Есеп туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) мүдделі тараптары алдында өз қызметінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Компанияның орнықты дамуына, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілікке деген көзқарасын жыл сайын жариялап отырады.

Компания орнықты даму саласындағы өз қызметі туралы есептілікті дайындауды 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жүргізеді, 2012 жылдан бастап есептілікті жаһандық есептілік бастамасына (Global Reporting Initiative – GRI) сәйкес жариялауда.

Осы Есеп GRI Standards: Core option (негізгі нұсқа) сәйкес дайындалды.

Есепте 2020 күнтізбелік жылдағы ҚМГ және оның еншілес пен тәуелді ұйымдары туралы шоғырландырылған ақпарат берілген (есепте былай деп аталатындар – ҚМГ, Компания, Компаниялар тобы).

Есептің шекаралары дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ қызметін бақылауға құқылы заңды тұлғаларды (бөлімдер бойынша есептілік шекараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы Есепке 1-қосымшада берілген) қамтиды.

Компанияның өндірістік қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижелері Компанияның тиісті Блоктарының ұйымдық қолдауымен Компанияның шоғырландырылған деректерін пайдалана отырып берілді. Осы Есепті дайындау кезінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша жасалған ҚМГ басқарушылық және аудиттелген қаржылық есептілігі пайдаланылды.

Осы Есеп Global Reporting Initiative Sustainability Reporting Standards (GRI Standards,) орнықты даму саласында есептілікті дайындау жөніндегі халықаралық нұсқаулыққа, сондай-ақ GRI Oil and Gas Sector Disclosures мұнай-газ компанияларына арналған салалық қосымшаға сәйкес дайындалды.

Есепті дайындау процесі, маңызды тақырыптарды айқындау және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу туралы толығырақ «Тұрақты дамуды басқару» бөлімінде.

Көрсеткіштер бойынша деректердің салыстырмалылығын және салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат бірнеше жылғы динамикада ұсынылған.

ҚМГ орнықты дамуы туралы есептер ҚМГ веб-сайтында электронды форматта мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді: https://www.kmg.kz/kaz/ustoichivoe_razvitie/reports/.

ҚМГ орнықты дамуы туралы есеп ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және корпоративтік интернет-сайтта жариялау және баспа нұсқасын тарату арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі.

Есептің интерактивті нұсқасы ҚМГ сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған https://www.kmg.kz/kaz/ustoichivoe_razvitie/reports/.

Есеп сыртқы куәландырудан өтті, сонымен қатар GRI Materiality Disclosures Service тексеруінен өтіп, Жаһандық есептілік бастамасының (GRI) түпнұсқалық белгісін алды (3-қосымша).

«Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандартына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Тұрақты даму туралы жыл сайынғы есебін верификациялау жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша Өнім беруші «Эрнст энд Янг-консультациялық қызметтер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.*

* «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандарты.

Адам құқықтары

1-қағидат

Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.

2-қағидат

Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

Еңбек қарым-қатынастары

3-қағидат

Іскерлік топтар бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс.

4-қағидат

Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жою үшін әрекет етуге тиіс.

5-қағидат

Іскерлік топтар балалар еңбегін толық жоюды қолдауы тиіс.

6-қағидат

Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.

Қоршаған орта

7-қағидат

Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс.

8-қағидат

Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.

9-қағидат

Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

10-қағидат

Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.