарына және БҰҰ 17 орнықты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ОДМ) бейілділігін қолдайды.

Компанияның орнықты дамуы туралы жыл сайынғы есеп БҰҰ Жаһандық шарты шеңберіндегі ілгерілеу туралы біздің хабарламамыз болып табылады және https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/6810 қолжетімді.