Компания туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен қайта өңдеуден бастап мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын бірегей тігінен біріктірілген мұнай-газ операторы.

ҚМГ «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес құрылды. ҚМГ «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы», «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының және «ҚазМұнайГаз» – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының құқықтық мұрагері болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚМГ-нің құрылтайшысы болып табылады.

ҚМГ акционерлері:

90,42%
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «СамұрықҚазына» АҚ)
9,58%
«ҚР Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі

ҚМГ Компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ге тиесілі 135 компания кіреді, соның ішінде 68 актив ҚР аумағында орналасқан. Қалған активтер Румыния, Грузия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Болгария, Украина, Молдова, Ресей мен Түркия сияқты осындай елдерде орналастырылған.

2015 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚМГ тобының 73 компаниясы енгізілген, Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. ҚМГ тобында заңды тұлғаларды қысқарту жекешелендіру және дивестициялар бағдарламалары шеңберінде жүргізілуде.

2020 жылғы 5 қарашада ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 13/2020 хаттама) 2019 жылғы 6 маусымдағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы активтерінің нысаналы құрылымына көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ ҚМГ тобы активтерінің құрылымын, оның ішінде қосалқы холдингтерді тарату/қайта ұйымдастыру есебінен оңайлату бойынша жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ субхолдингін ерікті түрде тарату жөніндегі іс-шаралар жалғастырылды, осыған байланысты 2019–2020 жылдары ҚМГ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тан 8 компанияны сатып алды.

2020 жылы ҚМГ өткізілген/таратылған активтерінің саны: өткізілгені – 3 компания, таратылғаны – 2 компания, қайта ұйымдастырылғаны – 1 компания.

ҚҰН ЖАСАУДЫҢ ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕГІ

ҚМГ далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін дизельді отынды жөнелтуді жүзеге асыруда, сондай-ақ жылыту кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді мазу­тпен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ҚМГ 2020 жылы «ҚМГ-Аэро» ЖШС арқылы 2 жергілікті әуежай мен 6 авиакомпания үшін авиациялық отынды сатуды жүзеге асырды:

  • «Сарыарқа әуежайы» АҚ
  • «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуе­­жайы» АҚ
  • Deutsche Lufthansa Aktiengesellschaft (Германия)
  • Aerofuels Overseas Limited (Ресей)
  • «Эйр Астана» АҚ
  • «QAZAQ AIR» АҚ
  • «Scat» АҚ
  • «ҚазАвиаСпас» АҚ

Мұнай өнімдерінің қалған көлемі сыртқы сатып алушыларға ішкі нарықта және экспортқа өткізіледі.

ҚМГ 2020 жылы автобензин (163 мың тонна) экспорттады, сондай-ақ алғаш рет дизель отынын (115 мың тонна) экспорттауды бастады. Ашық түсті мұнай өнімдері экспорты көлемінің 2019 жылмен салыстырғанда +241 мың тоннаға ұлғаюы ҚР ішкі нарығында тұтынудың төмен­деуі­­мен түсіндірілді.

2020 жылы мұнай өнімдерін экспорттық жеткізу құрылымында Еуропаға қара мұнай өнімдерін жөнелту, сондай-ақ Еуропа елдеріне, Ауғанстанға, Грузия мен Тәжікстанға бензин жеткізу басым болды. Дизель отынының, мұнай химиясының, кокстың, күкірттің және бутанның көлемі Еуропаға, Қытайға, Ресейге, Өзбекстан мен Тәжікстанға жеткізілді.

Практикадан мысал

Jet-A1 авиаотын өндірісі

2020 жылдан бастап ҚР барлық МӨЗ JET-A1 халықаралық класты авиаотын өндіруге технологиялық дайындыққа ие.

Бұл ретте  мыналар назарға алынады:

  • Отандық авиакомпаниялар әуе кемелерінің JET А-1 маркалы авиаотынды пайдалануға дайындығы;
  • Халықаралық нарыққа жеткізу мүмкіндігі;
  • ҚР әуежайларының тартымдылығын арттыру;
  • ҚР әуежайларының жанармай құю кешендерін халықаралық стандарттар бойынша дамыту мүмкіндігі.

ТС-1 және РТ маркалы авиа отындарымен салыстырғанда JET А-1 маркалы авиаотынның негізгі артықшылықтарының бірі JET А-1 маркалы авиаотынның жақсартылған өрт, жарылыс қауіпті қасиеттері болып табылады.

ҚМГ 2020 жылы Батыс Қазақстанда орналасқан төрт еншілес мұнай өндіруші компаниядан кейіннен екі мұнай өңдеу зауытында (батыста Атырау МӨЗ және республиканың шығысында Павлодар МХЗ) өңдеу үшін мұнай сатып алуды жүзеге асырды. Мұнайдың және оны өңдеу бойынша қызметтердің жалпы құны 302,2 млрд теңгені құрады.

Елдің ішкі нарығы отандық өндірістің мұнай өнімдерімен 100 % қамтамасыз етілді.

Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес 2018 жылдан бастап отандық мұнай өңдеуші зауыттарда 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ҚМГ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН КӨТЕРМЕ САУДАМЕН ӨТКІЗУ, МЫҢ ТОННА

Өнім

2018

2019

2020

ішкі нарық

экспорт

барлығы

ішкі нарық

экспорт

барлығы

ішкі нарық

экспорт

барлығы

Бензиндер

701

0

701

789

37

826

647

163

810

Дизельдік отын

954

0

954

1 028

0

1 028

930

115

1 045

Авиациялық отын

34

0

34

85

0

85

65

0

65

Мазут

192

414

606

188

469

657

211

402

613

Вакуумды газойль

0

200

200

0

167

167

0

155

155

Битум

53

0

53

65

0

65

87

0

87

Кокс

44

33

77

40

51

91

61

57

118

Күкірт

9

4

13

2

13

15

6

5

11

Бензол

0

5

5

0

12

12

0

19

19

Параксилол

0

2

2

0

55

55

0

90

90

Сұйылтылған газ

128

0

128

114

0

114

133

1

134

Пеш отыны

43

23

66

7

0

7

6

0

6

Өзгелері

4

0

4

14

0

14

15

0

15

Барлығы

2 162

681

2 843

2 332

804

3 136

2 161

1 007

3 168

экологиялық кластарына сәйкес келетін моторлы отын өндірілуде

К4, К5 (ЕВРО-4, ЕВРО-5)

ҚР мұнай өңдеу зауыттарындағы бензиндердің сапасы мыналарға сәйкес келеді:

  • К4, К5 экологиялық кластарына арналған бензолдың көлемді үлесі 1 %-дан аспайды;
  • К4 және К5 экологиялық кластары үшін хош иісті көмірсутектердің көлемді үлесі 35 %-дан аспайды;
  • К4 класына арналған күкірттің массалық үлесі 50 мг/кг аспайды, К5 класы үшін 10 мг/кг аспайды;
  • Монометиланилиннің көлемді үлесі К4 экологиялық класы үшін 1 %-дан аспайды және К5 класы үшін болмауы;
  • К4 және К5 экологиялық класты бензиндерді дайындау кезінде құрамында металы бар қоспалар (құрамында темір, марганец, қорғасын бар) қолданылмайды.

Компанияның өндірістік қызметі мен қаржылық нәтижелері туралы толығырақ 2020 жылғы жылдық есепте баяндалған
https://www.kmg.kz/kaz/investoram/reporting-and-financial-result/a>

2020 жылғы корпоративтік негізгі оқиғалар

ӨНДІРІСТІК НӘТИЖЕЛЕР
  • 11 желтоқсанда Шығыс Өріктау кен орнында екі ұңғыма тәжірибелік пайдалануға берілді.
  • «Ембімұнайгаз» АҚ Сағидолла Нұржанов кен орнының солтүстік-батыс қанаты ауданында НСВ-11 ұңғымасынан тәулігіне 70 тонна дебитпен Триас шөгінділерінен сусыз мұнайдың фонтанды ағынын алу 2020 жылы жұмыс істеп тұрған жобаларды жете барлаудың негізгі оқиғасына айналды.
  • Геологиялық барлаудың қолданыстағы жобалары бойынша 2020 жылдың маңызды оқиғаларының бірі Шығыс Бектұрлы учаскесіндегі іздестіру ұңғымасынан тәулігіне 85 тоннаға дейін дебитпен Юра шөгінділерінен сусыз мұнайдың фонтанды ағынын алу болды.
  • Үш мұнай өңдеу зауыттарында ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуы өңдеу тереңдігінің көрсеткіштері орташа алғанда 84,8 %-ға дейін жақсарды (ПМХЗ 86,3 %-дан 87,2 %-ға дейін, АМӨЗ 75 %-тен 77,2 %-ке дейін, ПҚОП 84,8 %-тен 90,1 %-ке дейін) және 2019 жылмен салыстырғанда ҚР барлық МӨЗ-дерінде шығындар төмендеді.
  • Мұнайды ішкі нарыққа, экспортқа және транзитке сенімді және үздіксіз тасымалдау қамтамасыз етілді.
  • Бірінші іске қосу кешенінің объектілері пайдалануға берілді, «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының екінші іске қосу кешені шеңберінде магистральдық сорғы және энергиямен жабдықтау объектілерінің құрылысы аяқталды, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырындағы мұнайды есепке алу жүйесін реконструкциялау аяқталды.
  • ҚТКФ кемелерімен тасымалдау және ТШО БКЖ үшін Прорва порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу мерзімінен бұрын аяқталды. Жалпы салмағы 279 859 тонна болатын небәрі 408 модуль өңделді.
  • Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбыры толық қуатқа шықты.
ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛІЛІК
  • Дағдарыстың Компанияға теріс әсерін төмендетуге бағытталған 2020–2021 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы шаралар әзірленіп, іске асырылуда.
  • Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында Қазмұнайгаздың қаржылық нәтижелері пандемия басталғанда болжанғанға қарағанда, жақсырақ қалыптасты. Жыл қорытындысы бойынша оң еркін ақша ағынына қол жеткізілді.
  • Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде шығыстар 147 млрд теңгеге (күрделі шығындар 103 млрд теңгеге, операциялық шығыстар 27 млрд теңгеге, әкімшілік шығыстар 17 млрд теңгеге) қысқартылды.
  • Доллардағы жалпы қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсанда 10 030 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,4 %-ке төмендеді және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 9 690 млн АҚШ долларын құрады.
  • ҚМГ инвестициялық портфелінен рентабельді емес және рентабельділігі төмен жобалар алып тасталды.
  • Инвестициялық жобаларға арналған күрделі шығындар (дамуға көзделген шығындар 29 млрд теңгеге оңтайландырылды) төмендетілді.
  • ҚМГ-нің 907 млн АҚШ доллары сомасындағы еурооблигациялары сәтті қайта қаржыландырылды, осылайша борышты ірі бір жолғы төлеу мәселесі шешілді. Келесі ірі өтеу тек 2025 жылы ғана болады.
  • Бұдан бұрын 2017–2019 жылдары борыш деңгейін бақылау және қысқарту, біржолғы ірі өтеулерді уақтылы қайта қаржыландыру, ковенанттар пакетін жақсарту, өтімділікті басқаруды арттыру, шығындарды оңтайландыру және қаржылық орнықтылықты нығайту бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында ҚМГ мемлекеттің көмегіне жүгінбей, Moody’s, Fitch және S&P кредит рейтингтерін сақтап қалуға қол жеткізді.
  • Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі: тауарларда – 71 % (жоспар кезінде 80 %); жұмыстар мен қызметтерде – 86 % (жоспар кезінде 80 %) құрайды. Шарттың 1 жылға дейінгі қолданылу мерзімімен отандық тауар өндірушілерден ЕТҰ сатып алу жоспарлары бойынша сатып алу үлесі 165 млрд теңгені немесе тауарлардың барлық сатып алуының 68 %-ын құрайды.
  • 2020 жылы отандық өндірушілермен жалпы сомасы 13,56 млрд теңгеге 40 оффтэйк-шарт және 2 меморандум жасалды.
  • 2020 жылы 500 млн теңгеге дейінгі сомаға жасалған шарттар шеңберінде өнім берушілерде 22,6 мың жұмыс орны сақталған, ал 500 млн теңгеден астам сомадағы шарттар бойынша – өнім берушілерде 1 623 жаңа жұмыс орны құрылды.
  • ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлерін осы жұмысқа барынша тарта отырып, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа мүлдем төзбеушілікке қол жеткізуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру 2020 жылды сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың бірыңғай фактісіз аяқтауға мүмкіндік берді.
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кибергигиенаның негізгі талаптарын сақтау, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында Компания үшін айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік берді.
  • ҚМГ, ЕТҰ және мердігерлік күзет ұйымдары іске асырып жатқан шаралар 2020 жылы ҚМГ инфрақұрылымының физикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл ретте магистральдық мұнай құбырларына қылмыстық кесіп кірудің бірде-бір фактісіне жол берілмеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛІЛІК
  • Covid-19 пандемиясы кезінде ҚазМұнайГаз компаниялар тобында өндірістік процестерді тоқтатуға жол берілмеді, өндірістік персонал қысқарту жүргізілмеді, оның сыйақысы қысқарған жоқ. Компания өңірлерге COVID-19 пандемиясымен күреске 6 млрд. астам теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетті.
  • ҚазМұнайГаз тарихында алғаш рет еңбек қызметіне байланысты өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларсыз бір жыл көрсеткішіне қол жеткізілді.
  • 2020 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданының бес елді мекеніне (Масаншы, Қаракемер, Сор­­төбе, Бұлар батыр, Аухатты) жалпы ұзындығы 42 км жоғары және орта қысымды жеткізуші газ құбырының құрылысы аяқталды. Жобаны іске асыру 62 мыңнан астам адам тұратын 10 елді мекенді, 7 177 тұрғын үйді, 29 әлеуметтік сала объектісін, 243 шағын және орта кәсіпкерлік объектісін табиғи газбен қамтамасыз етті. Болашақта тағы жеті елді мекенді газдандыру мүмкіндігі бар.
  • Түркістан қаласының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында 2019–2020 жылдар аралығында Түркістанды газдандыру 100 %-ға аяқталды. Газбен жабдықтау желілеріне 50 мыңнан астам абонент қосылған. 26 200 отбасы өз үйлерінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жеткізетін табиғи газды пайдалануда.
  • ҚМГ компаниялар тобы бойынша әлеуметтік әл-ауқат индексі 2019 жылғы 72 %-дан 2020 жылы 74 %-ға дейін («Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы 2020 жылғы қарашада жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша) өсті.
  • ҚМГ пандемияға және мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауына қарамастан ұжымдық шарттар шеңберінде алынған барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті.
  • Кейбір жағдайларда ҚазМұнайГаз сервистік компаниялардың мәжбүрлі қарапайым жұмысшыларына ақы төледі, олардың жұмыс көлемі өндірістің төмендеуі аясында төмендеді.
  • Шығындардың қысқаруына қарамастан, өндірістегі қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылды. Қаражанбас, Маңғыстаумұнайгазда жаңа жатақханалар пайдалануға берілді және Ақтөбе облысында вахталық кент салынды. АМӨЗ қызметкерлеріне қызметкерлерді әлеуметтік қолдау аясында 101 пәтердің кілті берілді.
  • Екінші жыл қатарынан көміртегі ізі есептеліп, CDP алаңында ҚМГ Климаттық сауалнамасы орналастырылуды, оның нәтижесінде ҚМГ «С» климаттық рейтингіне ие болды.

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

МИССИЯ
Акционерлер үшін ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан ең жоғары пайдаларды қамтамасыз ету
ПАЙЫМ
Қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарына сәйкес келетін жоғары тиімді ұлттық тігінен интеграцияланған компания
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР*
1
Құнды жасау және қаржылық тұрақтылықты нығайту
2
Бизнесті және басқарушылық модельді оңтайландыру
3
Корпоративтік басқару және орнықты даму саласындағы үздік практикаларды енгізу
ҚМГ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР
  • Бос ақша ағынының және инвестицияларды қайтару көрсеткішінің өсуі
  • Оңтайлы бизнес және басқару моделі
  • Этика, комплаенс, корпоративтік мәдениет
  • Тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік
АКЦИОНЕРЛЕР ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР
Акционерлерге дивидендтерді ұлғайту

*2018 жылғы 4 қазандағы ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес
(N 14/2018 хаттама).

COVID-19 ПАНДЕМИЯҒА АРНАЛҒАН ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

COVID-19 пандемиясы дағдарысының компанияға әсерін жұмсарту мақсатында ҚМГ 2020–2021 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі және іске асыруда.

Дағдарысқа қарсы шаралардың бес негізгі бағыты дағдарыстың Компанияға әсерін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік берді:

  • операциялық модель;
  • операциялық тиімділік;
  • қаржылық тұрақтылық;
  • инвестициялық қызмет;
  • цифрлық трансформациялау.

1-шара. Операциялық модель

Операциялық модель шеңберінде қабылданған шаралар мынадай бағыттарды қамтиды:

  • бизнес-процестерді оңтайландыру;
  • ҚМГ-нің Корпоративтік орталығындағы ұйымдық құрылымды өзгерту және қызметкерлерді оңтайландыру.

ҚМГ дағдарысты 2020 жылдың кейбір жағдайларында сервистік компаниялардың мәжбүрлі қарапайым жұмысшыларына ақы төледі, олардың жұмыс көлемі өндірістің төмендеуі аясында төмендеді.

Қызметкерлерді әлеуметтік жауапкершіліктен босатудың аутплейсмент жобасы іске асырылды. Нәтижесінде қатысушылардың 25 %-ы жоба басталғаннан кейін жарты жыл ішінде жұмысқа орналастырылды; 12%-ы қызмет түрін ауыстырды және жеке ісін (бизнесін) дамытумен айналысты; қатысушылардың 93& %-ы аутплейсмент бағдарламасына қанағаттанды.

ҚМГ-дегі және ЕТҰ-мен қатынастардағы бизнес-процестерді оңтайландыру, бюрократсыз­дандыру және тиімділігін арттыру шеңберінде:

  • сатып алу рәсімдерін жүргізудің және шарттар жасасудың жаңа тәртібі енгізілді;
  • ЕТҰ органдарының үлгілік құзыреттері әзірленді. Қазіргі уақытта ЕТҰ үлгілік құзыреттерге сәйкес жарғыларды өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде.

2-шара. Операциялық тиімділік

Операциялық тиімділікті ұлғайту жөніндегі шаралар:

  • бірінші кезекте ұңғымалардың рентабельді емес қорын тоқтату есебінен өндіру көлемінің төмендеуін;
  • ҚМГ компанияларының бүкіл тобы бойынша мердігерлердің/жеткізушілердің тарифтері/бағаларының төмендеуін және жұмыс көлемінің азаюын білдіреді.

COVID-19 пандемиясы кезінде ҚМГ компаниялар тобында өндірістік процестерді тоқтатуға жол берілген жоқ.

ҚМГ ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай өндіру бойынша барлық міндеттемелерді орындады.

Практикадан мысал

Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде шығыстар 147 млрд теңгеге (күрделі шығындар 103 млрд теңгеге, операциялық шығыстар 27 млрд теңгеге, әкімшілік шығыстар 17 млрд теңгеге) қысқартылды. ҚМГ орталық аппараты жалпы 34%- ға оңтайландырылды: қызметкерлер штаты 729-дан 480 адамға дейін, барлық 22 басқарушы директор лауазымы және департаменттер саны 3 есеге азайтылды. Бонустар мен қызметтік автокөліктер алынып тасталды, топ-менеджерлердің жалақысы 30%- ға қысқарды.

3-шара. Қаржылық тұрақтылық

ҚМГ-нің қаржылық тұрақтылығын қолдау шаралары мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

  • өзіндік құн құрамындағы бақыланатын шығындарды оңтайландыру;
  • тұрақты шығындар үлесін төмендету;
  • күрделі шығындарды оңтайландыру (CAPEX);
  • ықтимал кассалық алшақтықты жабу қажеттілігін және инвестицияларға қажеттілікті ескере отырып, борыштық жүктемені қолайлы деңгейде ұстау.

ҚМГ компаниялар тобының 2020 жылғы борышы мерзімінен бұрын өтеуді қоса алғанда, 341 млн АҚШ долларына азайды. Сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар деңгейінде 1,1 млрд АҚШ долл астам сомаға борыштың азаюы байқалады, солардың жартысынан көбі «КМГ Кашаган Б.В.» келіп отыр.

ҚМГ еурооблигациялары 907 млн. АҚШ доллары сомасына табысты қайта қаржыландырылды. Осылайша ірі бір жолғы қарызды төлеу мәселесі шешілді. Келесі ірі өтеу тек 2025 жылы ғана болады.

2017–2019 жылдары борыш деңгейін бақылау және қысқарту, біржолғы ірі өтеулерді уақтылы қайта қаржыландыру, ковенанттар пакетін жақсарту, өтімділікті басқаруды арттыру, шығындарды оңтайландыру және қаржылық орнықтылықты нығайту бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында ҚМГ-нің Moody’s, Fitch және S&P рейтингтерін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

4-шара. Инвестициялық қызмет

Инвестициялық қызмет екі негізгі аспект бойынша оңтайландырылған:

  • Активтер дивестициясына арналған тізбе кеңейтілді;
  • Инвестициялық жобалар портфелі Компанияның неғұрлым тиімді және стратегиялық мақсаттарына жауап беретіндерін ескере отырып, басымдыққа ие болды.

ҚМГ инвестициялық портфелінен рентабельді емес және рентабельділігі төмен жобалар алып тасталды.

Инвестициялық жобаларға арналған күрделі шығындар (дамуға көзделген шығындар 29 млрд теңгеге оңтайландырылды) төмендетілді.

5-шара. Цифрлық трансформациялау

Цифрлық трансформациялау жобалары портфелінің басымдылығы 2020 жылы 9,3 млрд теңге таза пайдаалуға мүмкіндік берді, бұл мониторингтен кейінгі жобалар есебінен жоспардан 127 %-ға жоғары: «ҚазМұнайГаз » Барлау Өндіру» АҚ бірлестігі» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және «Сатып алуды санаттық басқару».

Төрт жоба іске қосылды: «ABAI ақпараттық жүйесін енгізу», «ҚР МӨЗ-де инженерлік модельдеу жүйесін енгізу», «ҚМГ көпфункционалды жалпы қызмет көрсету орталығын құру» және «Сапарларды басқару». Енгізуден күтілетін нәтиже 72,4 млрд теңгені құрайды.

Сырқаттанушылықты төмендету және вирустың таралуын барынша азайту, сондай-ақ өндірістік процестерге әсерді азайту мақсатында қажетті кешенді шаралар қабылданды, тиісті әдістемелік және директивалық құжаттар әзірленіп енгізілді, арнайы іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді. Барынша толығырақ ақпарат «COVID-19 пандемиясына қарсы әрекет ету – өндірістегі қауіпсіздік» бөлімінде берілген.

COVID-19 пандемиясымен жалпы күрес шеңберінде Компания жергілікті атқарушы органдар мен медициналық мекемелерге 6,2 млрд теңге көлемінде қажетті көмек көрсетті. Неғұрлым толығырақ ақпарат «COVID-19 пандемиясымен күресуге қосқан үлесіміз» бөлімінде берілген.

Корпоративтік басқару

ҚР заңнамасына және ҚМГ Жарғысына сәйкес ҚМГ Корпоративтік басқару құрылымы былайша көрінеді:

ҚМГ органдары:

Жоғары орган
АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
Басқару органы
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Атқарушы орган
БАСҚАРМА
ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «СамұрықҚазына» АҚ тобына кіретін ҚМГ және ҚМГ компаниялар тобының өзге де ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуы саласындағы бағалауды жүзеге асыратын және олардың қызметін жетілдіру мақсатында консультация беретін орган – орталықтандырылған ішкі аудит қызметі болып табылады.

Директорлар кеңесі ҚМГ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Компания қызметінің басым бағыттарын, даму стратегиясын айқындайды және өзінің басқару функцияларын жүзеге асырғаны үшін Акционерлердің жалпы жиналысының алдында жауапты болады. Ағымдағы қызметті басшылыққа алуды өз кезегінде Директорлар кеңесіне есеп беретін Басқарма жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінде барынша маңызды мәселелерді қарау және ұсынымдарды дайындау үшін ҚМГ-де Директорлар кеңесінің комитеттері құрылады. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің жанында мынадай комитеттер жұмыс істеді:

  1. Тағайындаулар және сыйақылар комитеті – Директорлар кеңесі мен Басқарманың сабақтастығын жоспарлау, ҚМГ органдарының қызметін бағалау, тиімді кадр саясаятын, еңбекақы мен сыйақы төлеу жүйесін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚМГ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, кәсіби дамыту және оқыту бойынша міндеттер тобы үшін құрылған.
  2. Стратегия және портфельді басқару комитеті – ҚМГ даму стратегиясы және инвестициялық саясаты, қызметінің басым бағыттары, ҚМГ инвестициялық тартымдылығын арттыру, ҚМГ қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау және трансформациялау мониторингі мәселелері бойынша құрылды.
  3. Аудит комитеті – оның функциялары аудит және қаржылық есептілік мәселелері бойынша қаржы-шаруашылық қызметті тиімді бақылауға, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне бағытталған.
  4. Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, орнықты даму және әлеуметтік-экономикалық даму қағидаттарын, әлеуметтік міндеттемелер мен бағдарламаларды енгізу, қызметтің үздіксіздігін және экологиялық тиімділікті қамтамасыз ету бойынша мәселелер тобын қарауға арналған. Аталған комитет ұйым көрсететін ықпал етудің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша бастамашылық жасауға, жан-жақты қарауға және шешімдер қабылдауға жауап береді.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптарға жауапкершілік

Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесі мен Басқарма өз құзыреттері шеңберінде орнықты даму саласында тиісті жүйенің қалыптастырылуын және оның енгізілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте лауазымды тұлғалар мен барлық қызметкерлер барлық деңгейде орнықты дамуға үлес қосады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша атқарушы орган деңгейінде орнықты даму мәселелерін шешу үшін жауапкершілік былайша бөлінді:

  • Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары: орнықты даму қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін орнықты даму саласында басқару жүйесін құру және енгізу, сондай-ақ Компанияның негізгі процестеріне, даму стратегиясына және шешімдер қабылдау процес­теріне орнықты дамуды біріктіру мәселелері;
  • Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерін қоса алғанда, орнықты дамудың экономикалық құрамдас бөлігі мәселелерінің кешенін шешуге жауап береді;
  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры: ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ҚМГ стратегиясы мен саясаттарын қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері;
  • Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры: процестерді іске асыру және орнықты дамудың еңбек, кадрлық және әлеуметтік аспектілерін басқару мәселелері.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген ҚМГ орталық аппаратының жаңа құрылымы енгізілгенге дейін ҚМГ-де орнықты даму қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін орнықты даму саласындағы басқару жүйесін құру және енгізу, сондай-ақ Компанияның негізгі процестеріне, даму стратегиясына және құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдау процестеріне орнықты дамуды интеграциялау мәселелері Тұрақты даму жөніндегі басқарушы директорға бекітілді. ҚМГ орталық аппаратының жаңа құрылымының енгізілуіне байланысты осы лауазым қысқартылды, көрсетілген өкілеттіктер Басқарма төрағасының Стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасарына берілді.

Жоғарыда аталған тұлғалар ҚМГ Басқарма төрағасына есеп береді. Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жауапты тұлғалардың есеп беруі нормативтік құжаттармен, ішкі бақылау рәсімдерімен және Компания қызметінің үздіксіздігімен егжей-тегжейлі реттеледі. Мәселен, даму жоспарларына сәйкес тұрақты негізде мәселелер Басқарманың қарауына шығарылады, ол өз кезегінде Директорлар кеңесіне есеп береді. Бұл ретте ДК отырыстарында тиісті мәселелер қаралғанға дейін ДК комитеттері мынадай бөлуге сәйкес ДК үшін ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады:

  • корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша функциялар мен іс-шаралардың орындалуын кешенді бақылау ҚМГ Директорлар кеңесінің аудит комитетіне бекітілген;
  • ұйым көрсететін әсердің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша бастамашылық ету, жан-жақты қарау және шешімдер қабылдау, сондай-ақ ҚМГ-де орнықты дамудың енгізілуін бақылау ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитетіне бекітілген.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптар бойынша мүдделі тараптарға кеңес беру

Мүдделі тараптар мен Компанияның корпоративтік басқаруының жоғары органы арасында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар тұрақты негізде әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.

Айталық, мысалы, Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Мәселен, 2020 жылы Комитеттің 4 отырысы өткізіліп, онда 40 мәселе қаралды, Комитет отырыстарының қорытындылары бойынша 98 шешім мен тапсырма қалыптастырылды.

Комитет мынадай мәселелер бойынша ұсынымдарды әзірлейді және ДК-ге ұсынады:

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;
  • ҚМГ стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтік-экономикалық дамуына орнықты даму қағидаттарын енгізу;
  • Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар шеңберінде ҚМГ әлеуметтік міндеттемелері мен бағдарламалары;
  • ҚМГ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
  • ҚМГ экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету.
2020 жылы Комитеттің басты назарында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, ESG (Environmental – Social – Governance) аспектілерін стратегиялық басқару, сондайақ орнықты даму саласындағы есептілік мәселелері болды.

Комитеттің 2020 жылғы күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Климаттың өзгеруі мәселелері (парниктік газдар шығарындылары, CDP (Carbon Disclosure Project), WDP (Water Disclosure Project) есептілігі).
  • ҚМГ ESG (Environmental – Social – Governance) рейтингі.
  • ҚМГ компаниялар тобының экологиялық рейтингі.
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының ҚМГ үшін орнықты даму саласындағы басым мақсаттарының тізбесін келісу.
  • ҚМГ мен оның бизнес-бірліктерінде орнықты даму жүйесін енгізу және орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге енгізу.
  • Тұрақты дамуды енгізуге байланысты Компанияның жекелеген басшылары үшін ҚНК (қызметтің негізгі көрсеткіші) белгілеу.
  • ҚМГ-дегі COVID-19 бойынша жағдай туралы есептер және ҚМГ компаниялар тобында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар.
  • ҚМГ еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша есептер.
  • Қауіпсіздіктің ықтимал қатерлерін тіркеу, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіптілігі жоғары оқиғалардың алдын алу.
  • ҚМГ компаниялар тобында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мердігерлік ұйымдарды басқару.
  • Өлім жағдайларын, жол-көлік оқиғаларын және қауіпсіздік оқиғаларын зерттеу және алдын алу, болған қауіпсіздік оқиғалары үшін басшыларды жауапкершілікке тарту.
  • ҚМГ компаниялары тобында жүргізілетін әлеуметтік саясат, ҚМГ кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және ҚМГ компаниялары тобының әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері.
  • ҚМГ ішкі аудит қызметі 2019 жылы жүргізген ҚМГ компаниялар тобындағы қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша анонимді сауалнама нәтижелері.
  • Этикалық рәсімдер мен қағидаттар бойынша дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған ҚМГ қызметкерлері үшін өткізілген оқыту.
  • ҚМГ компаниялары тобында ілеспе мұнай газының пайдалы қолданылуын арттыру.

Бұдан басқа, Комитет 2020 жылы мынадай негізгі құжаттарды қарап, мақұлдады:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесінің» корпоративтік стандарты;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі корпоративтік стандарт;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық.

Комитеттің жұмысына қатысу үшін Комитеттің отырысына дауыс беру құқығынсыз ҚМГ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері үнемі шақырылды. ҚМГ Директорлар кеңесі Комитет әзірлеген ұсынымдардың әрқайсысын қабылдады.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемалар бойынша мүдделі тараптардың ауқымды тізбесіне кеңес беру Компанияның веб-сайты, жұртшылықпен өзара іс-қимыл жөніндегі қызмет (баспасөз қызметі) арқылы, сондай-ақ орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу мәселелері бойынша сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен бірге ҚМГ коммуникацияларының орталық арнасы болып табылатын орнықты даму туралы жыл сайынғы есепті шығару арқылы жүргізіледі. Сонымен бір уақытта ҚМГ-де мүдделі тараптармен және Компаниямен тиісті түрде диалог құруға мүмкіндік беретін коммуникациялардың түрлі тәсілдері бар. Мысалы, инвестициялық қоғамдастық үшін ақпарат
https://kmg.kz/kaz/investoram/reporting-and-financial-result/ арнайы порталында егжей-тегжейлі орналастырылады, жұмысқа орналастыру мәселелері http://work.kmg.kz
порталында орналастырылады, құпия ақпараттандыру жүйесі сенім жүйесі арнасының желісі бойынша doverie@kmg.kz
жүзеге асырылады, сондай-ақ Омбудсмен қызметінің ombudsman@kmg.kz,
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау hse@kmg.kz және орнықты даму sustainability@kmg.kz мәселелері бойынша функционалдық өзара іс-қимыл жүзеге асырылады

ЖОҒАРЫ БАСҚАРУ ОРГАНЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамы мынадай түрде ұсынылды:

  1. Уолтон Кристофер Джон – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз атқарушы емес директор;
  2. Айдарбаев Алик Серікұлы – ҚМГ-нің Басқарма төрағасы;
  3. Миллер Тимоти Глен – тәуелсіз атқарушы емес директор;
  4. Холланд Филип Малкольм – тәуелсіз атқарушы емес директор;
  5. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;
  6. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі;
  7. Эспина Энтони – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамдары мынадай түрде ұсынылды:

Аудит комитеті

  1. Уолтон Кристофер Джон, Комитет төрағасы
  2. Миллер Тимоти Глен
  3. Холланд Филип Малкольм

Стратегия және портфельді басқару комитеті

  1. Холланд Филип Малкольм, Комитет төрағасы
  2. Уолтон Кристофер Джон
  3. Миллер Тимоти Глен
  4. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы
  5. Эспина Энтони

Тағайындаулар және сыйақылар комитеті

  1. Холланд Филип Малкольм, Комитет төрағасы
  2. Уолтон Кристофер Джон
  3. Эспина Энтони

Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет

  1. Миллер Тимоти Глен, Комитет төрағасы
  2. Уолтон Кристофер Джон
  3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы

Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлар саны бөлігінде Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкес келеді, оған сәйкес тәуелсіз директорлар саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50 %-ын құрайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 17 тамыздағы шешімімен (№ 30/20 хаттама) үш тәуелсіз директорды қоса алғанда, жеті адамнан тұратын Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директор болып табылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрылымы былайша көрінеді:

  • тәуелсіз директорлар – 3;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері – 3;
  • атқарушы органның басшысы (Басқарма төрағасы) – 1.

Директорлар кеңесінің жеті мүшесінің ішінде үш адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады, Біріккен Корольдікте – үш адам, Америка Құрама Штаттарында – бір адам.

Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігін ескере отырып, ерекше қарау кезінде қатарынан алты жылдан астам мерзімге қайта сайлануы мүмкін. Тәуелсіз директор Директорлар кеңесіне қатарынан тоғыз жылдан астам уақыт сайлана алмайды. Бұл ретте Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорды сайлау Директорлар кеңесінің осы мүшесін сайлау қажеттілігін және осы фактордың шешімдер қабылдау тәуелсіздігіне әсерін егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, жыл сайын жүргізілуге тиіс. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінде ҚМГ мүддесінде және барлық акционерлерге әділ қарым-қатынасты және орнықты даму қағидаттарын ескере отырып, тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін дағдылар, тәжірибе мен білім теңгерімін сақтау қамтамасыз етіледі. Басқарма төрағасынан басқа, Басқарма мүшелері Директорлар кеңесіне сайлана алмайды, бұл ретте Басқарма төрағасы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды. Директорлар кеңесінің мүшелері туралы барынша толық ақпарат ҚМГ веб-сайтында берілген: https://www.kmg.kz/kaz/kompaniya/korporativnoe_upravlenie/sovet_direktorov/

ЖОҒАРЫ БАСҚАРУ ОРГАНЫН НОМИНАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ

Директорлар кеңесінің мүшесіне кандидаттарды жылжыту және іріктеу тәртібі

Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу тәртібі ҚМГ Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде және өзге де нормативтік құжаттарда айқындалады, Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің төрағасымен және Директорлар кеңесі Тағайындау және сыйақылар комитетінің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады, сондай-ақ кандидатураларды іздеу және жалдауды жүзеге асыру кезінде ашықтық, әділдік және кәсібилік қағидаттарына негізделген.

2018 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен құзыреттерінің матрицасы (бұдан әрі – Матрица) әзірленді, ол Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің 2018 жылғы 30 наурыздағы шешімімен (№ 5/2018 хаттама) бекітілді. Матрицаны ҚМГ Директорлар кеңесіне қажетті құзыреттерді анықтау және ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарға акционерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында Директорлар кеңесінің мүшелері толтырды. Жиынтық матрица ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді сайлау кезінде актуалдандырылады. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 17 тамыздағы шешімімен (№ 30/20 хаттама) ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Толтырылған матрицалар ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына жаңа кандидаттарды іздеу және іріктеу кезінде неғұрлым маңызды білім, тәжірибе және құзырет салаларын айқындауға ықпал етті. Тағайындаулар мен сыйақылар комитеті 2020 жылғы 8 желтоқсанда (№ 12/2020 хаттама) жаңартылған жиынтық матрицаны талқылау қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-пен 2021 жылғы үшінші тоқсаннан кешіктірмей сайлануға тиіс тәуелсіз директорды іздестіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынымын әзірледі, сондай-ақ тәуелсіздік, азаматтық, гендерлік әртүрлілік және кәсіби біліктілік факторларын қоса алғанда, кандидатты іздеу үшін өлшемшарттарды айқындады.

Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің және басқа тұлғалардың өкілдері ретінде сайлауға ұсынылғандар ішінен сайланады. Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттар Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің отырыстарында қаралады және өз функцияларын орындау және ұзақ мерзімді құнның өсуін және орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қажетті білімі, дағдылары мен тәжірибесі болуы, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделі болуы тиіс. Директорлар кеңесінің төрағасы Акционерлердің жалпы жиналысында сайланады. Тәуелсіз директорларды іріктеу «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың тәуелсіз директорларын іріктеудің бекітілген қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүдделер қайшылығы

Компаниядағы мүдделер қақтығысын реттеу бойынша негізгі процестер ҚМГ-нің директоры бекіткен ҚМГ мен оның ЕТҰ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларындағы мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясатта, сондай-ақ іскерлік этика кодексінде көрсетілген.

Осы Саясат талаптарының сақталуы үшін жауапкершілік атқаратын лауазымына қарамастан әрбір Қызметкерге және әрбір Лауазымды тұлғаға жүктеледі.

Қазіргі уақытта компанияда қызметкерлерді және/немесе лауазымды тұлғаларды жұмысқа қабылдау/тағайындау/тағайындау және жаңа лауазымға тағайындау кезінде туындауы мүмкін мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты бастапқы ашу рәсімі енгізілген. Осы ашып көрсету мынадай ақпаратты қамтиды:

  • ҚМГ және оның ЕТҰ контрагент – компанияларында/Бәсекелестерінде бенефициарлық иелену/үлестік қатысу және басшылық ету туралы мәліметтер;
  • ҚМГ және оның ЕТҰ контрагенттерінің немесе бәсекелестерінің жеке-дара және алқалы органдарына қатысуы туралы мәліметтер;
  • ҚМГ және оның ЕТҰ контрагенттерімен өзара іс-қимылы туралы мәліметтер;
  • ҚМГ және/немесе оның ЕТҰ-сына және т. б. тиесілі активтерді және/немесе бағалы қағаздарды сатып алу ниеті туралы мәліметтер.

Мүдделер қақтығысының болуы және ҚМГ-нің комплаенс саласындағы саясаттарының және/немесе өзге де құжаттарының талаптары мен рәсімдерінің сақталуы, оның ішінде жұмысқа қабылдауға, басшы лауазымдарға тағайындауға кандидаттар ретінде қаралатын тұлғалармен Қор компаниялары тобының лауазымды тұлғаларында үлестестік белгілерінің болуы тұрғысынан, сондай-ақ жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу кезінде тексеру жүргізу көзделген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес жоғарыда көрсетілген тұлғалардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға келісім жинау қосымша жүзеге асырылады.

Мақсаттарды, құндылықтарды, миссияны және стратегияны айқындаудағы басқару органының рөлі

Қызметтің басым бағыттарын айқындау, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ықпал етуге қатысты мақсаттарды, құндылықтарды, миссияны қамтитын даму стратегиясын, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерге қатысты саясаттар мен міндеттерді бекіту және іске асыру мониторингі атқарушы орган әзірлеген ұсыныстар негізінде акционерлердің келісімі бойынша Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

2020 жылғы 20 қарашада Стратегиялық сессия (Директорлар кеңесінің Даму стратегиясы жөніндегі жеке отырысы) өткізілді, оның барысында өзгерген сыртқы орта мен дағдарысқа қарсы шараларды ескере отырып, 2018 жылы бекітілген ҚМГ-нің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыруға байланысты мәселелер қаралды. ҚМГ-нің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері арасында ең маңызды тақырыптар бойынша сындарлы пікірталас өтті. Атап айтқанда, ҚМГ-нің қолданыстағы Даму стратегиясының, оның ішінде ҚМГ-нің перспективалық және тұрақты дамуының мәселелері қозғалды.

ҚМГ-нің Корпоративтік басқару кодексіне және Даму стратегиясына сәйкес ұзақ мерзімді орнықты даму ҚМГ-нің негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің бірі болып табылады, ол «Самұрық-Қазына» АҚ-тың пайымына, Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына және әлемдік инвестициялық қоғамдастықтың күн тәртібіне сәйкес келеді.

2020 жылы ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті орнықты даму саласындағы 17 жаһандық мақсаттың ішінен ҚМГ үшін неғұрлым басым болып табылатын орнықты дамудың 6 басым мақсатын келісті. Мұндай:

  • салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста бәрінің әл-ауқатына жәрдемдесу;
  • барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі қазіргі заманға сай көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • барлығы үшін үдемелі, ұдайы, жан-жақты қамтылған және тұрақты экономикалық өсуіне, толық әрі өнімді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
  • берік инфрақұрылымды құру, жалпылама және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз етуге және инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;
  • климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау;
  • құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері айналысы және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

2021 және одан кейінгі жылдар оларға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іс жүзінде іске асыруға арналады.

Директорлар кеңесі экология және қоршаған ортаны қорғау, Компания қызметкерлерінің және оның барлық өндірістік объектілеріндегі мердігерлерінің өмірі мен денсаулығы мәселелерінің жоғары басымдылығын, кадрлық әлеуетті дамытуды және орнықты даму саласындағы жалпы танылған жаһандық мақсаттарға осы мәселелерді ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитетіне жіберу арқылы бейімділігін растайды.

Басқару органының құзыреттілігі және қызметін бағалау

Басқару органы мүшелерінің ұжымдық білімдері

Директорлар кеңесінің мүшелері өз дағдылары мен кәсібилігін, оның ішінде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді басқару бөлігінде үнемі жоғарылатуға тырысады. Тағайындаулар мен сыйақылар комитеті тұрақты негізде Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен білімдерінің ағымдағы балансын қарайды. Директорлар кеңесі мүшелерінің оқуы туралы ақпарат Компанияның веб-сайтында үнемі жаңартылып отырады.

Корпоративтік басқару компоненттері бөлінісінде тұрақты негізде басқаларымен қатар іске асырылатын семинарлар мен сессияларда ҚМГ қызметкерлерін орнықты даму бойынша, этика және комплаенс бойынша оқыту мерзімді негізде өткізіледі.

Басқару органының қызметін бағалау

Кодекске сәйкес ҚМГ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Комитеттерінің, Директорлар кеңесі төрағасының, мүшелерінің және корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) әзірленді. Ережеде Директорлар кеңесі, комитеттер және директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесі бекіткен құрылымдалған процесс шеңберінде жыл сайынғы негізде бағалануы тиіс деп көзделген. Бұл ретте бағалау үш жылда кемінде бір рет тәуелсіз кәсіби ұйымды тарта отырып жүргізіледі.

«PricewaterhouseCoopers» ЖШС (бұдан әрі – PwC) тарта отырып, жеке тәуелсіз бағалау 2017 жылы жүргізілді, оның нәтижелері ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру кезінде пайдаланылды. Сондай-ақ, 2018 жылы Әдістеме негізінде PWC тарта отырып, ҚМГ корпоративтік басқаруының тәуелсіз диагностикасы өткізілді, ол бұдан басқа Директорлар кеңесінің қызметін бағалауды қамтыды.

Осыған байланысты Директорлар кеңесінің қызметін келесі тәуелсіз бағалау 2021 жылға жоспарланып отыр. Бұл ретте, 2020 жылы ҚМГ Кодекс пен Ереженің талаптарына сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалауы жүргізілді, оның нәтижелері Директорлар кеңесінің мүшелері мен Корпоративтік хатшы ғана қатысқан Директорлар кеңесінің жабық отырысында қаралды және талқыланды. Талқылау аясында Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалау нәтижелерін талдау, сондай-ақ дағдылар мен құзыреттердің көрсеткіштері көрсетілді. Осы көрсеткіштерді жетілдіру жөніндегі бірқатар іс-шаралар бастап­­қыда ҚМГ-де корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019–2020 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарда (КБЖЕЖ) көзделген болатын, алайда Директорлар кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында КБЖЕЖ-ға толықтырулар да енгізілді.

ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы отырысында 2020 жылғы қызмет қорытындылары бойынша өзін-өзі бағалауды жүргізу туралы мәселе қаралды, оның шеңберінде Корпоративтік хатшы 2019 жылғы өзін-өзі бағалау қорытындылары бойынша КБЖЕЖ-дің іс-шараларын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат берді.

Директорлар кеңесі мүшелерінің пікірінше жақсартуды қажет ететін көрсеткіштер бойынша Директорлар кеңесінің қызметін жетілдіруге бағытталған КБЖЕЖ-дің іс-шараларын іске асыру шеңберінде мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • Қор Басқармасының 2020 жылғы 17 тамыз­­дағы шешімімен (№ 30/20 хаттама) өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ҚМГ ДК саны 7 (жеті) адам болып сайланды. ҚМГ ДК жаңадан сайланған мүшелері Ф.М. Холланд және Т.Г. Миллер дағдылар мен құзыреттер матрицасын толтырды, ол бойынша жиынтық ақпарат Тағайындаулар және сыйақылар комитетінде (№ 12/2020 хаттама) қаралды. Талқылау нәтижелері бойынша тәуелсіз директорды іздеу бойынша жұмысты жалғастыру ұсынысы, сондай-ақ кандидатқа қойылатын негізгі талаптар әзірленді.
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің отырысына «ҚМГ ДК мүшелерінің сабақтастық саясаты туралы» мәселе (2020 жылғы 31 наурыздағы № 5/2020 хаттама) енгізілді. Бұл ҚМГ ДК мүшелерінің сабақтастық жоспарын қалыптастыру бойынша жұмыстың бірінші кезеңі болды. ТжСК отырысында дағдылар мен құзыреттер матрицалары бойынша жиынтық ақпаратты қарау қорытындысы бойынша ДК мүшелерінің сабақтастық жоспарын тікелей әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
  • ҚМГ ДК Даму стратегиясы бойынша 2020 жылғы 20 қарашадағы № 14/2020 ақпараттық сессиясы шеңберінде ДК төрағасы К.Д. Уолтон өзінің алғы сөзінде ҚМГ-нің қолданыстағы Даму стратегиясын актуалдандырудың орындылығына, ҚМГ ДК мен ҚМГ Басқармасының ҚМГ Даму стратегиясына бейілділігіне, Компанияның бекітілген стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржылық және адами ресурстардың жеткіліктілігіне назар аударды және егжей-тегжейлі баяндаманы ұсынды.
  • ДК аудит жөніндегі комитеті туралы жаңартылған Ережеге сәйкес ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша Комитеттің функциялары былайша толықтырылды – «Комитет ішкі қаржылық бақылауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріндегі сенімділік деңгейін, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуі туралы Директорлар кеңесінің оң қорытындысы үшін олардың жеткіліктілігін бағалауды жүргізеді».
  • Директорлар кеңесі дағдарыс жағдайында, соның ішінде ағымдағы дағдарыс жағдайында нақты әрі сындарлы әрекет етеді. Дағдарыс жағдайында Директорлар кеңесі олармен шектелмей, дағдарысқа қарсы бағдарлама, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етудің Кешенді жоспары, қаржылық тұрақтылық, қызметкерлердің жалпы штат санын оңтайландыру, ҚМГ орталық аппаратының құрылымы, сыйақы деңгейін төмендету және т. б. сияқты мәселелер бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.

2020 жылғы ақпанда COVID-19 пандемиясының басталуына байланысты дағдарысты басқару командасы жандандырылды.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерді басқару

ҚМГ Директорлар кеңесі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерді, тәуекелдерді және ілеспе перспективаларды басқаруда маңызды рөл атқарады. Компания тоқсан сайынғы негізде үнемі және жылдың қорытындысы бойынша экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді қамтитын тәуекелдерді басқару жөніндегі бекітілген әдіснамаға сәйкес тәуекелдерді бағалауды жүргізеді. Анықталған тәуекелдер негізінде оларды болдырмау, мониторингілеу және жою жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Директорлар кеңесінің құзыретіне тәуекелдерді басқару жөніндегі корпоративтік саясатты айқындау, тәуекелдер тізілімі мен картасын, сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, жалпы тәуекел-тәбетін, әрбір негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін бекіту, тәуекелдер жөніндегі есепті және ҚМГ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттарды бекіту жөніндегі функциялар жатқызылған.

ҚМГ Директорлар кеңесі тиісті мінез-құлық нормаларын сақтауды қамтамасыз етуде «жоғарыдан төмен» түрін белгілейді және Компанияда қабылданған этикалық нормаларды регламенттейтін негізгі құжат ҚМГ іскерлік этика кодексі болып табылады, оны бекіту ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады. Есепті кезеңде ҚМГ Директорлар кеңесі ҚМГ іскерлік этика кодексінің жаңартылған нұсқасын бекітті. Осы Кодекстің нормаларын сақтау Компанияның беделін нығайтудағы, ҚМГ-нің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі қадамдардың бірі болып табылады.

ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және орнықты даму жөніндегі комитеті есепті кезеңде ҚМГ омбудс­меніне этикалық рәсімдер мен қағидаттар бойынша дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған жүргізіліп жатқан оқыту шеңберінде ҚМГ қызметкерлерін жүз процент қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму мәдениетін қалыптастыруды және арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерді, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға және оларды басқаруға жәрдемдесу үшін мүдделі тараптармен консультациялар қажет болған жағдайда ҚМГ негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілдерімен ҚМГ Директорлар кеңесінің отырыстары шеңберінде, ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің ҚМГ сыртқы аудиторы – Ernst & Young компаниясымен отырыстары шеңберінде, сондай-ақ ҚМГ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің күн тәртібі мәселелерінің бастамашылары – ҚМГ басшы қыз­меткерлерімен отырыстары шеңберінде жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді басқару процесі

ТБКЖ ҚМГ қызметіне байланысты тәуекелдерді басқарудың дәйекті және нақты құрылымы ретінде қызмет етуге арналған. ҚМГ-де тәуекелдерді басқарудың тік процесі және басқарудың барлық деңгейлерінде, жоғарғы деңгейден (ҚМГ) бастап желілік деңгейге дейін (ЕТҰ-ның өндірістік құрылымдық бөлімшесі) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі жолға қойылған.

Әрбір лауазымды адам шешім қабылдау кезінде тәуекелдердің тиісінше қаралуын қамтамасыз етеді.

Тәуекелдер қауіп-қатер туындаған кезде пайда болу ықтималдығы мен әсерін ескеретін сапалық және сандық құралдардың көмегімен бағаланады.

ТБКЖ жұмыс істеу процесі ҚМГ компаниялар тобын басқарудың бизнес-процестеріне интеграцияланған, ТБКЖ-ның өзара байланысты жеті процесі арқылы іске асырылады:

  • мақсат қою (стратегиялық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау мақсаттарын байланыстыру);
  • тәуекелдерді/тәуекел-факторларды сәйкес­тендіру (ҚМГ компаниялар тобы қызметінің барлық түрлерінің, бизнес-процестерінің басталуы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдердің әсеріне ұшырауын айқындау);
  • тәуекелдерді/тәуекел-факторларды бағалау және талдау (бағалау тәуекелдердің/тәуе­кел-факторлардың ҚНК-ге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Өндірістік / Өндірістік емес тәуекелдер және оларға сәйкес тәуекел-факторлар олардың туындау ықтималдығы (іске асыру ықтималдығы) және әсер ету дәрежесі (әлеуетті залал) бойынша талданады;
  • тәуекелдерді басқару (тән тәуекелдердің және оларға сәйкес келетін тәуекел-факторлардың жағымсыз салдарын және/немесе туындау ықтималдығын азайтуға немесе ҚМГ тобы қызметінің тәуекелдеріне байланысты залалдар туындаған кезде қаржылық өтем алуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу және іске асыру процесі);
  • мониторинг және есептілік (тәуекелдер параметрлерінің өзгеру серпінін және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар мен бақылау рәсімдерінің іске асырылу тиімділігін бақылау. Мониторингті ҚМГ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады, Директорлар кеңесінің қарауына ҚМГ ЕТҰ жабылуын ескере отырып шоғырландырылған тәуекелдер бойынша есеп тоқсан сайын шығарылады);
  • ақпарат және коммуникация (тәуекелдерді басқару процесіне қатысушыларды тәуекелдер туралы дұрыс және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тәуекелдер, тәуекелдерге ден қою әдістері мен құралдары туралы хабардар болу деңгейін арттырады. Тиісті ақпарат қызметкерлерге өз функцияларын тиімді орындауға мүмкіндік беретін белгіленген нысанда және мерзімде анықталады, тіркеледі және беріледі);
  • ішкі орта (тәуекелдерді басқару процесінің жоғарыда баяндалған компоненттерін іске асыру ҚМГ компаниялары тобында тәуекелдер туралы, тәуекелдер иелерінің/тәуекел-факторлары иелерінің жауапкершілігі, тәуекелдерді белсенді басқару және уақтылы есеп беру туралы хабардар болудың жоғары деңгейінде және хабардар болудың тиісті «жоғары деңгейдегі түрін (реңкін)» белгілеуге негізделген тәуекел-мәдениеттің дамуына ықпал етеді. ҚМГ ТБКЖ-ның барабар ұйымдық құрылымын құруға ұмтылады, ол тиімді корпоративтік басқаруға ықпал етеді, сәйкестендіру, бағалау, басқару және тәуекелдер бойынша есептілік үшін міндеттерді, өкілеттіктерді және жауапкершілікті тиісінше бөлуді қамтамасыз етеді).
ҚМГ ТБКЖ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына жылына кемінде бір рет мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Компанияның тәуекел-тәбеті бойынша ұсыныстар;
  • шоғырландырылған тәуекелдер тіркелімі;
  • тәуекелдер картасы;
  • Компанияның тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Бұдан басқа, ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына тоқсан сайын тәуекелдер бойынша (ҚМГ ЕТҰ жабылуын ескере отырып шоғырландырылған), оның ішінде салықтық тәуекелдер бойынша есеп шығарылады, ол тиісті түрде толық көлемде қаралады және талқыланады. Директорлар кеңесі қолданыстағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін (ТБжІБҚ) Директорлар кеңесі белгілеген қағидаттар мен тәсілдемелерге сәйкес келтіру үшін тиісті шараларды алдын ала қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару процестерінің тиімділігі

ҚМГ-де тәуекелдерді басқару стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекел оқиғаларының туындауының алдын алуға және туындаған кезде олардың әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару ҚМГ стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару процесінде және қаржылық тұрақтылықты қолдауда ажырамас бөлігі болып табылады.

Тәуекелдерді, оның ішінде салықтық тәуекелдерді басқару тәсілдемесін тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) белгілейді.

ҚМГ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) бизнесті жүргізу мен компанияны басқарудың негізгі процестеріне ықпалдастырды. ТБКЖ ҚМГ құнының өсуі, оның пайдалылығы мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы балансқа қол жеткізуге бағытталған.

ТБКЖ барлық маңызды тәуекелдерді (оның ішінде салықтық тәуекелдерді) уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақтылы және барабар шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті болып табылады.

ҚМГ-нің және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) ТБКЖ жөніндегі саясатының қолданысы ҚМГ қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптарға шолу

Директорлар кеңесі әрбір кезекті отырыста ҚМГ-нің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпаратын тыңдайды. Бұдан басқа, 2020 жылы Директорлар кеңесі тәуекел комплаенсін, пандемия тәуекелдерінің ҚМГ қызметіне әсерін (мұнай құнының төмендеуін қоса алғанда, түрлі аспектілер) азайту жөніндегі мәселелерді қарады. Тоқсан сайынғы негізде тәуекелдер жөніндегі есептер Директорлар кеңесінде және Аудит жөніндегі комитетте қаралады.

Директорлар кеңесінің мүшелері есепті кезең ішінде коронавирустың жаппай таралуымен, ірі әлемдік экспорттаушылар арасындағы мұнайға қатысты баға соғыстарымен байланысты қалыптасқан жағдай туралы мәселені бірнеше рет талқылады, бұл тұтастай алғанда, Қазақстанда, атап айтқанда, экономика өсімінің күрт төмендеуіне әкелді. Директорлар кеңесінің мүшелері қазіргі жағдайда ҚМГ үшін қызметкерлер мен бизнеске қамқорлық жасау маңызды екенін атап өтті.

Тұрақты даму саласындағы есепті дайындаудағы корпоративтік басқарудың жоғары органының рөлі

Компанияның Жарғысына сәйкес орнықты даму саласындағы есепті бекіту ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті ҚМГ ДК үшін орнықты даму саласындағы есепті бекіту туралы ұсынымды тексеретін және әзірлейтін ҚМГ органы болып табылады.

Аса маңызды мәселелер туралы хабарлау

ҚМГ Директорлар кеңесін аса маңызды проблемалар туралы хабардар ету төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, компанияның қызметі туралы тұрақты есептер арқылы жүзеге асырылады: ҚМГ Басқармасы төрағасының қызметтің негізгі өзгерістері жөніндегі есебі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпарат, қаржы-шаруашылық қызметтің алдын ала нәтижелері бойынша есеп, жасалуына мүдделілік бар, Басқарма олар бойынша шешімдер қабылдаған жасалған мәмілелер туралы есеп, стратегияны орындау мәртебесін, қызметтің негізгі көрсеткіштерін және инвестициялық жобаларды шолу, ҚМГ шоғырландырылған даму жоспарын іске асыру туралы есеп, тәуекелдер бойынша есеп, Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау туралы есеп, сондай-ақ Директорлар кеңесі комитеттері төрағаларының есептері.

Жоғарыда көрсетілген есептерге қосымша, ДК мезгіл-мезгіл хабардар етуді кідіріссіз талап етілетін, мысалы, COVID-19 бойынша жағдайды, операциялық қызметті және т. б. қоса алғанда, ҚМГ тобындағы ағымдағы жағдай туралы, қаржылық көрсеткіштер туралы, өрт туралы есептерді қоса алғанда (тіпті мұндай оқиғалар есепті кезеңнен кейін болса да) ҚМГ тобындағы компаниялардағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы елеулі оқиғалар туралы ақпарат сияқты мәселелерді айқындайды. ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеті ҚМГ мен оның бизнес-бірліктеріне орнықты даму жүйесін енгізу және негізгі бизнес-процестерге орнықты даму қағидаттарын енгізу туралы есептерді, сондай-ақ ESG (Environmental – Social – Governance) рейтингінің деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстардың мәртебесі туралы ақпаратты тұрақты түрде қарайды және талқылайды.

Аса маңызды мәселелердің сипаты мен саны

Директорлар кеңесінің әрбір көзбе-көз отырысында қаралатын ҚМГ-нің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпаратты қарау шеңберінде Директорлар кеңесінің мүшелерін есепті кезеңге қарамастан, ҚМГ тобының компанияларындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез келген оқыс оқиғалар туралы жедел хабардар ету тапсырмасы берілді. Бұдан басқа, Директорлар кеңесі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқыс оқиғаларды тексеру рәсімі бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобында оқыс оқиғаларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді сұрады. Директорлар кеңесі ҚМГ Басқармасына өзгерген сыртқы ортаның жағымсыз факторларын (коронавирус пандемиясының әсері, мұнай бағасының төмендеуі, экспортқа газ жеткізудің төмендеуі және ішкі нарыққа газ жеткізуден болатын шығындардың тиісті ұлғаюы) сипаттауды қамтитын іс-шаралар жоспарын, осындай факторларға ден қою жөніндегі іс-шараларды, мерзімдер мен Директорлар кеңесінің қатыстырылуын дайындауды тапсырды.

Директорлар кеңесі «ҚазТрансГаз» АҚ-ты «Самұрық-Қазына» АҚ-ға беру процесіне, оның ішінде ҚМГ үшін ықтимал тәуекелдерді талқылауға белсенді түрде қатыстырылды.

Тәуекелдер бойынша есепті тоқсан сайынғы негізде талқылау шеңберінде белгісіз тәуекелдер мен сценарийлерді модельдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау тапсырмасы әзірленді. Сондай-ақ Директорлар кеңесі мұнайға әлемдік бағаның қазіргі құлдырауын және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды ескере отырып, бедел тәуекелдері мен өтімділік тәуекелдеріне талдау дайындауды тапсырды. Директорлар кеңесінің назарына пандемия тәуекелдерінің ҚМГ қызметіне әсері туралы ақпарат жеткізілді.

ҚМГ-нің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді талқылау кезінде Директорлар кеңесі таза пайда мөлшері деңгейінің төмендеу себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне ҚМГ компаниялар тобының қызметіне COVID-19 әсері жөнінде ақпарат апта сайынғы негізде жіберіледі.

Директорлар кеңесіне ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының негізгі көрсеткіштерін бәсекелестік талдау бойынша бенчмаркингтік зерттеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы жұмыспен қамту жағдайы туралы ақпарат ұсынылды.

Сыйақы саясаттары

ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру деңгейі ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесімен жасалған шартқа сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімі негізінде белгіленеді.

ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы тіркелген және қосымша сыйақыдан тұрады.

Қосымша сыйақы Директорлар кеңесіндегі төрағалық еткені, Директорлар кеңесі комитетіндегі төрағалық еткені, Директорлар кеңесі комитетіне қатысқаны және ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы, ҚМГ Басқарма төрағасы бастамашылық еткен отырысқа (кездесуге/кеңеске) қатысқаны үшін сыйақыдан тұрады.

«Самұрық-Қазына» АҚ 2020 жылғы 17 тамызда Директорлар кеңесіне төрағалық еткені үшін тек тіркелген және қосымша сыйақы төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте қосымша сыйақы Директорлар кеңесіне төрағалық еткені, Директорлар кеңесі комитетіне төрағалық еткені, Директорлар кеңесі комитетіне қатысқаны және ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы, ҚМГ Басқарма төрағасы бастамашылық еткен отырысқа (кездесуге/кеңеске) қатысқаны үшін қабылданбады.

Сыйақыны анықтау процесі

Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес «Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру деңгейі ұйымды табысты басқару үшін талап етілетін деңгейдегі Директорлар кеңесінің әрбір мүшесін тарту, ұстап қалу және уәждеу үшін жеткілікті болуға тиіс. Ұйымның Директорлар кеңесінің мүшесіне сыйақы белгілеу «Самұрық-Қазына» АҚ әзірлейтін әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте ұйым үшін осы тұлғаның Директорлар кеңесінің құрамына қатысуынан күтілетін оң әсер назарға алынуға тиіс». Сондай-ақ, корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, бірде-бір тұлға өзінің сыйақысымен байланысты шешімдерді қабылдауға қатыспауы тиіс.

Сыйақы мөлшерін айқындау тәртібін «Самұрық-Қазына» АҚ айқындайды. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен (№ 35/16 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы белгілеу тәртібін көздейтін «Самұрық-Қазына» АҚ компания­ларының Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидалар бекітілді. Қағидалардың «Сыйақы және шығыстардың өтемақысы» 3-бөліміне сәйкес сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттері, компания қызметінің ауқымы, ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері назарға алынады. Сыйақы тәуелсіз директорларға төленеді. Ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамындағы «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдеріне сыйақы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімі негізінде айқындалады.

ҚМГ сыйақы мөлшерін анықтау үшін консультанттарды тартпайды.

Бұл ретте ҚМГ акционері «Самұрық-Қазына» АҚ атынан қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған ҚМГ-де 2018 жылы жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша консультант мынадай мазмұндағы ұсыным берді: «Директорлар кеңесінің тиімділігін бағалау барысында Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерінің олардың Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыруға қосқан жеке үлесіне сәйкестігі мәселесін қарау. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру шарттарын ашық талқылау үшін Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуымен ақпараттық сессияны ұйымдастыру. Міндеттердің жеткіліксіз орындалуының салдарын нақты анықтау және оларды Директорлар кеңесі мүшелерінің назарына жеткізу. Мысалы, Директорлар кеңесі мүшелері жұмысының төмен тиімділігі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға немесе лауазымға қайта сайлану мүмкіндігін болдырмауға әкелуі мүмкін».

Бұл ұсыным 2020 жылы ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің 2020 жылғы 25 сәуірдегі отырысы шеңберінде ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері үшін ақпараттық сессия (№ 6/2020 хаттама) орындау шеңберінде КБЖЕЖ іс-шараларының бірі ретінде көрініс тапты. Комитеттің күн тәртібіне «ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамын қайта қарау және сыйақы беру бойынша ұсыныстар енгізуге қатысты» мәселесі енгізілді. Директорлар кеңесі мүшелерін талқылау нәтижелері ҚМГ хатымен «Самұрық-Қазына» АҚ назарына жеткізілді. Компания консультанттың ұсынымдарын орындау бойынша одан арғы шараларды ҚМГ негізгі акционері көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын ҚМГ корпоративтік басқаруының тәуелсіз диагнос­тикасы шеңберінде ҚМГ Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілгеннен кейін 2021 жылы қабылдауды жоспарлап отыр.

Еңбекке ақы төлеуге қатысты мүдделі тараптардың қатысуы

Сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімі негізінде айқындалады. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы белгілеу тәртібін көздейтін «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттері, компания қызметінің ауқымы, ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері назарға алынады. Сыйақы тәуелсіз директорларға төленеді. Ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамындағы «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдеріне сыйақы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімі негізінде айқындалады.

ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы белгілеу туралы шешім қабылдау кезінде ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті Корпоративтік басқару кодексін басшылыққа ала отырып, ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беруге қатысты ұсынымдар әзірлеуге құқылы.

GRI 102-15, 102-30, 102-35, 102-36, 102-37, 102-38, 102-39 көрсеткіштері туралы толығырақ ақпарат (тәуекелдерді басқару, Директорлар кеңесінің сыйақысы) ҚМГ сайтындағы https://kmg.kz/kaz/investoram/reporting-and-financial-result/ 2020 жылғы ҚМГ-нің жылдық есебінде көрсетілген.

Цифрлық трансформациялау

2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ҚМГ цифрландырудың алыс болашақтың мәселесі емес екенін түсінеді, бұл бүгіннің өзінде кез келген индустриялық компанияның қажетті элементі. Компания цифрландыруды нақты әрі ақылға қонымды түрде жалғастыруға ниетті, бұл айтарлықтай нәтиже береді.

2020 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ цифрлық трансформация бағдарламасының басты бағыты ретінде өндірістік жақсартуларды анықтады. Осы тәсілдемеге сәйкес ҚМГ трансформациясының жаңа портфелі құрылды және жаңа жобаларды іздеу іске қосылды.

«Цифрландыру мақсатымен» стратегиясы ОДМ қол жеткізуге қажетті өзгерістерді қолдау үшін әзірленетін болады. Цифрлық технологиялар өндірістік процестерді автоматтандыруға, климатқа әсер етуді азайту үшін энергия мен материалдарды пайдалануды талдауға және оңтайландыруға, қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Коронавирустық пандемиядан туындаған жаһандық экономикалық құлдырауды ескере отырып, цифрлық трансформация ҚМГ дағдарысқа қарсы стратегиясының бір бағыты ретінде қарастырылады. Бағдарламаның ағымдағы портфелінде шығындарды қысқартуға, бизнес-процес­тердің ашықтығын арттыруға, тұрақты жақсарту мәдениетін дамытуға және өндірісте цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған жобалар бар. Бағдарлама мұнайды барлау, өндіру және өңдеу бағыттарына тоғыстырылған.

2020 жылы цифрлық трансформациялау жобаларының портфеліне төрт жоба енгізілді: «Өндіруші активтерге «ABAI» ақпараттық жүйесін енгізу», «ҚР МӨЗ-де инженерлік модельдеу жүйесін енгізу», «ҚМГ көпфункционалды жалпы қызмет көрсету орталығын құру», «Сапарларды басқару».

Мысалы, ABAI жобасы – бұл барлау мен өндірудің негізгі өндірістік процестеріне жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік беретін ауқымды деректерді талдау мен жасанды интеллектті пайдаланатын ақпараттық жүйе. 2020 жылы 5 модуль бойынша техникалық шешімдер әзірленді, ал келесі жылдан бастап оларды ЕТҰ-ға енгізу басталады. Мысалы, жер үсті жабдықтарының коррозиясын тұрақты бақылау жүйесін іске қосу жоспарлануда, бұл химиялық реагенттерді пайдалану шығындарын оңтайландыруға және авариялар санын азайтуға мүмкіндік береді.

«Сапарларды басқару» жобасы 9 параметр бойынша автокөліктегі және арнайы техникадағы датчиктерден деректерді жинау мен өңдеудің бірыңғай жүйесін енгізуге, оның ішінде қауіпсіздік белдігін пайдалануды бақылауға бағытталған. Жоба шеңберінде жүргізушілерді ынталандыру жүйесі енгізілді, ол көлік жүргізу қауіпсіздігі мен мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Lean 6 Sigma бағдарламасын енгізу де тұрақты дамытуға бағытталған. Бағдарлама ағымдағы процестерді жақсартуды ұсынатын қызметкерлерді ынталандыру үшін жағдайлар жасайды. Осылайша, Lean 6 Sigma ұқыпты өндіріс мәдениетін қалыптастыруға және адамдардың күнделікті жұмысына деген көзқарасын өзгертуге ықпал етеді. 2020 жылы ҚМГ тобында осындай 50 жоба енгізілді. Мысалы, Павлодар мұнай-химия зауытында пештің оңтайлы жұмыс режимін таңдау арқылы отын-энергетикалық ресурстарды (отынды) тұтынуды азайту міндеті шешілді. Осы жобаның нәтижелері бойынша экономикалық тиімділік 76,9 млн теңгені құрады.

2021 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер

Компанияның даму басымдықтарына сәйкес ҚМГ цифрлық трансформациясы келесі бағыттардағы бастамаларды іске асыруға шоғырландырылатын болады:

  • Экология – шығарындыларды реттеу және ресурстарды үнемдеу;
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы – жарақаттанудың алдын алу және COVID-19 ауруын реттеу;
  • Өндірістің сенімділігі мен тұрақтылығы – МӨЗ-де өндірістік процесті қолдау үшін цифрлық бастамаларды енгізу;
  • Шығындарды қысқартуға бағытталған бастамалар – өндіру рентабельділігін арттыру.

Белгіленген бағыттарға сәйкес цифрлық трансформация үшін жаңа бастамаларды іздестіру ҚМГ тобының барлық қызметкерлері үшін іске қосу болжанып отырған «Идеялар банкі» бірыңғай платформасы арқылы да жүргізілетін болады. «Идеялар банкінің» негізгі міндеттері: қызметкерлерді ағымдағы проблемалық мәселелерді шешуге тарту, әлеуметтік-экономикалық және өндірістік міндеттерді шешу үшін рационализаторлардың шығармашылық әлеуетін пайдалану.

ҚМГ цифрлық трансформациясы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен қолдану есебінен орнықты ете отырып, инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау арқылы ОДМ-ға қол жеткізу үшін қажетті қайта құруларды қолдайды (ОДМ 9).

«Мұнай өңдеу және мұнай-химия» дивизионының цифрландыру жобалары

Компьютерлік тренажер кешендері

Штаттық және штаттан тыс жағдайларда персоналдың жұмыс сапасын арттыру, қондырғылардың жұмыс сенімділігін арттыру және жоспардан тыс тоқтауға жол бермеу мақсатында 2019 жылдан бастап «Компьютерлік тренажерлық кешендерді (КТК) енгізу арқылы ҚР МӨЗ өндірістік персоналын даярлау және аттестаттау жүйесін енгізу» жобасы іске асырылуда. Жобаның мәні процестің математикалық моделіне және зауыттың технологиялық қондырғысын визуализациялауға негізделген технологиялық процестің динамикалық моделін жасау болып табылады. Көзбен шолу: 1) интерфейстің толық репликациясы және таратылған басқару жүйелерінің логикасы (RSU) 2) нақты жабдықты 3D немесе панорамалық интерфейс форматында көрсету есебінен жүзеге асырылады. КТК-де қондырғыларды операторлары имитацияланған жағдайларда авариялық және штаттық жағдайларды (іске қосу /тоқтату) ұдайы пысықтайды.

ПҚОП жаңғырту және қайта жаңарту кезінде каталитикалық крекинг және ауыр қалдықтар қондырғыларында (RFCC), каталитикалық крекинг бензинін гидротазарту (Prime G+), қаныққан және қанықпаған сұйытылған көмірсутек газдарын күкіртсіздендіру (Merox), қысқа циклді адсорбция (КЦА-2) және күкірт өндіру қондырғылары кешенінде КҚК өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

2019 жылы басталған жобаның периметрі бойынша КҚК он бір АМӨЗ технологиялық қондырғысын, тоғыз ПМХЗ қондырғысын және бір ПҚОП қондырғысын қамтиды.

Жобаны іске асыру шеңберінде 2019–2020 жылдары баяу кокстеу, изоөлшеу және нафта сплиттері қондырғыларында, дизель отынын гидротазарту және керосинді гидротазарту ПМХЗ қондырғыларында, ПҚОП каталитикалық риформинг қондырғысында, каталитикалық крекинг (FCC), каталитикалық риформинг (CCR) қондырғыларында және АМӨЗ хош иісті көмірсутектерді өндіру кешенінде (PX) КҚК өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Сондай-ақ, МӨЗ технологиялық персоналының білімін тексеру және тренинг өткізу барысында КҚК қолдану ережелері әзірленіп, бекітілді. Зауыттарда тренажерлар жұмысына, тренингтер өткізуге, сценарийлер әзірлеуге және КТК білімін тексеруге жауапты нұсқаушылар тағайындалды.

Бекітілген оқу-тақырыптық жоспарларға, тренингтер өткізу кестесіне, дайындалған апаттық және штаттық жағдайлардың сценарийлеріне сәйкес КҚК пайдалана отырып, МӨЗ өндірістік персоналы үшін тұрақты негізде тренингтер өткізіледі.

Технологиялық процестің жетілдірілген басқару жүйесі

Қондырғыда технологиялық режимді жүргізу процесін автоматтандырудың бизнес-міндетін шешу мақсатында пилоттық режимде АМӨЗ ЭЛОУ-АТ-2 мұнайын бастапқы өңдеу қондырғысында технологиялық процесті жетілдірілген басқару жүйесі (ТПЖБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бүкіл әлемде бұл жүйе Advanced Process Control (APC) ретінде белгілі.

ТПЖБЖ-ның мәні: «автопилот» сияқты, бұл жүйе белгіленген шектерде орнатудың технологиялық режимін тұрақты қолдайды. Автоматты режимде қондырғының жүктелуі, бағандар мен пештердегі температура, қондырғыдан шығатын ағындардың сапа параметрлері бойынша тұрақты параметр­­­­лер бақыланады. Осылайша, технологиялық процесті басқаруда адам факторының әсері төмендейді.

АТ-2 қондырғысында ТПЖБЖ енгізудің арқасында отын сапасының көрсеткіштері бойынша бензин бойынша шашырау 67 %-ке, дизель отыны бойынша – 73 %-ке төмендеді. ТПЖБЖ бензиннің қайнау температурасына, сондай-ақ дизельдің шығымдылығынаең жоғары түрде жақындау есебінен бензиннің шығымдылығын арттыруды қамтамасыз етеді.

Жоба шамамен бір жылға созылды: 2019 жылғы сәуір айынан бастап АТ-2 зерттеуі, жабдықты жобалау, монтаждау, тестілеу және ТПЖБЖ-ны таратылған басқару жүйесімен (ТБЖ) біріктіру жүргізілді. АМӨЗ бейінді мамандары мен қондырғы операторлары жүйеде жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті. Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, енді ол ТБЖ сияқты қондырғыны басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады.

АТ-2 қондырғысына ТПЖБЖ енгізу нәтижесінде айтарлықтай нәтиже алынды. Бензин мен дизель шығымының ақшалай мәнде 0,32–0,36%-ға (6,5 мың тоннаға дейін) ұлғаюы жылына шамамен 350 млн теңгені құрады.

Осы «ұшқыштың» табысын ескере отырып, 2021 жылы жүйе АМӨЗ АВТ-3 қондырғысында, ал 2022 жылы – каталитикалық крекинг қондырғысында және бұдан әрі – АМӨЗ басқа қондырғыларында енгізілетін болады. 2022–2023 жылдары ПҚОП-та ТПЖБЖ-ны тираждау жоспарлануда.

3D бас жоспары. МӨЗ-дің инженерлік деректерін басқару жүйесі

«Цифрлық қосарлас» үшін негіз ретінде дәлдігі жоғары МӨЗ-дің цифрлық бас жоспарын құру мақсатында «ҚР МӨЗ-дің цифрлық бас жоспары мен 3D моделін құру» жобасы іске асырылуда.

Жоба мыналарды:

  • барлық объектілерді лазерлік сканерлеуді жүргізуді;
  • МӨЗ-дің барлық техникалық құжаттамасын цифрлауды;
  • нүкте бұлттары негізіндегі зауыттардың сандық 3D моделін құруды;
  • «Цифрлық бас жоспар» бағдарламалық кешенін – инженерлік деректерді сақтауға, оларды талдауға, өңдеуге, көзбен шолып көрсетуге арналған көп функциялы ақпараттық жүйені енгізуді көздейді.

Жоба шеңберінде жеке тұрған цифрлық бас жоспар мен зауыттың 3D моделін енгізу ғана жоспарланып отырған жоқ. Басты мақсат – 3D моделін зауыттың күнделікті бизнес-процестеріне ықпалдастыру. Өнімнің болашақ пайдаланушылары– тек өндірістік активтерді қайта құру бөлімінің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар технологтар, механиктер, жөндеу жоспарлаушылары, сенімділікке жауапты мамандар. Жобаны іске асыру барысында жұмыстардың бастапқы көлемі зауыттардың инженерлік деректерін басқару жүйесін енгізу және ақпараттық стандартты әзірлеу арқылы кеңейтілді. Сондай-ақ, жаңа жүйені қолданыстағы IBM Maximo жөндеу жоспарлау жүйесімен біріктіру қарастырылған.

Цифрлық бас жоспарды енгізу жүйе пайдаланушыларына өндірістік активтер туралы өзекті ақпарат алуға, жобалауға арналған уақыт пен шығындарды қысқартуға, өндірістік қауіпсіздік пен активтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

АМӨЗ және ПМХЗ цифрлық моделі мен бас жоспарын енгізуді аяқтау 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.

Kazakhstan Petrochemical Industries цифрландыру

2018 жылғы шілдеден бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау облысындағы алғашқы Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) газ-химия кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыруда.

Полипропилен өндіру зауыты («KPI» ЖШС) – бұл интеграцияланған газ-химия кешенінің (ИГХК) бірінші кезеңі, оны 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Оның қуатты жыл сайын 500 мың тонна өнімді құрайды. Екінші фаза – полиэтилен өндіру зауыты.

KPI – бұл жаңа өнеркәсіптік объект, сондықтан оны «нөлден бастап» толықтай цифрлық актив ретінде құруға болады.

Көптеген ірі ағынды және химиялық компаниялар (BASF, BP, ADNOC) ұзақ уақыт бойы өз активтерін кезең-кезеңмен цифрландырды. Қазақстанда әзірше толық цифрландырылған кәсіпорындардың мысалдары жоқ. KPI даму – Цифрландыру 4.0. деңгейіне жетуді мақсат етеді. Болашақта базалық автоматтандырылған және цифрлық шешімдерді енгізгеннен кейін Атырау қаласынан зауытты басқару үшін ИГХК процес­терін басқарудың қашықтағы орталығын құру мүмкіндігі қарастырылуда.

KPI цифрландыру екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңнің аяқталу мерзімі – 2021 жылдың 4 тоқсаны (ИГХК іске қосу мерзімімен синхронды). Екінші кезең ИГХК пайдалануға берілгеннен кейін басталады.

Бірінші кезең шеңберінде (ИГХК пайдалануға берілгенге дейін) мынадай элементтер мен жүйелерді енгізу іске асырылады: бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика, аварияға қарсы қорғау жүйесі (АҚЖ), таратылған басқару жүйесі (ТБЖ), жөндеуді жоспарлау жүйесі, LIMS зертханалық ақпараттық жүйесі, MES өндірісті диспетчерлеу жүйесі), өндіріс қызметкерлерін даярлау процесін автоматтандыру (компьютерлік тренажерлер), зауыттың 3D моделі, SAP S4/HANA кешенді енгізу тек базалық модульдерді (ERP) енгізуді ғана емес, сондай-ақ өндірісті жоспарлау жүйесін, өндірістік (MES, LIMS) жүйелерді және жөндеуді жоспарлау жүйесімен, сондай-ақ бірыңғай цифрлық терезені енгізу (бизнес-талдау құралы) іске асырылуда.

SAP S4/HANA енгізу жобасының мәні корпоративтік және өндірістік модульдер бөлігінде SAP жүйесінің KPI-ге соңғы нұсқасын кешенді енгізу болып табылады. Жоба шеңберінде мұнай-химия кәсіпорындары үшін үздік әлемдік практикалар мен халықаралық тәжірибе негізінде барлық бизнес-процестер жобаланған, үздік практикалар мен бенчмаркинг негізінде кәсіпорынның нысаналы ұйымдық құрылымы әзірленген.

Зауыттың ішкі жүйелерімен (MES, LIMS, IBM Maximo, ЭҚЖ) интеграциядан басқа, сыртқы жүйелермен интеграция қарастырылған: ЭШФ, банк-клиент, сатып алу жүйесі zakup.sk.kz.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап SAP ядросының модульдері іске қосылды: FI, TR, CO, MM, SD, HCM. «Бухгалтерия», «сатып алу және жабдықтау», «бақылау» және «персоналды басқару» бағыттары бойынша бизнес операциялар SAP жүйесінде жүргізілуде.

KPI цифрландырудың екінші кезеңі жабдықтың сенімділігін басқару жүйесін (АРМ жүйесі) енгізуді, Advanced process control (APC) жүйесі арқылы жетілдірілген автоматтандыруды енгізуді, SAP S4/HANA модульдері негізінде дамытуды қамтиды.

Цифрлық технологиялар мен шешімдерді енгізу ИГХК бизнесінің тиімділігін арттыруға: жабдықтың тұрып қалуы мен өндірістегі іркілістерді азайтуға, ақау деңгейін төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, операциялық шығыстарды (ағымдағы жөндеулер, шикізат, материалдар, реагенттер, утилиталар шығысы) қысқартуға, оңтайландыру нәтижесінде өнімнің шығуын жақсарту есебінен кірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.